О проведении конкурсов природопользователей Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.01.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Табиғат пайдаланушылар конкурсын өткізу туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында балық және басқа су жануарларын аулау ережесін бекіту туралы" 1996 жылғы 4 желтоқсандағы N 1480, "Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындарында балық кәсіпшілігі учаскелерін бекітіп беру және балық пен басқа да су жануарларын аулаудың лимиттерін бөлу жөніндегі жекелеген мәселелер" 2000 жылғы 3 ақпандағы N 158 қаулыларына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс ішіндегі су айдындары мен олардың жеке учаскелерін бекіту, балық және басқа да су жануарларын аулаудың шекті мөлшері мен квотасын бөлу үшін 1 қосымшаға сәйкес комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
Тармақ 2
2. Комиссия заңнамаларда белгіленген тәртіпте балық шаруашылығы су айдындарын бекіту және табиғат пайдаланушыларға Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген шекті мөлшер көлемінде кәсіптік балық аулау құқығын беру бойынша жыл сайын конкурс ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Аудандардың, ауылдық (селолық) округтердің әкімдері, балық қорларын қорғауға және балық аулауды реттеуге өкілетті органдар, аңшылар мен балықшылар қоғамы жергілікті тұрғындардың бөлінген балық қорын пайдалануды және олардың жұмыспен қамтылуын жақсарту мақсатында конкурстардың мерзімі мен өткізу тәртібі туралы тұрғындардың жан-жақты хабардар болуын ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Облыс әкімдігінің 2 қосымшаға сәйкесті қаулылары күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Қ. Есенғалиевке жүктелсін.
Басқа 6. Балық аулауды бөлу және су айдындарын бекіту туралы конкурстық комиссия құрамы
Облыс әкімдігінің 2004 жылғы 19 қаңтар N 14 қаулысына 1 қосымша Балық аулауды бөлу және су айдындарын бекіту туралы конкурстық комиссия құрамы Әлпейісов Қадыр Бақтығалиұлы - Батыс Қазақстан облыстық балық қорларын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі инспекцияның бастығы, комиссия төрағасы Есімов Қуанышқали Сергейұлы - облыс әкімі аппаратының бас инспекторы, комиссия төрағасының орынбасары Оразғалиев Марат Нұржанұлы - облыстық аймақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасының бастығы Суханов Ыбырай Әдиетұлы - Батыс Қазақстан облысы бойынша Батыс аймақтық балық инспекциясы басқармасының мемлекеттік балық инспекторы Чалусов Юрий Георгиевич - Батыс Қазақстан облысы бойынша аңшылар мен балықшылар қоғамының төрағасы Хон Владимир Николаевич - облыстық қоршаған ортаны қорғау аймақтық басқарманың бөлім бастығы Вологина Алина Григорьевна - Батыс Қазақстан облыстық балық қорларын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі инспекцияның маман-ихтиологы
Басқа 7
Облыс әкімдігінің 2004 жылғы 19 қаңтар N 14 қаулысына 2 қосымша Облыс әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулылары
Тармақ 1
1. 2002 жылғы 14 наурыздағы N 52 "Табиғат пайдаланушылар конкурсын өткізу туралы" (тіркеу N 1363).
Тармақ 2
2. "Облыс әкімдігінің 2002 жылғы 14 наурыздағы N 52 "Табиғат пайдаланушылар конкурсын өткізу туралы" (тіркеу N 1363) қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 18 сәуірдегі N 90 (тіркеу N 2098).