Об утверждении Правил ведения реестра независимых экспертов медико-социальной экспертизы, а также основания включения в реестр и исключения из него Қолданыста
Басқа 0
Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының тізілімін жүргізу қағидаларын, сондай-ақ тізілімге енгізу және одан шығару негіздерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 156 бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ тізілімге енгізу және одан шығару негіздері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әдістеме және медициналық-әлеуметтік сараптаманы жетілдіру департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Басқа 0. Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз
сарапшыларының тізілімін жүргізу қағидалары,
сондай-ақ тізілімге енгізу және одан шығару негіздері
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2023 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 393 бұйрығына
қосымша
Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз
сарапшыларының тізілімін жүргізу қағидалары,
сондай-ақ тізілімге енгізу және одан шығару негіздері
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ тізілімге енгізу және одан шығару негіздері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 156-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының тізілімін жүргізу тәртібін, сондай-ақ тізілімге енгізу және одан шығару негіздерін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) еңбек саласында, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі мен халықты әлеуметтік қорғау саласындағы іске асырушылық және бақылау функцияларын өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын ведомствосы;
Тармақша 2
2) медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) – мүгедектікті және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеп (белгілемей), куәландырылатын адамның организмі функцияларының тұрақты бұзылуынан туындаған тыныс-тіршілігінің шектелуін бағалау, сондай-ақ оның әлеуметтік қорғау шараларын қажетсінуін айқындау;
Тармақша 3
3) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі – уәкілетті мемлекеттік органның медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізетін құрылымдық бөлімшесі;
Тармақша 4
4) медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшысы (бұдан әрі – МӘС тәуелсіз сарапшысы) – уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын талаптарға сәйкес келетін және медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының тізілімінде тұратын жеке тұлға;
Тармақша 5
5) медициналық–әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының тізілімі (бұдан әрі –тізілім) – мамандықтар бейінін көрсете отырып, сырттай проактивті куәландыруға қатысатын тәуелсіз сарапшылардың тізімі;
Тармақша 6
6) «Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «МОДБ» ААЖ) – мүгедектікті белгілеу, еңбек ету қабілетінен айырылу, абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу бойынша бизнес-процестерді автоматтандыруға, сондай-ақ МӘС бөлімдерінде куәландырудан өткен адамдар бойынша деректерді сақтау мен өңдеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
Тармақша 7
7) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 8
8) үміткер – медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының тізіліміне енгізу үшін құжаттар тапсырған Қазақстан Республикасының азаматы.
Тарау 2. 2-тарау. Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары тізілімін жүргізу тәртібі
2-тарау. Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары тізілімін жүргізу тәртібі
Тармақ 3
3. Тізілімді Комитет «МОДБ» ААЖ-да осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізеді.
Тармақ 4
4. Үміткерлердің құжаттарын қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру Комитеттің ресми сайтында құжаттарды қабылдау басталғанға дейін 10 (он) жұмыс күні бұрын жарияланады.
Хабарландыруда құжаттарды қабылдау мерзімі және тапсыру тәртібі туралы ақпарат, сондай-ақ:
Тармақша 1
1) орналасқан жері, пошталық мекенжайлары, телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайлары көрсетілген конкурс өткізетін мемлекеттік органның атауы;
Тармақша 2
2) осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген қажетті құжаттар тізімі;
Тармақша 3
3) МӘС тәуелсіз сарапшылары мамандықтарының атауы және олардың саны, негізгі функционалдық міндеттері, бекітілген тарифі және қызметтерді төлеу шарттары көрсетілген.
Тармақ 5
5. Тізілімге енгізу туралы өтінішке мынадай құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі:
Тармақша 1
1) жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім (резидентура) (бар болса): денсаулық сақтау (жалпы медицина, емдеу ісі, педиатрия) мамандықтары бойынша;
Тармақша 2
2) «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығының (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізілімінде 32922 нөмірімен тіркелген) (бұдан әрі - № 260 бұйрығы) 15-қосымшасына сәйкес, сырттай проактивті куәландыру жүргізілетін нозологиялық нысандар тізбесіне сәйкес мәлімделген медициналық мамандық бойынша немесе МӘС саласында кемінде 5 жыл үздіксіз еңбек өтілінің болуын растайтын құжат;
Тармақша 3
3) мәлімделген мамандық бойынша біліктілік деңгейін және оның клиникалық практикаға дайындығын қоса алғанда, кәсіби қызметке дайындығын растайтын клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатының немесе клиникалық практикаға жіберу үшін шетелдік маман сертификатының болуы;
Тармақша 4
4) МӘС жүргізу мәселелері бойынша соңғы 5 жылда жалпы көлемі кемінде 2 кредит (60 сағат) білім алғанын растайтын құжат. Аталған құжат МӘС бөлімдерінде 5 жылдан астам жалпы жұмыс өтілі болған жағдайда талап етілмейді;
Тармақша 5
5) мобильді азаматтар базасында (бұдан әрі – МАБ) абоненттік телефон нөмірін тіркеу туралы скриншот.
Тармақ 6
6. Үміткерлер уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі – әлеуметтік қызметтер порталына (http://aleumet.egov.kz) дербес деректерге қол жеткізу сервисі арқылы анықталған дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісе отырып («Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес), осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілімге енгізуге өтініш береді және іске асырылған интеграция мен «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар түріндегі мәліметтерді қалыптастырады:
Тармақша 1
1) жалпы медицина, емдеу ісі, педиатрия мамандығының сыныптауышына сәйкес келетін жоғары медициналық білімі туралы диплом (шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар үшін «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес құжаттың болуы қажет);
Тармақша 2
2) № 260 бұйрықтың 15-қосымшасына сәйкес сырттай проактивті куәландыру жүргізілетін нозологиялық нысандар тізбесіне сәйкес келетін мәлімделген медициналық мамандық бойынша немесе МӘС саласында кемінде 5 жыл үздіксіз еңбек өтілінің болуын растайтын құжат (Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат);
Тармақша 3
3) мәлімделген мамандық бойынша біліктілік деңгейін және оның клиникалық практикаға дайындығын қоса алғанда, кәсіби қызметке дайындығын растайтын клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты немесе клиникалық практикаға жіберу үшін шетелдік маман сертификаты;
Тармақша 4
4) МӘС жүргізу мәселелері бойынша соңғы 5 жылда жалпы көлемі кемінде 2 кредит (60 сағат) білім алғанын растайтын құжат. Аталған талап МӘС бөлімдерінде 5 жылдан астам жалпы жұмыс өтілі бар үміткерлерге таралмайды;
Тармақша 5
5) «Психиатрия» психикалық денсаулық орталығынан аурудың болмауы туралы;
Тармақша 6
6) «Наркология» психикалық денсаулық орталығынан аурудың болмауы туралы;
Тармақша 7
7) соттылығының болмауы туралы мәліметтер.
1), 2), 3) және 4) тармақшалар бойынша мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған кезде, растайтын электрондық құжаттар көшірмелері уәкілетті органның ақпараттық жүйесі - әлеуметтік қызметтер порталында «МӘС тәуелсіз сарапшылар кабинеті» модулі арқылы электрондық түрде ұсынылады (http://aleumet.egov.kz).
Тармақ 7
7. Комитет өтінішті қабылдаған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде:
Тармақша 1
1) ұсынылған құжаттардың толықтығы мен жарамдылық мерзімін, оның ішінде «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтер негізінде тексереді;
Тармақша 2
2) құжаттар топтамасы толық болған жағдайда осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда үміткерге міндетті тестілеуден өту қажеттілігі туралы СМС-хабарлама жолдайды және «МӘС тәуелсіз сарапшысының кабинетіне» skills.enbek.kz платформасында хабарламаны алған күннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде міндетті тестілеуден өту туралы ақпарат жібереді;
Тармақша 3
3) үміткерге осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысанда өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы СМС-хабарлама жолдайды және және «МӘС тәуелсіз сарапшысының кабинетіне» себептерін көрсете отырып, өтінішті қабылдаудан дәлелді бас тарту туралы ақпарат жолдайды:
құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну және (немесе) олардың жарамдылық мерзімінің аяқталуы;
осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген мәліметтердің анықталуы.
Тармақ 8
8. Тестілеу прокторинг жүйесін қолдану арқылы skills.enbek.kz платформасында үміткердің таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілінде ақылы негізде өткізіледі.
