О территориальной комиссии по борьбе с наркоманией и наркобизнесом в Жарминском районе Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.01.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жарма ауданындағы нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 16 мамырдағы N 394 "2001-2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрес Стратегиясы туралы" Жарлығын жүзеге асыру, мемлекеттiк органдардың, ұйымдар мен қоғамдық бiрлестiктердiң нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрес саласындағы қызметiн үйлестiру мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II Заңының 31 бабы, 1 тармағының 17) тармақшасы негiзiнде Жарма ауданының әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Жарма ауданында нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi аумақтық комиссия құрылсын (N 1 қосымша).
Тармақ 2
2. "Жарма ауданында нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi аумақтық комиссия туралы Ереже" бекiтiлсiн (N 2 қосымша).
Тармақ 3
3. Жарма ауданындағы нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi аумақтық комиссияның дербес құрамы аудандық мәслихаттың кезектi сессиясының бекiтуiне енгiзiлсiн.
Тармақ 4
4. Жарма ауданы әкiмиятының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы N 214 "Жарма ауданында нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi аумақтық комиссия құру туралы" қаулысының күшi жойылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары С.М.Брынзовқа жүктелсiн.
Басқа 6. Жарма ауданында нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi аумақтық комиссияның Құрамы
Жарма ауданы әкiмиятының 2004 жылғы 9 қаңтардағы N 1 қаулысына N 1 қосымша Жарма ауданында нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi аумақтық комиссияның Құрамы Брынзов Сергей Михайлович аудан әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы Қасенов Бауыржан Айтқазыұлы аудандық iшкi iстер бөлiмi бастығының орынбасары Балтабаев Қыдыр Рауаянұлы аудандық бiлiм бөлiмiнiң меңгерушiсi ¤збеков Асқар Нұроллаұлы аудандық денсаулық сақтау бөлiмiнiң меңгерушiсi Нұрғалиев Ербол Жолдасбекұлы iшкi саясат және әлеуметтiк сала бөлiмiнiң меңгерушiсi Жармұхаметов Мұстафа Kазетайұлы аудандық орталық аурухананың дәрiгер-наркологы, комиссия хатшысы Ахметуллин Мақсұтбек  Тұрысбекұлы Шар қаласының әкiмi Ташмұхаметов Уалхан Базыкенұлы Георгиевка селолық округiнiң әкiмi Сүлейменова Жанар Серiкқазықызы Шалабай ауылындағы Крупская атындағы орта мектептiң мұғалiмi Жарма ауданы әкiмi аппаратының басшысы
Басқа 7. Жарма ауданында нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi аумақтық комиссия туралы Ереже
Жарма ауданы әкiмиятының 2004 жылғы 9 қаңтардағы N 1 қаулысына N 2 қосымша Жарма ауданында нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi аумақтық комиссия туралы Ереже Комиссия қызметiнiң негiзгi мақсаты Жарма ауданында нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрес Стратегиясын, мемлекеттiк және аумақтық бағдарламаларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету болып табылады.
Тарау i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi аумақтық комиссия қолданыстағы заңнама бойынша аудан әкiмiне берiлген өкiлеттiктердi пайдалана отырып, мемлекеттiк органдардың, ұйымдар мен қоғамдық бiрлестiктердiң нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрес саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыруға бағытталған қызметiн үйлестiретiн консультативтi-кеңесшi орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметiн Конституцияға, қолданыстағы заңнамаға, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 16 мамырдағы N 394 Жарлығымен бекiтiлген, 2001-2005 жылдарға арналған нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi Стратегияға, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүргiзедi.
Тармақ 3
3. Комиссия өз құзыретi шегiнде қаралатын мәселелердiң сипаты мен мазмұнына қатысты комиссияның хаттамасымен не әкiмнiң шешiмiнен немесе өкiмiмен ресiмделетiн, аудан аумағында мiндеттi күшi болатын қорытындылар бередi, ұсыныстар әзiрлейдi.
Тармақ 4
4. Комиссия қызметiнiң материалдық-техникалық және қаржылай қамтамасыз етiлуi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Комиссия аудан әкiмiнiң орынбасары болып табылатын төрағадан, хатшы мен комиссия мүшелерiнен құралады. Лауазымына қарай денсаулық сақтау, бiлiм бөлiмдерiнiң басшылары, құқық қорғау органдарының өкiлдерi және басқа лауазымды тұлғалар комиссия мүшелерi бола алады.
Тарау ii. II. Комиссияның ұйымдастырылуы
II. Комиссияның ұйымдастырылуы
Тармақ 6
6. Комиссияның құрамы және құрылымы аудан әкiмi тарапынан бекiтiледi.
Тармақ 7
7. Комиссия өз құрамында қосымша комиссиялар, кеңестер және т.б. ұйымдастыра алады.
Тармақ 8
8. Комиссия жұмысы алқалы және жария түрде болуы тиiс.
Тармақ 9
9. Комиссия мемлекеттiк органдар, ұйымдар және қоғамдық бiрлестiктермен арадағы қызметiн Ережеде көрсетiлген негiзгi мiндеттер мен функциялардың мазмұнына және нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi аумақтық бағдарламада көзделген шаралардың негiзгi тiзбесi негiзiнде үйлестiредi.
