О кредитовании сельскохозяйственных товаропроизводителей Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.01.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауыл шаруашылығы тауарларын өңдірушілерге несие беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы №38   "2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдарға несие берудің кейбір мәселелері туралы" қаулысы  негізінде, 2004 жылдың   көктемгі егіс және астық жинау жұмыстарын қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында және облыс әкімінің   ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілерге несие беру жөніндегі ұсынысын қарай келе облыстық Мәслихат ШЕШІМ қабылдады:
Тармақ 1
1. Облыс әкіміне төмендегілер ұсынылсын.
Тармақша 1
1) 2004 жылдың облыстық бюджетінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15-қаңтардағы "2004 жылғы көктемгі егіс және астық жинау жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізуге жергілікті бюджеттерден несие алу жөніндегі кейбір мәселелер туралы"» № 38  қаулысының  3-тармағына сәйкес алынатын несие ресурстарының түсуі көзделсін.
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлігімен және Қаржы министрлігімен жоғарыда аталған несиені облыстық бюджетке беру және оның республикалық бюджетке дер кезінде қайтару туралы несиелік шарт жасасын.
Тармақ 2
2. Облыстық бюджетке 2004 жылдың 1-қарашасына дейін қайтару шартымен, кейін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге сыйақының нөлдік ставкасы бойынша жанар-жағар май материалдарын, тұқым, тыңайтқыштар, гербицидтер, ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектер сатып алуға, ауыл шаруашылығы техникасын жалға және сатып алуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге 400 000 000 (төрт жүз млн.) теңге мөлшерінде несие берілетіні ескерілсін.
Тармақ 3
3. Алматы облысы Ауыл шаруашылығы департаменті (Ж.Балтабеков) ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге несие беру жөніндегі ішкі ережелерді әзірлеп, бекітуге ұсынсын.
Тармақ 4
4. Алматы облыстық Қаржы басқармасы (М. Сәтқалиев), Алматы облысының Ауыл шаруашылығы департаментімен (Ж. Балтабеков) бірлесе отырып, алынған несиенің мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсін.