Об утверждении Правил кредитования проектов в сфере агропромышленного комплекса Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 94-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 49-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Стратегиалық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық стратистика бюросы «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 0. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидалары
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі 2023 жылғы 31 тамыздағы № 322 бұйрығымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 94-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 49-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі – АӨК) саласындағы жобаларына кредит беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілері (бұдан әрі – үміткер) – агроөнеркәсіптік кешенде қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
Тармақша 1-1
1-1) мал базары – ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алу-сатуды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға арналған, оларды күтіп-бағуға, қарап-тексеруге және ветеринариялық бақылауға қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін мамандандырылған стационарлық алаң;
Тармақша 2
2) сенім білдірілген өкіл (агент) – тапсырма шарты негізінде кредитордың (сенімгердің) немесе бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атынан және есебінен және оның нұсқауларына сәйкес бюджеттік кредит беруге байланысты белгілі бір тапсырмалар жасайтын тұлға.
Тарау 2. 2-тарау. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру тәртібі
2-тарау. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру тәртібі
Тармақ 3
3. Кредиттер республикалық бюджет және/немесе жергілікті бюджет қаражатынан АӨК саласындағы жаңа жобаларды құру немесе қолданыстағы жобаларды кеңейту үшін үміткерлерге беріледі.
Тармақ 4
4. АӨК саласындағы жобаларды іске асыруға берілетін кредиттер сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы беріледі.
Тармақ 5
5. Сенім білдірілген өкілді (агентті) ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес айқындайды.
Тармақ 6
6. АӨК саласындағы жобаларға кредит беру мақсатында кредитор, бюджеттік бағдарлама әкімшісі және қарыз алушы арасында жасалатын кредиттік шарт негізінде жергілікті атқарушы органға қайтарымдылық, қамтамасыз етілу, мерзімділік және ақылылық қағидаттарымен республикалық бюджеттен бюджеттік кредит мынадай шарттармен беріледі:
Тармақша 1
1) 1 (бір) процент жылдық сыйақы мөлшерлемесімен 10 (он) жылға;
Тармақша 2
2) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты – АӨК саласындағы жаңа жобаларды құруға немесе қолданыстағыларды кеңейтуге бағытталған мынадай жобаларды іске асыру: тауарлық сүт фермалары (қуаты 400 бастан бастап); етті бағыттағы құс фабрикалары (жылына 5000 тонна құс етінен бастап); етті мал шаруашылығы кәсіпорындары (5000 бастан бастап); бордақылау алаңдары (5000 бастан бастап); ет өңдеу кәсіпорындары (қуаттылығы сағатына 8 шартты бастан басталатын); сыйымдылығы 10000 ауыл шаруашылығы жануарлары басынан басталатын мал базарлары; көкөніс сақтау қоймалары (1000 тоннадан бастап); жеміс сақтау қоймалары (1000 тоннадан бастап); өнеркәсіптік жылыжай шаруашылықтары; жүн мен теріні қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, сондай-ақ құрамажем өндіру кәсіпорындары; өндірістік қуаттылығы жылына 25 тонна болатын аквашаруашылық объектілерін өсіру шаруашылықтары; құс шаруашылығындағы асыл тұқымдық репродукторлар; қазіргі заманғы су үнемдеу технологияларын (шашыратып, тамшылатып суару) пайдалана отырып, суармалы егіншілік (картоп пен көкөністер, азық өндірісі); қой өсіру фермалары (5000 бастан бастап); қуаты жылына 80 миллион дана жұмыртқадан басталатын жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасы; мал шаруашылығы өнімдерін өңдейтін сою пунктері;
Тармақша 3
3) 24 (жиырма төрт) айдан аспайтын мерзімге негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең;
Тармақша 4
4) бюджеттік кредитті игеру кезеңі 18 (он сегіз) айды құрайды және бюджеттік кредит жергілікті атқарушы органға аударылған сәттен бастап есептеледі;
Тармақша 5
5) кредитор, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі және қарыз алушы арасында жасалатын кредиттік шарттың қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге бағдарлама үміткерлерінің қайтарылған қаражаты есебінен кредиттер беруге жол беріледі. Осы ережелердi iске асыру мақсатында бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi тиiстi бюджет бекiтiлгеннен кейiн кредитордың бюджеттiк кредит бойынша негiзгi шарттар мен қарыз алушылардың санаты туралы шешiмiнiң жобасын бекiтуге енгiзедi. Кредиттік қаражатты пайдалану ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға, сондай-ақ айналым қаражатын сатып алуға, оның ішінде ауыл шаруашылығы жануарларын бордақылауға алуға (сатып алуға) қолданылмайды.
