Об утверждении Правил кредитования обеспечения сельскохозяйственной техникой на лизинговой основе Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.02.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Лизингтiк негiзде ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз етуге кредит беру ережесiн бекiту туралы "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Лизингтiк негiзде ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз етуге кредит беру ережесі бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Басқа 3. Лизингтiк негiзде ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз етуге кредит беру ережесi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 ақпандағы N 191 қаулысымен бекiтiлген Лизингтiк негiзде ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз етуге кредит беру ережесi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже 2004 жылға арналған республикалық бюджетте 008 "Лизингтiк негiзде ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз етудi кредиттеу" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен 1000000000 (бip миллиард) теңге сомасында кредит берудiң (бұдан әрi - Қаражат) тәртiбi мен шарттарын айқындайды.
Тармақ 2. 2. Кредит берудiң тәртiбi мен шарттары
2. Кредит берудiң тәртiбi мен шарттары
Тармақ 2
2. Қаражат заңнамада белгiленген тәртiппен мерзiмдiлiк, ақылылық, қамтамасыз етiлу және қайтарымдылық шарттарында 7 (жетi) жыл мерзiмге сыйақының жылдық 0,5 %-ына тең тiркелген ставкасы бойынша республикалық бюджеттен бөлiнедi.
Тармақ 3
3. Қаражат кейiннен лизингтiң алуан түрлерiне беруге жататын ауыл шаруашылығы техникаларын (бұдан әрi - Техника) сатып алуға және Техниканы сатып алуға байланысты шығындарды өтеуге бөлiнедi.
Тармақ 4
4. Қаражатты бөлу екiншi деңгейдегi банкке немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымға (бұдан әрi - Қарыз алушы) кредит беруi арқылы жүргiзiледi. Қарыз алушы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiне сәйкес айқындалады.
Тармақ 5
5. Қаражат бөлу үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi (бұдан әрi - Кредит берушi) Қарыз алушымен және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен (бұдан әрi - Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi) бiрлесiп кредиттiк келiсiм (бұдан әрi - Кредиттiк келiсiм) жасайды, онда республикалық бюджеттен Қаражат бөлу және оны осы Ережеге сәйкес қайтару тәртiбi, Қарыз алушының мiндеттемелердi орындауын қамтамасыз ету тәсiлдерi және өзге де шарттар айқындалады.
Тармақ 6
6. Қарыз алушы, Қаражаттың мақсатты пайдаланылуын және оның республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуы мен сыйақы ставкасының уақтылы өтелуiн жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсiне кейiннен Қарыз алушыға жiберу үшiн республикалық бюджеттен қаражат бөлу мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес бiрыңғай траншпен жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Қарыз алушы Кредиттiк келiсiммен айқындалған тәртiппен және мерзiмде Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсiне және Кредит берушiге растайтын құжаттардың көшiрмесiн қоса бере отырып, бөлiнген Қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп бередi.
Тармақ 9
9. Қарыз алушы сатып алатын Техниканың номенклатурасы мен көлемiн сатып алу сәтiне жасалған лизинг шарттары негiзiнде Қарыз алушы айқындайды.
Тарау 3. 3. Қаражаттың пайдаланылуын бақылау
3. Қаражаттың пайдаланылуын бақылау
Тармақ 10
10. Қаражаттың игерiлуiн, мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын бақылауды Кредит берушi жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi Қарыз алушы сатып алатын Техниканың номенклатурасы мен көлемiн, Қарыз алушының лизинг бойынша сыйақысының мөлшерiн және лизинг мерзiмiн келiседi.