Тармақ 10
10. Комиссия өзiнiң кезектi мәжiлiстерiн тоқсанына бiр рет өткiзедi. Кезектен тыс мәжiлiстер аудан әкiмiнiң, комиссия төрағасының немесе жалпы комиссия мүшелерiнiң жартысынан көбiнiң бастамасы бойынша шақырылады.
Тармақ 11
11. Комиссия төрағасы: комиссияның қызметiн ұйымдастыруды қамтамасыз етедi және оның қызметiне басшылық жасайды; комиссия құзыретiне жататын мәселелер бойынша мемлекеттiк және басқа органдармен, қоғамдық ұйымдармен және азаматтармен өзара әрекет жасайды; комиссия жұмысы жайында есеп бередi; аудан әкiмiне осы Ереженi жетiлдiру және аумақтық бағдарламаға өзгерiстер енгiзу жөнiнде ұсыныстар жасайды; осы Ережеде, аудан әкiмiнiң шешiмi мен тапсырмаларында көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады. Комиссия мүшелерi: комиссияда олардың құзыретiне жататын мәселелердi қарау кезiнде кеңесшi дауыс құқығына не болады; комиссия қабылдаған шешiммен келiспеген жағдайда өзiнiң ерекше пiкiрiн бiлдiруге құқылы, бұл ауызша немесе жазбаша түрде аудан әкiмiнiң назарына жеткiзiледi; комиссия төрағасының тапсырмаларын орындауға мiндеттi; төрағаның тапсырмасы бойынша мемлекеттiк органдардың, ұйымдар мен қоғамдық бiрлестiктердiң басшы органдарының кеңестерi мен мәжiлiстерiне қатыса алады.
Тарау iii. III. Негiзгi мiндеттерi мен функциялары
III. Негiзгi мiндеттерi мен функциялары
Тармақ 12
12. Комиссия:
Тармақша 1
1) нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi аумақтық бағдарламаны әзiрлеп, оны әрi қарай мәслихатта бекiту үшiн аудан әкiмiне жолдайды;
Тармақша 2
2) нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi аумақтық бағдарламаның тиiстi деңгейде және уақытында орындалуын, сондай-ақ аудан аумағында жалпы-мемлекеттiк Стратегия мен мемлекеттiк бағдарламада көздеген шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етедi;
Тармақша 3
3) аудан аумағында есiрткi құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз таралуына байланысты жағдайды, қылмыстың динамикасын, құрылымы мен деңгейiн талдайды және нашақорлыққа қарсы саясатты, оның iшiнде есiрткi құралдары мен психотропты заттарды пайдалануды азайтуға байланысты ұсыныстар енгiзедi;
Тармақша 4
4) есiрткi құралдары мен психотропты заттарды қолдануға байланысты құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау жөнiнде кешендi шаралар жүйесiн әзiрлеп, ұйымдастыру мен жүзеге асыруға қатысады;
Тармақша 5
5) құқық қорғау органдарымен бiрге есiрткi құралдары мен психотропты заттарды заңсыз дайындау, тарату және пайдалануға бағытталған профилактикалық шаралардың жүзеге асуын ұйымдастырады, сондай-ақ жергiлiктi жерлерде денсаулық сақтау органдарында есепке қойылған наркотәуелдi адамдарды оңалту проблемаларын шешуге ықпал етедi;
Тармақша 6
6) тұрғындар арасында, бiрiншi кезекте жасөспiрiмдер мен жастар арасында нашақорлыққа қарсы идеология жүйесiн жасау мен жүзеге асыру және салауатты өмiр салтын насихаттау мақсатында мәдениет пен адамгершiлiктi қалыптастыру саласында әрекет ететiн ғылым мен бiлiм беру мекемелерiмен, қоғамдық бiрлестiктермен, денсаулық сақтау, мәдениет органдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
Тармақша 7
7) нәтижелерiн аумақтық бағдарламаны және із қызметiн жетiлдiруге пайдалану мақсатында нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрес проблемаларын зерттеудi ұйымдастырады.
Тармақ 13
13. Комиссия төмендегiлерге құқылы:
Тармақша 1
1) өз құзыретi шегiнде барлық мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан, лауазымды тұлғалар мен қоғамдық бiрлестiктерден стратегияны, мемлекеттiк және аумақтық бағдарламаны жүзеге асыру туралы хабарлама сұрауға және алуға;
Тармақша 2
2) нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрес саясатын жүзеге асыру жөнiндегi қызметке қатысатын мемлекеттiк органдардың, ұйымдар мен қоғамдық бiрлестiктердiң ұйымдастырылуы мен қызметiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
Тармақша 3
3) аудан әкiмi мен мәслихат сессиясының қарауына нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрес саласында неғұрлым өзектi және ауқымды қоғамдық пiкiр тудырған мәселелердi енгiзуге;
Тармақша 4
4) мемлекеттiк органдардың, ұйымдар мен қоғамдық бiрлестiктердiң лауазымды тұлғаларының баяндамалары мен есептерiн тыңдауға.
Тармақ 14
14. Комиссия мiндеттi:
Тармақша 1
1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес із құзыретiне жататын мәселелер бойынша функцияларды жүзеге асыру кезiнде үйлестiрушi мемлекеттiк органдардың қызметiндегi дербестiктiң сақталуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) аудан әкiмi мен мәслихат алдында комиссия қызметi, аудандағы нашақорлық ахуалы және оны жақсарту шаралары туралы есеп беруге. Жарма ауданы әкiмi аппаратының басшысы