О переводе делопроизводства на государственный язык в Мангистауской области Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облысында іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру туралы " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарына және "Тілдерді қолданумен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығына сәйкес және "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасын" жүзеге асыру мақсатында облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Маңғыстау облысының мемлекеттік органдар мен ұйымдарында және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында 2004 жылдың 1 ақпанынан бастап іс жүргізу мемлекеттік тілге көшірілсін.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік емес мекемелерге іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.