О некоторых вопросах государственной собственности Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 152-бабының 3-тармағына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) құрылсын.
Тармақ 2
2. Мыналар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті кәсіпорынға және осы қаулыға қосымшада көрсетілген республикалық мемлекеттік мекемелерге қатысты тиісті саланың уәкілетті органы болып;
Тармақша 2
2) кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы экономикалық бағалауын қамтитын жерлердің сапасын есепке алу және жерлердің мониторингін жүргізу, топырақтық, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеп-қараулар және топыраққа бонитирлеу жүргізу болып айқындалсын.
Тармақ 3
3. Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) кәсіпорын жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынуды;
Тармақша 2
2) кәсіпорынды тіркеуші органдарда мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 3
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде: Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын: «4-1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.»; Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі мынадай редакцияда жазылсын: «Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия» республикалық мемлекеттік мекемесі. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» республикалық мемлекеттік мекемесі. 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық өсімдіктер карантині орталығы» мемлекеттік мекемесі. 4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі. 5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Агрохимия қызметі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі. 6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Аймақтық гидрогеологиялық-мелиоративтік орталық» республикалық мемлекеттік мекемесі. 7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы» республикалық мемлекеттік мекемесі. 8. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Қызылорда гидрогеологиялық- мелиоративтік экспедициясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.».
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті тиісті саланың уәкілетті органы болып айқындалған республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2023 жылғы « » № қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті тиісті саланың уәкілетті органы болып айқындалған республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі
Тармақ 1
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Аймақтық гидрогеологиялық-мелиоративтік орталық» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Қызылорда гидрогеологиялық- мелиоративтік экспедициясы» республикалық мемлекеттік мекемесі. __________________