О реорганизации Республиканского государственного предприятия "Куйгенжар" Управления делами Президента Республики Казахстан Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Президентi Iс басқармасының "Күйгенжар" республикалық мемлекеттiк кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Президентi Іс басқармасының "Күйгенжар" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен "Күйгенжар" акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Қоғам қызметінің негiзгi мәнi Қазақстан Республикасының мемлекеттік резиденциялары мен басқа да объектiлерi үшiн жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру деп белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы (келiсiм бойынша) заңнамада белгіленген тәртiппен:
Тармақша 1
1) қоғамның жарғылық капиталын 2004 жылға арналған республикалық бюджет қаражаты есебiнен 274798000 (екі жүз жетпiс төрт миллион жетi жүз тоқсан сегiз мың) теңге мөлшерiнде қалыптастыруды қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2) Қоғамның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгіленген тәртіппен Қоғамның жарғысын бекiтудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Президентi Іс басқармасының оған Қоғамның мемлекеттік акциялар пакетiне иелiк ету және пайдалануға беру туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
Тармақ 6
6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн толықтырулар мен өзгеріс бекiтiлсiн.
Тармақ 7
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Басқа 11. Қазақстан Республикасы Yкiметiнің кейбiр шешімдерiне енгізілетін толықтырулар мен өзгеріс
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 16 ақпандағы N 178 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнің кейбiр шешімдерiне енгізілетін толықтырулар мен өзгеріс
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Президентiнің Іс Басқармасының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 29 қарашадағы N 1455 қаулысында : көрсетiлген қаулыға 2-қосымша мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "Күйгенжар" AҚ".
Тармақ 2
2. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): көрсетілген қаулыға 2-қосымшада: "Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-54-жолмен толықтырылсын: "21-54. "Күйгенжар" АҚ".
Тармақ 3
3. "Республикалық меншiктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттiк үлестерiне иелік ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында : көрсеткен қаулыға қосымшада: "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 238-7-жолмен толықтырылсын: "238-7. "Күйгенжар" AҚ".
Тармақ 4
4. "Қазақстан Республикасының Президентi Іс басқармасының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 29 қарашадағы N 1212 қаулысында : көрсетiлген қаулыға қосымшада: реттiк нөмiрi 5-жол алынып тасталсын.