Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1 - тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48 және 50-бабтарына, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның төтенше жағдайларының алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының 2023 жылғы 24 тамыздағы № 8 хаттамасының негізінде ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасары Е.Қ. Аманжолов төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 23 тамызда туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.