Об утверждении перечня специально отведенных мест для размещения афиш культурных, спортивных и спортивно-массовых мероприятий по городу Тараз Күшін жойған
Басқа 0
Тараз қаласы бойынша мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесін бекіту туралы
«Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-2-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Тараз қаласы бойынша мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мәдени, спорттық ғимараттар мен құрылыстар аумағында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың афишаларын орналастыру үшін «Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен әзірленген конструкциялар эскиздері қолданылсын.
Тармақ 3
3. Тараз қаласының мәдени-тарихи келбетіне кері әсерін тигізбеу мақсатында, мәдени, спорттық ғимараттар мен құрылыстар аумағында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың афишаларын қалалық жолаушылар көлігінің ғимараттарында, қоршауларында, аялдамаларында, жарықтандыру тіректерінде және ағаштарда орналастыруға жол берілмесін.
Тармақ 4
4. «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын-жай коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының әділет органдарына мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының Тараз қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын;
Тармақша 3
3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдауын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өтен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 10. Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі
Тараз қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 22 тамыздағы
№ 3279 қаулысына
қосымша
Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі
№
Афишалар орналастыруға арналған орындар тізбесі
1
Жамбыл даңғылы, «Автобекет» аялдамасының оң жағында
2
Қаныш Сәтпаев көшесі, «Нұралы» базарының негізгі кіре берісіне қарама-қарсы
3
Мамбет батыр көшесі, «Бек» базары аялдамасының сол жағында
4
Мамбет батыр көшесі, 3/7, «Ғани» шағын-маркет ғимаратының сол жағында
5
«Аса» шағын ауданы, 36 «Е», «Сұлтан» базарының негізгі кіре берісіне қарама-қарсы
6
Саңырақ батыр көшесі, «Жібек жолы» базарының негізгі кіре берісіне қарама-қарсы
7
Сыпатай батыр көшесі, «Гранд базар» ғимаратына қарама-қарсы
8
Бауыржан Момышұлы көшесі, «Молочная» аялдамасының сол жағында
9
Бауыржан Момышұлы көшесі, «Самал» аялдамасының сол жағында
10
Қазібек би көшесі, 111, «Евразиялық банк» ғимаратына қарама-қарсы
11
Жамбыл даңғылы, 123, «Каспий банк» ғимаратының сол жағында
12
Төлеби көшесі, 64, «Садыхан облыстық консультациялық-диагностикалық медициналық орталығы» ғимаратына қарама-қарсы
13
«Салтанат» шағынауданы, «Лермонтов» аялдамасының сол жағында
14
Сәкен Сейфулин көшесі, Сәкен Сейфулин аялдамасының сол жағында
15
Желтоқсан көшесі, 71, «М.Х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік Университеті» ғимаратына қарама-қарсы
16
Абай даңғылы, 98, «Қуаныш» сауда орталығы ғимаратына қарама-қарсы
17
Бауыржан Момышұлы көшесі, 2 «Г», «Pasha doner & kebab» жылдам тамақтану орталығына қарама-қарсы
18
Абай даңғылы, 120 «В» «Сбербанк» ғимаратына қарама-қарсы
19
Төле би көшесі, «Март» сауда ойын-сауық орталығы ғимаратына қарама-қарсы
20
«Бәйтерек» шағынауданы, Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, «KORZINKA» супермаркет ғимаратына қарама-қарсы