Әкімшілік-аумақтық бірліктерді тарату туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.01.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әкімшілік-аумақтық бірліктерді тарату туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N№148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-тармақшасына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Заңының 5, 8, 11-баптарына сәйкес облыстық мәслихат пен облыс әкімияты ШЕШІМ ЕТЕДІ: Тұрғындары көшіп кетулеріне байланысты, төмендегі елді мекендер таратылып, есептік деректемелерден шығарылсын: Жылой ауданы бойынша: Биікжал поселкесі; Мұнайлы поселкесі; Қара-Арна селолық округінің Ащысай селосы; Қосшағыл поселкелік округінің Шұбыртпалы селосы.