Тармақ 6-1
6-1. АӨК саласындағы жаңа жобаларды құру және (немесе) қолданыстағыларды кеңейтуге үміткерлерге жергілікті бюджет қаражаты есебінен бюджеттік кредит берілген жағдайда, жергілікті атқарушы органдар АӨК саласындағы жобаларға кредит берудің басым бағыттарын өңірлердің қажеттілігі мен орындылығына байланысты өз бетінше айқындайды. Бұл ретте АӨК саласындағы жобаларды жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырудың орындылығы осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес айқындалады. Жергілікті бюджеттен қаражат қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттары негізінде бюджеттік кредит түрінде мынадай шарттармен беріледі:
Тармақша 1
1) жылдық 1 (бір) процент сыйақы мөлшерлемесімен 10 (он) жылға;
Тармақша 2
2) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты – АӨК саласындағы жаңа жобаларды құруға немесе қолданыстағыларды кеңейтуге бағытталған АӨК саласындағы жобаларды іске асыру;
Тармақша 3
3) негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең - 24 (жиырма төрт) айдан аспайтын мерзім;
Тармақша 4
4) бюджеттік кредитті игеру кезеңі 18 (он сегіз) айды құрайды және бюджеттік кредит жергілікті атқарушы органға аударылған сәттен бастап есептеледі;
Тармақша 5
5) кредитор, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі және қарыз алушы арасында жасалатын кредиттік шарттың қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге бағдарлама үміткерлерінің қайтарылған қаражаты есебінен кредиттер беруге жол беріледі. Осы ережелердi iске асыру мақсатында бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi тиiстi бюджет бекiтiлгеннен кейiн кредитордың жергілікті бюджет қаражаты есебінен бюджеттiк кредит бойынша негiзгi шарттар мен қарыз алушылардың санаты туралы шешiмнiң жобасын бекiтуге енгiзедi.
Тармақ 7
7. Жергілікті атқарушы органдар бюджеттік кредит қаражатын Қазақстан Республикасының бюджет және азаматтық заңнамасына сәйкес сенім білдірілген өкілге (агентке) тапсырма шарты бойынша береді.
Тармақ 8
8. Жергілікті атқарушы орган сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы үміткерлерге мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу, нысаналы пайдалану қағидаттарын сақтай отырып, мынадай шарттармен республикалық бюджет қаражаты есебінен кредиттер береді:
Тармақша 1
1) кредит мерзімі – 10 (он) жылға дейін;
Тармақша 2
2) бір жобаға арналған кредиттің ең жоғары сомасы – 5 (бес) миллиард теңгеден аспайды;
Тармақша 3
3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 (екі жарым) процент;
Тармақша 4
4) кредиттің нысаналы мақсаты – АӨК саласындағы жаңа жобаларды құруға немесе қолданыстағыларды кеңейтуге бағытталған мынадай жобаларды іске асыру: тауарлық сүт фермалары (қуаты 400 бастан бастап); етті бағыттағы құс фабрикалары (жылына 5000 тонна құс етінен бастап); етті мал шаруашылығы кәсіпорындары (5000 бастан бастап); бордақылау алаңдары (5000 бастан бастап); ет өңдеу кәсіпорындары (қуаттылығы сағатына 8 шартты бастан басталатын); сыйымдылығы 10000 ауыл шаруашылығы жануарлары басынан басталатын мал базарлары; көкөніс сақтау қоймалары (1000 тоннадан бастап); жеміс сақтау қоймалары (1000 тоннадан бастап); өнеркәсіптік жылыжай шаруашылықтары; жүн мен теріні қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, сондай-ақ құрамажем өндіру кәсіпорындары; өндірістік қуаттылығы жылына 25 тонна болатын аквашаруашылық объектілерін өсіру жөніндегі шаруашылықтар; құс шаруашылығындағы асыл тұқымдық репродукторлар; қазіргі заманғы су үнемдеу технологияларын (шашыратып, тамшылатып суару) пайдалана отырып, суармалы егіншілік (картоп пен көкөністер, азық өндірісі); қой өсіру фермалары (5000 бастан басталатын); қуаты жылына 80 миллион дана жұмыртқадан басталатын жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасы; мал шаруашылығы өнімдерін өңдейтін сою пунктері;
Тармақша 5
5) кепілмен қамтамасыз етудің болуы;
Тармақша 6
6) негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдікті кезең 24 (жиырма төрт) айдан аспайды;
Тармақша 7
7) кредитор, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі және қарыз алушы арасында жасалатын кредиттік шарттың қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге бағдарлама үміткерлерінің қайтарылған қаражаты есебінен кредиттер беруге жол беріледі. Өтінімдерді қабылдау тәсілдері, кредиттерді беру және қамтамасыз ету өлшемшарттары, үміткерлердің санаттары, қоса қаржыландыру мөлшері, сондай-ақ кредит алу үшін құжаттар тізбесі жергілікті атқарушы орган мен сенім білдірілген өкіл (агент) арасында жасалған тапсырма шартында көрсетіледі. Кредиттік қаражатты пайдалану ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға, сондай-ақ айналым қаражатын сатып алуға, оның ішінде ауыл шаруашылығы жануарларын бордақылауға алуға (сатып алуға) қолданылмайды.
