О компенсации расходов за питание детей дошкольного возраста из семей социально уязвимых слоев населения в дошкольных организациях Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мектепке дейінгі ұйымдарда халықтың әлеуметтік осал топтарындағы отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларды тамақтандыруға кететін шығындарды өтеу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Білім туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, мамандандырылған, арнаулы білім, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алматы қаласының мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиеленушілердің келесі жекелеген санаттары:
Тармақша 1
1) жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды;
Тармақша 2
2) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды, бала кезінен мүгедектігі бар адамдарды, мүгедектігі бар балаларды;
Тармақша 3
3) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар көп балалы отбасылардан шыққан балаларды, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен көп балалы отбасылардан шыққан балаларды;
Тармақша 4
4) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларды тамақтандыруға кететін шығындар толығымен өтелсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады.