Об утверждении правил присуждения премий в области науки, государственных научных стипендий Қолданыста
Басқа 0
Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 148-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Басқа 0. Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидалары
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрінің
міндетін атқарушысы
2023 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 466 Бұйрығына
қосымша
Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 148-2) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру тәртібі «Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 242 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20852 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады
Тармақ 3
3. Осы Қағидалар мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ғалым – ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізетін жеке тұлға;
Тармақша 2
2) ғылым саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында салааралық үйлестіруді және басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 3
3) ғылыми қызметкер – ғылыми ұйымда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында немесе ұйымның ғылыми бөлімшесінде жұмыс істейтін, жоғары білімі бар, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесіне қол жеткізетін және оны іске асыратын жеке тұлға;
Тармақша 4
4) ғылыми ұйым – қызметінің негізгі түрі ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті жүзеге асыру, оның ішінде зияткерлік меншік объектілеріне құқықты іске асыру, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу болып табылатын заңды тұлға;
Тармақша 5
5) конкурстық комиссияның жұмыс орган (бұдан әрі – жұмыс орган) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы аграрлық ғылымдар саласындағы сыйлықтарды қоспағанда, ғылым саласында атаулы сыйлықтар мен стипендиялар алуға конкурстар өткізеді, конкурстық комиссияның қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) салалық уәкілетті орган – ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және тиісті салада ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Тармақ 4
4. Көтермелеу мақсатында ғалымдарды, ғылыми қызметкерлерді ғылым мен техниканың дамуына үлес қосқан ғылыми ұйымдар мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары ұсынады:
Тармақша 1
1) үздік ғылыми зерттеулері мен жұмыстары, ғылым саласындағы аса зор жетістіктері үшін жыл сайынғы сыйлықтарды алуға ұсынылуы;
Тармақша 2
2) мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылуы мүмкін.
Мемлекеттік ғылыми стипендиялар:
мемлекет үшін басым бағыттарда іргелі немесе қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізуге, ғылыми кадрларды даярлауға белсене қатысатын ғалымдар мен ғылыми қызметкерлерге;
ғылыми проблемаларды шешу бойынша зерттеулер жүргізуге белсене қатысатын және ғылыми қоғамдастық мойындаған, қоса алғанда қырық жасқа дейінгі талантты жас ғалымдарға да берілуі мүмкін.
Тармақ 5
5. Сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендияларды беруді уәкілетті орган және салалық уәкілетті органдар «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Ғылым саласындағы сыйлықтар (бұдан әрі – сыйлықтар) мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар конкурстық негізде беріледі.
Тармақ 7
7. Сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар беруге арналған конкурстарға осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген ғалымдар мен ғылыми қызметкерлер болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Тармақ 8
8. Алып тасталды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2025 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тарау 2. 2-тарау. Ғылым саласындағы сыйлықтарды беру тәртібі
2-тарау. Ғылым саласындағы сыйлықтарды беру тәртібі
Тармақ 9
9. Сыйлықақыларды алу жұмыстарын меншік нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының ғылыми ұйымдары мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ұйымдар) консультативтік – кеңесші органдары ұсынады.
Тармақ 10
10. Сыйлыққа ұсынылатын жұмыстар жұмыс орындалған ұйымда қабылданады.
Жұмыс бірнеше ұйымдарда орындалған жағдайда, жұмысты ұсыну туралы шешім оның ең үлкен бөлігі орындалған ұйымда қабылданады.
Тармақ 11
11. Сыйлық алуға жеке авторлар, сондай-ақ саны бес адамнан аспайтын авторлар ұжымының жұмыстары ұсынылады. Әр автор және авторлар ұжымы конкурсқа бiр жұмыс ұсынады.
Тармақ 12
12. Бұрын республикалық бюджет қаражатынан төленетiн сыйлықтарға ие болған жұмыстар осы сыйлықтарды алу конкурсына қатысуға жiберiлмейдi. Сыйлыққа жұмыс екi реттен артық ұсынылмайды.
Осы сыйлықтар лауреатының жаңа жетiстiктерi болған жағдайда, сыйлықтар оған соңғы тағайындалғаннан кейiн бес жыл өткен соң қайталанып берiледі.
Ұжымдық жұмыстардың авторларына сыйлықтың ақшалай бөлiгi тең үлеспен төленедi.
Тармақ 13
13. Сыйлықтарды алуға жарияланған жұмыстар, оның ішінде нөлдік емес импакт факторы бар халықаралық ғылыми басылымдарда жарияланған, конкурсты жариялау алдындағы жылды қоса алғанда, соңғы бес жыл ішінде орындалған, тиісті шешімді қабылдай отырып, ұйымдардың консультативтік-кеңесші органдарында жан-жақты талқылаудан өткен жұмыстар ұсынылады.
Тармақ 14
14. Жас ғалымдарға арналған сыйлықтарды алуға арналған конкурсқа қоса алғанда қырық жасқа дейінгі жас ғалымдар қатыса алады.
Жас ғалымдардың жұмыстары конкурс жарияланғанға дейiнгi жылды қоса алғанда соңғы үш жыл ішінде орындалған болуы керек.
Тармақ 15
15. Алып тасталды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2025 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тармақ 16
16. Сыйлықтарды алу конкурсына ұсынылған материалдар конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жұмыс органына (аграрлық ғылымдар саласындағы сыйлықтар бойынша – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне) ұсынылады. Онда конкурстық құжаттар тiркеледi және құжаттарды қабылдау мерзiмi аяқталған соң 10 (он) жұмыс күні ішінде конкурстық комиссияға қарауға берiледi.
Конкурсты өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның және жұмыс органының интернет-ресурстарында (аграрлық ғылымдар саласындағы сыйлықтар бойынша – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі) орналастырылады.
Тармақ 17
17. Алып тасталды -
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2025 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тармақ 18
18. Конкурстық құжаттарды қарау және сыйлықтарды тағайындау мәселесі бойынша шешімдер дайындау үшін уәкілетті органның (аграрлық ғылымдар саласындағы сыйлықтар бойынша – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі) бұйрығымен конкурстық комиссия құрылады.
Конкурстық комиссия консультативтік-кеңесші орган болып табылады және министрліктер, ведомстволар және басқада мемлекеттік органдардың өкілдерінен, республиканың әртүрлі ғылым салаларының жетекші ғалымдары мен мамандары құрамынан құрылады.
Егер осы сыйлықтарды алуға конкурстық комиссия мүшелерінің жұмыстары ұсынылған жағдайда, олар комиссияның жұмысына қатыспайды.
Тармақ 19
19. Конкурстық комиссия тақ саннан, бірақ конкурстық комиссияның кемінде 11 мүшесінен тұрады.
Конкурстық комиссияның отырыстары оған конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды деп есептеледі.
Конкурстық комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 20
20. Сыйлықтарды алуға ұсынылған жұмыстарды алдын ала қарау үшiн конкурстық комиссия мүшелерінен секциялар құрылады. Секциялар кандидаттардың жұмыстарын уәкілетті орган бекіткен өлшемшарттар бойынша бағалайды.
Тармақ 21
21. Конкурстық комиссия секциялардың қорытындылары негізінде оларды алған күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға (аграрлық ғылым саласындағы сыйлықақылар бойынша - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне) сыйлықақылар беру жөнінде ұсынымдар енгізеді.
Тармақ 22
22. Уәкілетті орган (аграрлық ғылымдар саласындағы сыйлықтар бойынша - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі) конкурстық комиссия шешімінің негізінде сыйлықтарды беру туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 23
23. Сыйлықтарды беру жөніндегі конкурстардың нәтижелері уәкілетті органның және жұмыс органының (аграрлық ғылымдар саласындағы сыйлықтар бойынша – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің) интернет-ресурстарында орналастырылуға тиіс.
