Об утверждении предельной торговой надбавки и перечня закупаемых продовольственных товаров для реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары Қолданыста
Басқа 0
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін сатып алынатын азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесін және тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 - бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 280 «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19123 болып тіркелген) сәйкес, Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін сатып алынатын азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесі және тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін сатып алынатын азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесі және тізбесі
Ұлытау облысы әкімдігінің
2023 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 51/01
қаулысына қосымша
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін сатып алынатын азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесі және тізбесі
№
Тауардың атауы
Шекті сауда үстемесі (жеткізу құнын қоса алғанда, сатып алу бағасынан артық емес) %
1
Бірінші сортты бидай ұны
15
2
Бірінші сортты бидай ұнынан жасалған нан (пішінді)
15
3
Рожки (өлшеніп салынатын)
15
4
Қарақұмық жармасы (дән)
15
5
Тазартылған күріш (домалақ дәнді)
15
6
Картоп
15
7
Асханалық сәбіз
15
8
Басты пияз
15
9
Ақ қауданды қырыққабат
15
10
Қызанақ («шие», «жүзім» сорттарынан басқа)
15
11
Қияр («корнишондар» сортынан басқа)
15
12
Алма
15
13
Ақ қант – құмшекер
15
14
Күнбағыс майы
15
15
Сүйегі бар сиыр еті
15
16
Сүйексіз сиыр еті
15
17
Тартылған ет
15
18
Қой еті, оның ішінде сүйексіз
15
19
Жылқы еті, оның ішінде сүйексіз
15
20
Жаңа ауланған, салқындатылған және мұздатылған балық (табан, мөңке, көксерке, тұқы, сазан)
15
21
Тауық еті (тауық жамбасы, сирағы, сан еті)
15
22
Тауық (ұшасы)
15
23
Майлылығы 2,2-6% пастерленген, ультра пастерленген, зарарсыздандырылған сүт дәмдік қоспалары жоқ (лактозасызды қоспағанда)
15
24
Майлылығы 2-3 % айран (лактозасызды қоспағанда)
15
25
Қаймақ (лактозасызды қоспағанда)
15
26
Майлылығы 5-9% сүзбе (лактозасызды қоспағанда)
15
27
Майлылығы 40-50% қатты, жарлытай қатты ірімшік
15
28
Сары май (тұздалмаған, майлылығы 72,5%-дан 80%-ға дейін, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ)
15
29
Тауық жұмыртқасы (I санатты)
15
30
Қара шай (дәмдік қоспалары жоқ, пакеттелгендерден басқа)
15
31
Ac тұзы («Экстра»-дан басқа)
15