Об определении перечня социально значимых сообщений в Алматинской области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Алматы облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 қарашадағы «Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» № 37-204 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4959 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы облыстық мәслихатының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, құрылыс, сәулет және көліктік-логистикалық инфрақұрылым мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Алматы облыстық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 6-38 Алматы облысында әлеуметтiк маңызы бар қатынастардың тізбесі Ауданішілік, қалаішілік бағыттар: 1. Қонаев қаласы: 1) № 1 Арна ауылы – Қонаев қаласының автовокзалы; 2) № 2 «Қарлығаш» ықшам ауданы – «Қапшағай Ресурс» ЖШС мұнай базасы; 3) № 3 «Строитель» бағбандық қоғамы – 12 ықшам ауданы; 4) № 4 «Строитель» бағбандық қоғамы – «Қонаев қаласының көпсалалы қалалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны; 5) № 7 8-10 ықшам ауданы – сүзгі станциясы; 6) № 8 2 желі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «64192 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қарлығаш» ықшам ауданы, 3 сектор; 7) Сарыбұлақ ауылы – Қонаев қаласының автовокзалы; 8) Қосқұдық ауылы – Қонаев қаласының автовокзалы; 9) Заречный ауылы – Қонаев қаласының автовокзалы. 2. Талғар ауданы: 1) № 1 Талғар - 2 қалалық пошта байланысы бөлімшесі – Байбұлақ ауылы; 2) № 2 «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Талғар аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны – Талхиз қалашығы; 3) № 3 «Талгар - Спирт» ЖШС – Қызыл - Қайрат ауылы; 4) № 4 кірпіш зауыты – Талғар - 2 қалалық пошта байланысы бөлімшесі; 5) № 5 Талғар - 2 қалалық пошта байланысы бөлімшесі – Талдыбұлақ ауылы; 6) № 6 «Талгар - Спирт» ЖШС – Талғар бахтах шаруашылығы; 7) № 7 «Арман» ықшам ауданы – «Бүркіт» бағбандық қоғамы; 8) № 8 Ақдала ауылы – Ақтас ауылы; 9) № 9 Шымбұлақ ауылы – Нұрпейісов көшесі, Айвазовский көшесінің бұрышы; 10) № 215 Талғар қаласы – Орман ауылы; 11) № 218 Талғар қаласы – Туғанбай ауылы – Нұра ауылы. 3. Балқаш ауданы: 1) № 1 Бақанас ауылы – Құйған ауылы; 2) № 2 Бақанас ауылы – Қараой ауылы. 4. Қарасай ауданы: 1) № 1 Қаскелен қаласының қалалық бағыты; 2) № 2А Қаскелен қаласының қалалық бағыты; 3) № 3 Әйтей ауылы – Қаскелен қаласы; 4) № 5 Жандосов ауылы – Қаскелен қаласы; 5) № 6 Тұрар ауылы – «Алтын Орда» базары; 6) № 7 Батан ауылы – «Алтын Орда» базары; 7) № 8 Көлащы ауылы – «Алтын Орда» базары (Көлді, Жалпақсай ауылдары арқылы); 8) № 9 Исаев ауылы – Қаскелен қаласы; 9) № 11 Көлащы ауылы – Қаскелен қаласы (Жібек жолы ауылы арқылы); 10) № 12 Көлащы ауылы – «Алтын Орда» базары (Жамбыл ауылы арқылы); 11) № 13 Жандосов ауылы – «Алтын Орда» базары (Долан ауылы арқылы); 12) № 14 Тұрар ауылы – Қаскелен қаласы (Үштерек ауылы арқылы). 5. Еңбекшіқазақ ауданы: 1) № 201 Шелек ауылы – Есік қаласы; 2) № 206 Шелек ауылының ауылішілік бағыты; 3) Еcік қаласы – Бөлек ауылы; 4) Еcік қаласы – Ақжал ауылы; 5) Еcік қаласы – Амангелді ауылы; 6) Еcік қаласы – Базаргелді ауылы; 7) Еcік қаласы – Баяндай ауылы; 8) Еcік қаласы – Қойшыбек ауылы; 9) № 106 Еcік қаласы – Бәйдібек би ауылы; 10) № 7 Еcік қаласы (орталық мешіт) – Талдыбұлақ ауылы; 11) № 8 Еcік қаласы (Бахтияр базар) – Төре ауылы; 12) № 3 Есік саяжайлары – Алмалы ауылы; 13) № 204 Шелек ауылы – Қорам ауылы; 14) № 202 Шелек ауылы – Асы Саға ауылы; 15) № 203 Шелек ауылы – Ақтоған ауылы; 16) Шелек ауылы – Қаражота ауылы; 17) № 208 Шелек ауылы – Нұрлы ауылы; 18) № 207 Шелек ауылы – Майлыбай ауылы; 19) Шелек ауылы – Нұра ауылы; 20) Шелек ауылы – Ащыбұлак ауылы; 21) № 2 Шелек ауылы – Майский ауылы. 6. Жамбыл ауданы: 1) № 1 Ұзынағаш ауылы – Ынтымақ ауылы; 2) № 2 Жанақұрылыс ауылы – Ұзынағаш ауылы; 3) № 3 Қайназар ауылы – Ұзынағаш ауылы; 4) № 4 Ұзынағаш ауылы – Қарғалы ауылы. Ескертпе: ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.