«О плане мероприятий по реализации Концепции государственной молодежной политики Республики Казахстан в Атбасарском районе и Совете молодежных и общественных организаций при акимате района Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының Тұжырымдамасын Атбасар ауданында жүзеге асыру шараларының жоспары және аудан әкіміндегі жастар мен қоғамдық Кеңесі туралы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының Тұжырымдамасын жүзеге асыру және жастардың әлеуметтік-экономикалық өмірге белсенділігін арттыру мақсатымен аудан әкімдігі қаулы етті:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының Тұжырымдамасын Атбасар ауданында жүзеге асыру шараларының жоспарын бекіту /1 қосымша/.
Тармақ 2
2. Аудан әкімінің жанында жастар және студенттік қоғамдық ұйымының Кеңесін құру.
Тармақ 3
3. Атбасар ауданы әкімдігінің жанында жастар мен қоғамдық ұйымдар Кеңесінін арнайы құрамын аудандық мәслихат сессиясында бекітуге енгізу /2 қосымша/.
Тармақ 4
4. Аудан әкімдігі жанында жастар мен қоғамдық ұйымдар Кеңесі туралы ұсынылған Ереже бекіту /3 қосымша/.
Тармақ 5
5. Білім, мәдениет, спорт, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау аудандық бөлімдеріне, жұмыспен қамту орталығына, «Атбасар» және «Простор» аудандық газеттер редакциясына, Атбасар қаласының және селолық округ әкімдеріне шаралар жоспарын жүзеге асыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.И. Боброваға жүктелсін.
Тармақ 7
7. 23.10.2003 ж. шыққан осы қаулы қатынасқа таратылады.
Басқа 8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының Тұжырымдамасын Атбасар ауданында жүзеге асыру шаралар ЖОСПАРЫ
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік
жастар саясатының Тұжырымдамасын
Атбасар ауданында жүзеге асыру
шараларының жоспары және аудан
әкіміндегі жастар қоғамдық Кеңесі туралы»
« Атбасар ауданы әкімдігінің
2004 жылғы 20 қаңтардағы
№ а-1/7 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының Тұжырымдамасын Атбасар ауданында жүзеге асыру шаралар ЖОСПАРЫ
№
Шаралар атауы
Орындалу түрі
Жауаптылар
Орындалу мерзімі
1
2030 жылға дейін Қазақстанның даму стратегиясын жастар арасында түсіндіру және насихаттау
Ақпараттық-насихаттау тобын құру, олардың сөз сөйлеу кестесін дайындау, жастармен кездесу өткізу, жастар пікіржарысын өткізу, «Атбасар» мен «Простор» аудандық газет беттерінде жастар мәселесін кең жариялау
Ішкі саясат, білім, мәдениет, денсаулық сақтау және спорт бөлімдері, Атбасар қ. мен селолық округ әкімдері, 9-кәсіптік-техникалық лицей, 17-кәсіптік-техникалық лицей /келісімі бойынша/
тұрақты
2
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының Тұжырымдамасы бойынша «Дөңгелек үстел» жүмысын ұйымдастыру
Жастардың облыстық және аудандық мәслихат депутаттарымен, атқару органдарының, ауылшаруашылық құрылымдарының, кәсіпорын, ұйым, үкіметтік емес бірлестіктер жетекшілерімен кездесу еткізу
Ішкі саясат, білім, мәдениет, денсаулық сақтау және спорт бөлімдері, Атбасар қ. мен селолық округ әкімдері
тұрақты
3
Аудандық жастар форумын өткізу
Жастар форумын дайындау және өткізу жөнінде шаралар
Ішкі саясат, білім, мәдениет, денсаулық сақтау және спорт бөлімдері, Атбасар қ. мен селолық округ әкімдері, жұмыспен қамту орталығы, аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі
Ай сайын
4
«Қазіргі жастарды тәрбиелеу бойынша мемлекеттік саясаттың басты бағыттары мен дамуы» ғылыми-тәжірибелік Конференция.
Бағдарламалар, ұсыныстар дайындау
Ішкі саясат, білім, мәдениет, денсаулық сақтау және спорт бөлімдері, Атбасар қ. мен селолық округ әкімдері, жұмыспен қамту орталығы, аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі
2004 ж. ақпан
5
Өскелең ұрпақтың әскери-патриоттық тәрбиесі
«Патриот» акциясын өткізу, жастардың соғыс және еңбек ардагерлерімен, ауған-жауынгерлермен кездесуі, әскерге салтанатты шығарып салу
Ішкі саясат, білім, мәдениет бөлімдері /келісімі бойынша/.
