Об утверждении формы сводной ведомости (реестра) дипломатических и приравненных к ним представительств, аккредитованных в Республике Казахстан Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің жиынтық ведомосы (тiзiлiмi) нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер"  Кодексіне  (Салық кодексі) сәйкес бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің жиынтық ведомосының (тізілімінің) нысаны (337.00-нысан) бекітілсін.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктер жасайтын жиынтық ведомосы (тізілімі) нысанын толтыру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 19 ақпандағы N 243  бұйрығының  (тіркеу N 1794) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Әдістеме басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген сәтінен күшіне енеді және 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын қатынастарға таралады. Келісілді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2004 жылғы 10 қаңтар
Басқа 0. Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктер жасайтын жиынтық ведомостарды (тiзiлiмдердi) толтыру Ережелері (337.00-нысан)
Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің жиынтық ведомосына (тiзiлiмiне) қосымша Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктер жасайтын жиынтық ведомостарды (тiзiлiмдердi) толтыру Ережелері (337.00-нысан)
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің (бұдан әрі - Өкiлдiктер) жиынтық ведомосы (тiзiлiмi) 337.00-нысаннан және Өкiлдiктің қызметкерлерi туралы мәліметтер (Тiзiлiмге қосымша) 337.01-нысаннан (бұдан әрі - 337.01-нысан) тұрады.
Тармақ 2
2. 337.01-нысан Өкiлдiктің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық қызметкерiнің (бұдан әрі - қызметкер) шотына алған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша қосылған құн салығын қайтаруды жүзеге асырғанда толтырылады.
Тармақ 3
3. Тiзiлiмдi толтыру кезінде:
Тармақша 1
1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа белгілерімен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
Тармақша 2
2) электрондық түрде - магнитті тасығышта, оған Өкiлдiктің уәкілетті тұлғасы қол қойған, қолдан, болмаса баспа құрылғысымен толтырылған, немесе тиісті бағдарламалық қамтамсыз етуді қолданумен принтерде басып шығарған қара-ақ гаммадағы қағаз тасығыштағы Тiзiлiм қоса берiледi.
Тармақ 4
4. Тiзiлiмдi толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
Тармақ 5
5. Көрсеткіштер жоқ болған кезде Тiзiлiмнің тиісті торкөздері толтырылмайды.
Тармақ 6
6. Тiзiлiмге Өкiлдiктің уәкілетті тұлғасы қол қояды және мөрмен куәландырылады.
Тармақ 2. 2. 337.00-нысанын толтыру
2. 337.00-нысанын толтыру
Тармақ 7
7. "Өкiлдiк туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде:
Тармақша 1
1) салық төлеуші-Өкiлдiктiң тiркеу нөмiрi көрсетiледi;
Тармақша 2
2) 337.00-нысанды толтырылатын кезең. Тоқсан тоқсанның реттік нөміріне сәйкес келетін араб сандарымен көрсетіледі;
Тармақша 3
3) Өкiлдiк атауы;
Тармақша 4
4) банк деректемелерi, соның iшiнде салық төлеушi-банктiң тiркеу нөмiрi, жеке сәйкестендiру коды (ЖКС) мен банктiң сәйкестендiру коды (БСК) және банк атауы;
Тармақша 5
5) жиынтық ведомосының (тiзiлiмнiң) түрі - кезекті немесе қосымша - тиісті торкөзде белгі қойылады.
Тармақ 8
8. "Алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша ҚҚС сомасы" бөлiмiнде: А бағанында - жолдың рет нөмірі; В бағанында - тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) жеткізушінің тіркеу нөмірі; С бағанында - алу құжатының нөмірі; D бағанында - алу құжатының берілген күні; E бағанында - төлеу үшін құжатының нөмірі; F бағанында - төлеу үшін құжатының күні; G бағанында - қосылған құн салығынсыз алынған тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) сомасы; Н бағанында - қайтаруға көрсетілген қосылған құн салығының сомасы; I бағанында - Өкілдіктің шотына қайтаруға тиісті қосылған құн салығының сомасы; J бағанында - Өкілдік қызметкерінің шотына қайтаруға тиісті қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі.
Тармақ 3. 3. 337.01-нысанын толтыру
3. 337.01-нысанын толтыру
Тармақ 9
9. 337.01-нысан қосылған құн салығын қайтару оның шотына жүргізілетін Өкілдік қызметкері туралы мәліметтерді көрсетуге арналған.
Тармақ 10
10. "Өкiлдiк туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде:
Тармақша 1
1) салық төлеуші-Өкiлдiктiң тiркеу нөмiрi көрсетiледi;
Тармақша 2
2) 337.00-нысанды толтырылатын кезең. Тоқсан тоқсанның реттік нөміріне сәйкес келетін араб сандарымен көрсетіледі;
Тармақша 3
3) Өкiлдiктің атауы.
Тармақ 11
11. "ҚҚС қайтару жүргізілетін Өкілдік қызметкері туралы мәліметтер" бөлiмiнде: А бағанында - жолдың рет нөмірі; В бағанында - Өкілдік қызметкерінің (жұмыскерінің) тіркеу нөмірі; С бағанында - Өкілдік қызметкерінің (жұмыскерінің) аты-жөні, тегі; D бағанында - Өкілдік қызметкеріне (жұмыскеріне) шот ашқан салық төлеушi-банктiң тiркеу нөмiрi; E бағанында - Өкілдік қызметкеріне (жұмыскеріне) шот ашқан банктің атауы; F бағанында - Өкілдік қызметкеріне (жұмыскеріне) шот ашқан банктiң жеке сәйкестендiру коды; G бағанында - Өкілдік қызметкеріне (жұмыскеріне) шот ашқан банктiң сәйкестендiру коды; Н бағанында - қайтару тәсілі: қайтару, егер Өкілдік қызметкерінің (жұмыскерінің) дербес шотына жүргізілсе - "1" белгісімен белгіленеді; қайтару, егер Өкілдік қызметкерінің (жұмыскерінің) дебет карточкасына жүргізілсе - "2" белгісімен белгіленеді; I бағанында - Өкілдік қызметкерінің (жұмыскерінің) дербес шот нөмірі немесе дебет карточкасының нөмірі; J бағанында - қайтаруға тиісті қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі.
Тармақ 12
12. 337.01-нысанның J бағанының жиынтық шамасы Тізілімнің J бағанына көшіріледі. Нысан 337.00 Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің жиындық ведомосты (тізілім) (қағаз мәтінді қараңыз) Нысан 337.01 Өкілдік персоналы туралы мәліметтер (Тізілімге қосымша) (қағаз мәтінді қараңыз)