Тармақ 9
9. Өтініш берушілер құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде сенім білдірген өкілге (агентке) береді.
Тармақ 10
10. Кредит алуға үміткер ұсынған құжаттардың мазмұны мен мәліметтерді сенім білдірілген өкілдің (агенттің) тексеру мерзімі барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнін құрайды. Құжаттар мен олардағы мәліметтер кредит беру шарттарына сәйкес келмеген жағдайда, сенім білдірілген өкіл (агент) қайтару себептерін көрсете отырып, кредит алуға арналған құжаттар топтамасын қайтарады.
Тармақ 11
11. Сенім білдірілген өкіл (агент) өтініш тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде барлық қажетті құжаттармен бірге және олардың кредит беру шарттарына сәйкес келген кезде ұсынылған АӨК саласындағы жобаға бағалау жүргізеді. АӨК саласындағы жобаны бағалағаннан кейін сенім білдірілген өкіл (агент) 3 (үш) жұмыс күні ішінде бағалау нәтижелерін қоса бере отырып, оң қорытындылар алған үміткерлердің құжаттарын АӨК саласындағы жобаларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына шығару үшін жергілікті атқарушы органға жібереді.
Тармақ 12
12. Сенім білдірілген өкіл (агент) үміткерлердің кредит бойынша шарттың міндеттемелерін бұзуы себебінен алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, үміткерлердің кредитіне байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды, бұл ретте мұндай комиссиялардың, алымдардың және/немесе өзге де төлемдердің мөлшері кредиттік шартта белгіленеді. Сенім білдірілген өкілге (агентке) тапсырма шартын орындағаны үшін сыйақы төлеуді жергілікті атқарушы орган жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) тапсырмаларды орындағаны үшін сыйақы төлеу мөлшерін жергілікті атқарушы орган айқындайды және тапсырма шартында белгіленеді.
Тарау 3. 3-тарау. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларды іріктеу өлшемшарттары
3-тарау. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларды іріктеу өлшемшарттары
Тармақ 13
13. АӨК саласындағы жобаларды іріктеудің негізгі өлшемшарттары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының импортын алмастыруды ескере отырып, салалық орындылығы;
Тармақша 2
2) өңір тұрғындарын сапалы және қолжетімді тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) уақытша және тұрақты жұмыс орындарын құру;
Тармақша 4
4) үміткердің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және (немесе) өңдеу саласында кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы не кәсіпорын басшысының ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және (немесе) өңдеу саласында кемінде 5 (бес) жыл еңбек өтілінің болуы;
Тармақша 5
5) кредиттік есеппен расталған кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешектің 90 (тоқсан) күннен артық болмауы;
Тармақша 6
6) үміткерде берік азықтық базаны қалыптастыру, ауыл шаруашылығы техникасы паркін материалдық-техникалық жарақтандыру үшін ауыл шаруашылығы алқаптарының қажетті алаңының болуы;
Тармақша 7
7) үміткерде салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы;
Тармақша 8
8) «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес таратылу, банкроттық, оңалту рәсімдерінің, сондай-ақ қызметінің тоқтатылуының болмауы;
Тармақша 9
9) қарыз алушы тарапынан жобаның жалпы сомасының кемінде 10%-і мөлшерінде бюджеттік кредит қаражатына қатысы жоқ, тиісті құжаттармен расталған қоса қаржыландыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 10
10) кредит сомасының кемінде 30%-і Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ресімделген, меншік құқығы мен кепіл мүлкінің бағалау құнын растайтын құжаттары бар анық кепілмен қамтамасыз ету;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінің 14-тарауына сәйкес жобаның оң сараптамасының болуы (жобаға сараптама алу көзделген жобалар бойынша).
Тармақ 14
14. АӨК саласындағы жобаларды іріктеуге арналған комиссия жергілікті атқарушы органдардың, оның ішінде аудандық (қалалық) деңгейдегі ауыл және балық шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, оның ішінде аудандық (қалалық) деңгейдегі мәслихат депутаттарының, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктердің, ғылыми-білім беру мекемелерінің өкілдерінен, бизнес, өңірлік бұқаралық ақпарат өкілдерінен, салалық сарапшылардан құрамы кемінде 7 адам болып облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімінің шешімімен құрылады. Комиссия төрағасы мен төрағаның орынбасары Комиссия мүшелерінің арасынан Комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен сайланады. Комиссия хатшысы Жұмыс органының қызметкерлері қатарынан айқындалады. Комиссия хатшысы оның мүшесі болып табылмайды. Комиссия хатшысы Комиссия отырысын ұйымдастыруды жүзеге асырады, төрағамен келісу бойынша, отырыстың өткізілетін орнын, күнін және уақытын айқындайды, Комиссия мүшелеріне алдағы отырыс туралы хабарлайды, Комиссия мүшелеріне отырысты өткізу үшін қажетті материалдарды ұсынады.
Тармақ 15
15. Комиссия отырысы жергілікті уәкілетті органда сақтауға жататын аудио, бейнежазбалардың техникалық құралдарының көмегімен тіркеледі. Жұмыстың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін Комиссия отырысына байқаушылар шақырылады. Байқаушылар ретінде Комиссия отырысына Қазақстан Республикасы азаматтарының және бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық ұйымдар мен саяси партиялар өкілдерінің, барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының және басқа да мемлекеттік органдардың қатысуына жол беріледі. Талқылау барысы мен Комиссия қабылдаған шешім еркін нысанда хаттама түрінде ресімделеді, оған конкурстық Комиссияның төрағасы мен мүшелері, сондай-ақ хаттамалауды жүзеге асыратын хатшы қол қояды. Комиссия отырысы, егер оған оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Комиссия мүшесі, егер оның тікелей немесе жанама мүдделілігі болса отырысқа қатыспайды және қарсылық білдіреді (өздігінен бас тартуға). Өздігінен бас тарту және қарсылық білдіру негізделеді және отырыс басталғанға дейін де, Комиссия отырысы барысында да мәлімделеді. Комиссия мүшесінің өздігінен бас тартуы (қарсылық білдіруі) туралы шешімді Комиссия отырыстарға қатысатын мүшелерінің көпшілік даусымен жазбаша нысанда қабылдайды және Комиссия мүшесінің қатысуымен жария етіледі.
Тармақ 16
16. АӨК саласындағы жобамен іріктелген үміткер кредит беру үшін жергілікті атқарушы органмен және сенім білдірілген өкілмен (агентпен) қарыз шартына кепіл шартына қол қояды, кепіл шартын уәкілетті органда тіркегеннен кейін сенім білдірілген өкіл (агент) 5 (бес) жұмыс күні ішінде кредит сомасын оның ағымдағы шотына аударады.
Тармақ 17
17. Кредиттің нысаналы пайдаланылу мониторингін бақылауды жергілікті атқарушы орган сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы қол қойылған қарыз шартының талаптарымен жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Сенім білдірілген өкіл (агент) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10 (оныншы) күніне дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша кредиттердің нысаналы пайдаланылуы туралы есеп береді. Жергілікті атқарушы орган ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15 (он бесінші) күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне кредиттердің нысаналы пайдаланылуы туралы есепті осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынады
Басқа 0
Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидаларына қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Ұсынылады: облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органына (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган), Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № 3-КНПЕ нысан Кезеңділік: ай сайын Есепті кезең: 20 ____ жылғы ___________ айы Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: сенім білдірілген өкіл (агент), жергілікті атқарушы орган Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: сенім білдірілген өкіл (агент) жергілікті атқарушы органға ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне (оныншы) дейінгі мерзімде; жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне (он бесінші) дейінгі мерзімде. