Об утверждении Положения коммунального государственного учреждения «Отдел экономики и финансов акимата города Петропавловска» Күшін жойған
Басқа 0
«Петропавл қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Петропавл қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі жаңа редакцияда бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Петропавл қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Петропавл қаласы әкімдігінің
2023 жылғы «12» қыркүйектең
№ 1164 қаулысымен бекітілген
«Петропавл қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Петропавл қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі мәтін бойынша - Мекеме), жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және бюджеттік жоспарлау, бағдарламалық құжаттар, қала бюджетін атқару саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру саласында басшылықты, Петропавл қаласы бюджетінің атқарылуы бойынша есептілікті жүргізуді, коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Петропавл қаласы әкімдігінің уәкілетті мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Мекемеде ведомстволар жоқ.
Тармақ 3
3. Мекеме өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өзінің атауымен мөрі және мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Мекеме өзінің атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
Тармақ 6
6. Мекеме, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Мекеме заңнамамен белгіленген тәртіпте өз құзіретінің мәселесі бо-йынша, Мекеме басшысының бұйырығымен Қазақстан Республикасының заңнамаларымен көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. Мекеменің құрылтайшысы және уәкілетті органы Петропавл қаласының әкімдігі болып табылады.
Тармақ 9
9. Мекеменің орналасқан жері: 150008, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 23.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен Мекеменің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мекеменің міндеттері:
Тармақша 1
1) Петропавл қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы, бюджеттің атқарылуының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары бойынша нысаналы индикаторларды әзірлеу және оларға қол жеткізу мәселелері бойынша қала бюджетінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметіне Мониторинг жүргізу;
Тармақша 2
2) қаланың бюджетін атқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 3
3) облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының құрамында Петропавл қаласының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін қалыптастыру, оны талдау;
Тармақша 4
4) қаланың коммуналдық меншігін басқару.
Тармақша 5
5) қала бюджетінің атқарылуы бойынша бухгалтерлік және бюджеттік есепті жүргізу және қаржылық және бюджеттік есептілікті жасау;
Тармақша 6
6) Бөлім қызметін қаржылық, кадрлық және құқықтық қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) электрондық құжат айналымын тиімді пайдалану;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Петропавл қаласының әкімімен Бөлімге жүктелген басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Мекеменің Өкілеттіктері:
Мекеменің Құқықтары:
Тармақша 1
1) мекемеге жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан және жеке тұлғалардан сұрату және алу;
Тармақша 2
2) Әкімдікке қаланың даму стратегиясын және басымдықтарын, мақсаттарын анықтау бойынша ұсыныстар енгізу;
Тармақша 3
3) қала бюджетінен қаржыландырылатын заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын бұзушылықтарды жою қажеттігі туралы ұсынымдар беру;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органдар мен соттарда «Петропавл қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ мүдделерін білдіру;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасу;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Мекеменің міндеттері:
Тармақша 1
1) мүлікті қабылдау-беру актілері бекітілсін;
Тармақша 2
2) өз құзыреті шегінде қала әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық және құқықтық актілерінің жобаларын дайындауға;
Тармақша 3
3) Мекеменің құзіретті мәселесі бойынша, соның ішінде негізгі қызмет және жеке құрам бойынша, бұйрықтар шығару;
Тармақша 4
4) мекеменің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін барлық инстанциялардың сот органдарына жүгінуге, коммуналдық мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету мәселелері бойынша, мекеме қызметінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының соттарында мекеменің атынан өкілдік етуге;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес «Петропавл қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ ұсынған шегінде өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тармақ 16
16. Жүктелген міндеттерге сәйкес мекеме келесі функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) заңнаманы қолдану практикасын талдау, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау, өз құзыреті шегінде қала әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық және құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу және дайындау;
Тармақша 2
2) әлеуметтік-экономикалық Паспортты әзірлеу, Петропавл қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайына талдау жүргізу және ақпарат дайындау;
Тармақша 3
3) қала әкімі актілерінің жобаларын жоспарларға сәйкестікке және қаланың экономикалық, әлеуметтік даму бағдарламасына сәйкестікке келісуді жүргізу;
Тармақша 4
4) Петропавл қаласының Бюджеттік комиссиясының отырыстарына материалдар дайындау;
Тармақша 5
5) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері бойынша қорытындыларды қарау, бағалау және дайындау;
Тармақша 6
6) Петропавл қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттік параметрлері болжамының негізінде жергілікті бюджетке түсетін түсімдер көлемін болжау;
Тармақша 7
7) Петропавл қаласы мәслихатының 3 жылға арналған жергілікті бюджет туралы, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімдерінің жобаларын, Петропавл қаласының бюджетін түзету жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
Тармақша 8
8) тиісті қаржы жылына арналған Петропавл қаласының бюджеті туралы Петропавл қаласы мәслихатының шешімін іске асыру туралы әкімдік қаулысының жобасын әзірлеу;
Тармақша 9
9) басым жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін қалыптастыру;
Тармақша 10
10) әлеуметтік-экономикалық даму болжамы шеңберінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) және бюджеттік инвестицияларды жоспарлау;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларға (бағдарламаларға) экономикалық сараптама жүргізу;
Тармақша 12
12) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат жасау және әкімдікке ұсыну;
Тармақша 13
13) жергілікті бюджеттік инвестициялар мен гранттарды іске асырудың тиімділігіне (нәтижелілігіне) бағалау жүргізу;
Тармақша 14
14) бюджеттік комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 15
15) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасына сәйкестігі жөніндегі ұсыныстарын қарау;
Тармақша 16
16) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларға өзгерістер мен толықтыруларды бекіту және енгізу жөніндегі бұйрықтарының жобаларын қарау және келісу;
Тармақша 17
17) бюджетті атқаруды ұйымдастыру және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру;
Тармақша 18
18) түсімдердің жиынтық жоспарын және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларын жасау, бекіту және жүргізу;
Тармақша 19
19) қаланың бюджеттік бағдарламалары әкімшілерінің бюджет қаражатын уақтылы және тиімді пайдалануына мониторингті жүзеге асыру;
Тармақша 20
20) Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың ережелеріне сәйкес кадрларды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асыру;
Тармақша 21
21) бухгалтерлік есеп пен есептілікті, кадр-құқықтық жұмысты, әкімшілік-шаруашылық қызметті жүргізу;
Тармақша 22
22) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде қала бюджетінің түсімдері мен қаржыландыруының жиынтық жоспарларына өзгерістер енгізу;
Тармақша 23
23) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ақшалай қаражатты игеруіне мониторингті жүзеге асыру;
Тармақша 24
24) республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу, олардың есебін, мониторингін және қайтарылуын қамтамасыз ету, борышқа қызмет көрсету;
Тармақша 25
25) "Петропавл қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін күтіп-ұстау қызметін қамтамасыз ету;
Тармақша 26
26) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттік және шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау және ұсыну;
Тармақша 27
27) "Петропавл қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бюджеттік өтінімін, бюджеттік бағдарламаларын әзірлеу және бюджеттік бағдарламаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
Тармақша 28
28) жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік есепке алуды жүргізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 29
29) бірыңғай бюджеттік сыныптауға сәйкес қала бюджетіне түсімдердің әкімшілік етілетін кодтары бойынша артық (қате) төленген сомаларды бюджеттен қайтаруды және (немесе) есепке алуды қамтамасыз ету;
Тармақша 30
30) жоғары тұрған бюджеттен бөлінген, оның ішінде бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған нысаналы трансферттердің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомаларын қайтару;
Тармақша 31
31) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Петропавл қаласының аумағында коммуналдық мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 32
32) қала әкімдігінің коммуналдық мүлкін коммуналдық мемлекеттік заңды тұлғаларға бекіту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 33
33) коммуналдық мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген негізгі құралдарды есептен шығаруды келісу;
Тармақша 34
34) мүлікті қабылдау-беру актілерін бекіту;
Тармақша 35
35) акциялар пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тізілімін жүргізу;
Тармақша 36
36) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы - шаруашылық қызметіне, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларына мониторингті жүзеге асыру;
Тармақша 37
37) коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мүлкіне түгендеу жүргізу мониторингін жүзеге асыру;
Тармақша 38
38) қала әкімдігінің коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асыру, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тарту, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды жүзеге асыру және сатып алу-сату шарттары (мемлекеттік тұрғын үй қорының объектілерінен басқа)талаптарының сақталуын бақылау;
Тармақша 39
39) қала әкімдігінің коммуналдық мүлкін кейіннен сатып алу құқығынсыз (мемлекеттік тұрғын үй қорының объектілерінен басқа) мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға беру;
Тармақша 40
40) коммуналдық мүлікті (мемлекеттік тұрғын үй қорының объектілерінен басқа) сатып алу–сату, мүліктік жалдау (жалға алу), сенімгерлік басқару шарттарының талаптарын орындауды жекешелендіруден кейінгі бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 41
41) коммуналдық мүлікті сатудан, қала әкімдігінің коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға беруден, берешекті өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдаудан (мемлекеттік тұрғын үй қорының объектілерінен басқа)қала бюджетінің кірісіне ақшалай қаражаттың толықтығы мен уақтылы түсуін бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 42
42) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесіз деп танылған, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен коммуналдық мүлікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткен иесіз қалған мүлікті есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастыру;
Тармақша 43
43) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мекемеге жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тарау 3. 3 тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
3 тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
Тармақ 17
17. Мекемеге басшылықты Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 19
19. Мекеменің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 20
20. Мекеменің бірінші басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) Петропавл қаласының әкіміне «Петропавл қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекітуге ұсынады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мекеме қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) өз орынбасарының, сектор меңгерушілерінің, мамандардың құқықтарын, міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді, мекеме қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 5
5) мекеменің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді, оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нұсқаулар береді;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес меншік нысанына қарамастан барлық мемлекеттік органдарда, сотта және өзге де ұйымдарда мекеменің атынан өкілдік етеді;
Тармақша 7
7) мемлекеттік органдарда, басқа да мекемелерде Мекеменің құзіретіне енетін мәселелер бойынша Мекеменің мүддесін ұсыну құқына сенімхат береді;
Тармақша 8
8) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаға қол қояды;
Тармақша 9
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 21
21. Мекеменің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 22
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 23
23. Мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының атынан өз балансында тұрған өзіне бекітілген мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын дербес жүзеге асырады.
Тармақ 24
24. Мекемеге бекітілген мүлік республикалық / коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 25
25. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мекеме өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.
Тарау 5
Тармақ 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 26
26. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 27
27. Мекеме таратылған (таратылған) кезде кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлік қаланың коммуналдық меншігінде қалады.