Жыл сайын
6
Көңілді тапқырлар клубының аудандық фестивалі
Бірлескен шаралар, аудандық көңілді тапқырлар клубының финалы
Білім, мәдениет бөлімдері, колледж, 9-кәсіптік-техникалық лицей, 17-кәсіптік-техникалық мектеп
Жыл сайын 2 тоқсан
7
Талантты және дарынды жастарды қолдау
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атағына жастардың шығарма ұсынуы, анықтау, жақсыларға аудан әкімінің стипендиясын беру
Ішкі саясат бөлімі
Жыл сайын қаңтар маусым
8
Жастар жағдайына сараптама
Аудандағы жастар саясатын орындау бойынша ұсыныстар енгізу мақсатымен митинг өткізу
Ішкі саясат бөлімі
Жыл сайын IV тоқсан
Басқа 9. Аудан әкіміндегі жастар мен қоғамдық ұйымдарының Кеңесінің құрамы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік
жастар саясатының Тұжырымдамасын
Атбасар ауданында жүзеге асыру
шараларының жоспары және аудан
әкіміндегі жастар қоғамдық Кеңесі туралы»
« Атбасар ауданы әкімдігінің
2004 жылғы 20 қаңтардағы
№ а-1/7 қаулысына 2-қосымша
Аудан әкіміндегі жастар мен қоғамдық ұйымдарының Кеңесінің құрамы
1. Боброва Людмила Ивановна – аудан әкімінің орынбасары, Кеңес төрайымы
2. Абдрахманов Азамат – орталық аудандық аурухана дәрігер-хирургі
3. Ағзамова Салтанат Жүсіпқызы – Атбасар қ. әкімі аппаратының бас маманы, комиссия хатшысы
4. Ақылбаева Салтанат – «Сәлем» радиостанциясының маманы /келісімімен/
5. Бадло Ирина - № 9 кәсіптік-техникалық лицей мұғалімі /келісімімен/
6. Гнедаш Ирина – «Жас Отан» лидері /келісімімен/
7. Есмағұлов Рустамбек – лейтенант, аудандық ішкі істер бөлімі, тергеу бөлімінің тергеушісі
8. Иманғұлов Марат – экономика-заң колледжінің студенті /келісімімен/
9. Кирсанов Владимир – 17-кәсіптік-техникалық лицей мұғалімі /келісімімен/
10. Қазезова Әсемгүл – аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станция дәрігері /келісімімен/
11. Майлыбаева Айман – «Атбасар» аудандық газет журналисі
12. Сейтжанов Әділхан – «Ладыженка» ЖШС агрономы /келісімімен/
Басқа 10
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік
жастар саясатының Тұжырымдамасын
Атбасар ауданында жүзеге асыру
шараларының жоспары және аудан
әкіміндегі жастар қоғамдық Кеңесі туралы»
Атбасар ауданы әкімдігінің
2004 жылғы 20 қаңтардағы
№ а-1/7 қаулысына 3-қосымша
Атбасар аудан әкімдігіндегі жастар мен студенттік қоғамдық ұйымдар Кеңесі туралы қағида
Тарау 1. 1. Жалпы қағидалар
1. Жалпы қағидалар
Тармақ 1
1. Кеңес жастардың әлеуметтік экономикалық проблемалары бойынша үйлестіру қызметтерін жүзеге асырушы, аудан әкімінің жанындағы консультативтік-кеңесу органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңестің құрамы оқу мекемелерімен, жастар және студент ұйымдарымен ұсынылған тұлғалар санынан Атбасар ауданының әкімдігімен құрылады.
Тармақ 3
3. Кеңестің басты мақсаты нақтылы, сындарлы ұсыныстар, принциптер дайындау, жұмыс түрлері мен әдістерін енгізу болып табылады.
Тарау 2. 2. Кеңестің міндеттері, қызметтері
2. Кеңестің міндеттері, қызметтері
Тармақ 4
4. Кеңестің басты міндеті мен қызметі болып табылатындар:
Тармақша 1
1) жастар мен студент ұйымдарының қазіргі жастар проблемасын шешуде бірігуі;
Тармақша 2
2) жастар саясатының ең маңызды проблемаларын талқылау, олардың шешімімен ауданға сәйкес ұсыныстар дайындау;
Тармақша 3
3) аудандық ведомстволар жетекшілерінің есебін тыңдау: жастар қозғалысының сұрақтары бойынша қоғамдық ұйымдар мен оқу мекемелерін, өскелең ұрпақты тәрбиелеу және тиісті ұсыныстар қабылдауын.
Тарау 3. 3. Кеңес жұмысының регламенті
3. Кеңес жұмысының регламенті
Тармақ 5
5. Кеңес жұмысының басты түрі отырыс өткізу болып табылады, оны Кеңес төрағасы өткізеді.
Тармақ 6
6. Кеңес отырысы жарты жылда бір рет өткізіледі.
Тармақ 7
7. Кеңес мүшелері қаралатын сұрақтарды шешу талқысына қатысуға, ұсыныстар мен ескертулер жасауға құқылы.
Тармақ 8
8. Кеңес шешімі ұсынылатын түрде болады.
Тармақ 9
9. Кеңес мүшелері міндетті:
Тармақша 1
1) еңбек ұжымдарында, оқу, қоғамдық ұйымдарда түсіндіру-насихаттау жұмыстарын жүргізуге, жастардың қалың тобына кеңес шешімін жеткізуге;
Тармақша 2
2) кеңеспен қабылданған шешімді жүзеге асыруда белсенді қатысуға.
Тарау 4. 4. Қорытынды ереже
4. Қорытынды ереже
Тармақ 10
10. Кеңес өз қызметін аудан әкімдігінің қаулысымен тоқтатады.