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі Жинау әдісі: электрондық түрде Р/с № Облыс Әкімшілік аумақтық объектілердің жіктеуішіне сәйкес коды Іске асыру орны (аудан) Мекен-жайдың тіркелім коды Жобаның атауы Қарыз алушының атауы Қарыз алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес-сәйкестендіру нөмірі 1 2 3 4 5 6 7 8 кестенің жалғасы Жо­ба­ның жал­пы құ­ны (тең­ге) Кре­дит бе­ру кү­ні Кре­дит бе­ру мер­зі­мі, ай­лар Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен және (неме­се) жер­гі­лік­ті бюд­жет­тен кре­дит со­ма­сы (тең­ге) Бюд­жет­тік кре­дит қа­ра­жа­ты есе­бі­нен қар­жы­лан­ды­ру Жо­ба­ның ба­ғы­ты Жа­ңажо­ба­ны құ­ру­ға/ қол­да­ны­с­та­ғы­лар­ды ке­ңей­ту­ге ба­ғыт­тал­ған Ин­ве­стор­дың қо­са қар­жы­лан­ды­ру со­ма­сы (өз қа­ра­жа­ты) (тең­ге) Қу­ат­ты­лы­ғы (жы­лы­на тон­на, су­а­ру бой­ын­ша – ала­ңы гек­тар­мен) ата­уы (құ­ры­лыс- мон­таж­дау жұ­мыста­ры, негіз­гі құ­рал­дар са­тып алу) со­ма­сы, тең­ге 9 10 11 12 13 14 15 16 17 кестенің жалғасы Өндірілген дайын өнімнің көлемі (кезең үшін) Құрылған тұрақты жұмыс орындарының саны Уақытша құрылған жұмыс орындарының саны Жобаның мәртебесі (пайдалануға берілген/берілмеген) 18 19 20 21 Атауы ______________________________________________________________ Мекенжайы _________________________________________________________ Телефоны ___________________________________________________________ Электрондық почта мекенжайы ________________________________________ Орындаушы _________________________________________________________ аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, электрондық цифрлық қолтаңбасы Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ____________________________________________________________________ аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, электрондық цифрлық қолтаңбасы Ескерту: «Кредиттердің нысаналы пайдаланылуы туралы есеп» әкімшілік деректерін өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
Басқа 1
«Кредиттердің нысаналы пайдаланылуы туралы есеп» әкімшілік деректерін өтеусіз негізде жинауға арналған нысанға қосымша
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме «Кредиттердің нысаналы пайдаланылуы туралы есеп» әкімшілік деректерін өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысанға орындаушы мен басшы не оның міндетін атқарушы адам тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, қол қояды.
Тармақ 3
3. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 4
4. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Нысанның 2-бағанында облыстың атауы көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Нысанның 3-бағанында әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішіне сәйкес коды көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Нысанның 4-бағанында іске асыру орны (аудан) көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Нысанның 5-бағанында мекенжайдың тіркелім коды көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Нысанның 6-бағанында жобаның атауы көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Нысанның 7-бағанында қарыз алушының атауы көрсетіледі.
Тармақ 11
11. Нысанның 8-бағанында қарыз алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Нысанның 9-бағанында жобаның жалпы құны (теңге) көрсетіледі.
Тармақ 13
13. Нысанның 10-бағанында кредит беру күні көрсетіледі.
Тармақ 14
14. Нысанның 11-бағанында кредит беру мерзімі (айлар) көрсетіледі.
Тармақ 15
15. Нысанның 12-бағанында республикалық бюджеттен және/немесе жергілікті бюджеттен берілетін кредит сомасы (теңге) көрсетіледі.
Тармақ 16
16. Нысанның 13-бағанында атауы (құрылыс-монтаждау жұмыстары, негізгі құралдарды сатып алу) және бюджеттік кредит қаражаты есебінен қаржыландыру сомасы көрсетіледі.
Тармақ 17
17. Нысанның 14-бағанында жобаның бағыты көрсетіледі.
Тармақ 18
18. Нысанның 15-бағанында жаңа жобаны құруға және (немесе) қолданыстағыны кеңейтуге бағытталған жоба көрсетіледі.
Тармақ 19
19. Нысанның 16-бағанында инвестордың қоса қаржыландыруға бағытталған сомасы (өз қаражаты) (теңге) көрсетіледі.
Тармақ 20
20. Нысанның 17-бағанында қуаттылығы (жылына тонна, суару бойынша – алаңы гектармен) көрсетіледі.
Тармақ 21
21. Нысанның 18-бағанында өндірілген дайын өнімнің көлемі (кезең үшін) көрсетіледі.
Тармақ 22
22. Нысанның 19-бағанында құрылған тұрақты жұмыс орындарының саны көрсетіледі.
Тармақ 23
23. Нысанның 20-бағанында уақытша құрылған жұмыс орындарының саны көрсетіледі.
Тармақ 24
24. Нысанның 21-бағанында жобаның мәртебесі (пайдалануға берілген/берілмеген) көрсетіледі.