Тармақ 24
24. Сыйлықақы беру туралы дипломдарды лауреаттарға Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі (аграрлық ғылым саласындағы сыйлықақылар бойынша - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі) тапсырады.
Тармақ 25
25. Қайтыс болғаннан кейін наградталған сыйлықақы лауреатына сыйлықақы беру туралы диплом мұрагерлеріне беріледі.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру тәртібі
3-тарау. Мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру тәртібі
Тармақ 26
26. Мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға кандидаттарды ұйымдардың консультативтік-кеңесші органдары ұсынады.
Тармақ 27
27. Мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткерді ұсыну туралы шешiм стипендия алу үшiн ұсынылатын үміткер жұмыс істейтін ұйымда белгiленген тәртiппен қабылданады.
Тармақ 28
28. Бұрын республикалық бюджет қаражатынан төленетін мемлекеттік ғылыми стипендияларға ие болған ғалымдар осы стипендияларды алуға алдыңғы тағайындалған жылдан кейін кемінде үш жыл өткен соң қайта жіберілуі мүмкін.
Тармақ 29
29. Мемлекеттік ғылыми стипендиялар бір жылға дейінгі мерзімге ғылым саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен тағайындалады.
Тармақ 30
30. Алып тасталды -
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2025 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тармақ 31
31. Мемлекеттік ғылыми стипендиялар алуға арналған конкурсқа ұсынылған материалдар конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жұмыс органына ұсынылады. Онда конкурстық құжаттар тiркеледi және құжаттарды қабылдау мерзiмi аяқталған соң 10 (он) жұмыс күні ішінде конкурстық комиссияға қарауға берiледi.
Конкурсты өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның және жұмыс органының интернет-ресурстарында орналастырылады.
Тармақ 32
32. Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін түскен құжаттар конкурсқа жіберілмейді.
Тармақ 33
33. Конкурсқа ұсынылған материалдар қайтаруға жатпайды.
Тармақ 34
34. Конкурс материалдарын қарау және мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындау мәселесі жөніндегі шешімдерді дайындау үшін уәкілетті органның бұйрығымен конкурстық комиссия құрылады.
Конкурстық комиссия консультативтік-кеңесші орган болып табылады және уәкілетті органның басшы қызметкерлерінен, республикадағы ғылымның әртүрлі салаларының жетекші ғалымдары мен мамандарынан құрылады.
Осы стипендияларды алуға конкурстық комиссия мүшелерін ұсынған кезде соңғылары комиссия жұмысына қатыспайды.
Тармақ 35
35. Мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру үшін үміткерлерді іріктеу шарттарын уәкілетті орган әзірлеп бекітеді.
Тармақ 36
36. Мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған кандидаттардың жұмыстарын алдын ала қарау үшін конкурстық комиссия мүшелерінен сараптау топтары құрылады.
Тармақ 37
37. Конкурстық комиссия сараптау топтардың қорытындылары негізінде оларды алғаннан кейін 20 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға мемлекеттік ғылыми стипендиялар беру жөнінде ұсынымдар енгізеді.
Тармақ 38
38. Уәкілетті орган конкурстық комиссия шешімінің негізінде мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 39
39. Мемлекеттік ғылыми стипендия республикалық бюджет қаражатынан Қазақстан Республикасы Президентінің өмір бойғы стипендиясын алатын Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының мүшелеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа толған Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигіне тағайындалмайды.
Тармақ 40
40. Конкурстан өткен стипендиаттардың тізімі уәкілетті органның және жұмыс органының интернет-ресурстарында орналастырылады.
Тармақ 41
41. Мемлекеттік стипендияны тағайындау туралы сертификаттарды уәкілетті орган береді.
Басқа 1. Ғылым саласындағы сыйлық алуға үміткердің сауалнамасы
Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидаларына
1-қосымша
Ғылым саласындағы сыйлық алуға үміткердің сауалнамасы
Басқа 2. Мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткердің сауалнамасы
Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидаларына
2-қосымша
Мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткердің сауалнамасы