Об установлении дифференцируемого тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городском (сельском) сообщениях Күшін жойған
Басқа 0
Жолаушылар мен багажды қалалық (ауылдық) қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифтi белгiлеу туралы
«Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 19-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 50-бабына сәйкес Қызылорда қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Жолаушылар мен багажды қалалық (ауылдық) қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тариф келесi мөлшерде белгiленсiн:
жол ақысын ұялы байланыс операторының көрсетiлетiн қызметтерi арқылы немесе электрондық жол жүру картасы арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезiнде - 85 (сексен бес) теңге;
жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезiнде - 130 (жүз отыз) теңге.
Тармақ 2
2. «Жолаушылар мен багажды қалалық (ауылдық) қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы» Қызылорда қаласы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 09 желтоқсандағы № 16879 қаулысының (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 7888 нөмірімен тiркелген) күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.