Тесттер Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласы, МӘС жүргізу негіздері, куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін бағалау бойынша 90 сұрақтан тұрады.
Тестілеу уақыты 90 минутты қамтиды.
Тестілеу барысында үміткерлерге үшінші тұлғаларға көмек көрсетуге, көмекші құжаттарды (анықтамалық, арнайы әдебиет), байланыс құралдарын, электрондық жеткізгіште жазбаларды пайдалануға жол берілмейді.
Тармақ 9
9. Тестілеу нәтижелері сұрақтардың жалпы санынан кемінде 70 % дұрыс жауап және прокторинг жүйесінің оң қорытындысы болған кезде оң деп есептеледі.
70 %-дан аз дұрыс жауаптар және/немесе прокторинг жүйесінің теріс қорытындысын алған жағдайда және/немесе ақпараттық жүйелердің жұмысындағы техникалық іркілістер туралы актімен расталған мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің жұмысында техникалық іркілістер туындаған жағдайда, үміткерлердің skills.enbek.kz платформада бір реттік қайта тестілеу осы Қағидалардың 8-тармағының 2) тармақшасына сәйкес мерзімдерде рұқсат етіледі.
Тестілеу нәтижесі автоматты түрде қалыптастырылады және «Комитеттің кабинетіне» және «МӘС тәуелсіз сарапшысының кабинетіне» жіберіледі.
Тестілеу нәтижесі теріс болған жағдайда және/немесе прокторинг жүйесінің теріс қорытындысы болған жағдайда немесе осы Қағидалардың 8-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мерзімде тестілеуден өтпеген жағдайда үміткерге автоматты түрде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысанда тізіліміне енгізуден бас тарту туралы СМС-хабарлама жіберіледі.
Тармақ 10
10. Тестілеу нәтижесі оң болған жағдайда, Комитет 5 (бес) жұмыс күні ішінде тізілімге енгізу туралы шешім қабылдайды, шарт әзірлейді және МӘС тәуелсіз сарапшыларына ЭЦҚ-мен қол қоюға жібереді.
МӘС тәуелсіз сарапшысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде шартқа ЭЦҚ-мен қол қоймаған жағдайда, МӘС тәуелсіз сарапшысына автоматты түрде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысанда сарапшылар тізіліміне енгізуден бас тарту туралы СМС-хабарлама жіберіледі.
Тармақ 11
11. Комитет МӘС тәуелсіз сарапшысы шартқа қол қойған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оның деректерін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда «МОБД» ААЖ-де тізілімге енгізеді.
Тарау 3. 3-тарау. Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының тізіліміне енгізу негіздері
3-тарау. Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының тізіліміне енгізу негіздері
Тармақ 12
12. Үміткердің осы Қағидалардың 2-тарауының 5, 6-тармақтарына сәйкес талаптарға сәйкестігі МӘС тәуелсіз сарапшыларының тізіліміне енгізу үшін негіз болып табылады.
Тарау 4. 4-тарау. Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшысын тізілімнен шығару негіздері
4-тарау. Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшысын тізілімнен шығару негіздері
Тармақ 13
13. Комитеттің МӘС тәуелсіз сарапшысын тізілімнен шығару негіздері:
Тармақша 1
1) Әлеуметтік кодекстің 156-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 408 «Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары жұмысының нәтижелерін бағалау қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33482 болып тіркелген) сәйкес тәртіпте өткізілген МӘС тәуелсіз сарапшылары жұмыс нәтижелерін бағалаудың ай сайынғы/жылдық қорытындысы;
Тармақша 2
2) тізілімге қайта енгізу құқығынсыз шартта анықталған куәландыру бойынша бекітілген жоспарлы көрсеткішті жүйелі түрде (3 реттен астам) орындамаған кезде шартты бұзу;
Тармақша 3
3) «МӘС тәуелсіз сарапшысы Кабинетіне» осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілімінен шығаруға өтініш қалыптастырғанда;
Тармақша 4
4) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған МӘС тәуелсіз сарапшысы;
Тармақша 5
5) МӘС тәуелсіз сарапшысы Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткенде;
Тармақша 6
6) МӘС тәуелсіз сарапшысы қайтыс болғанда.
Тармақ 14
14. МӘС тәуелсіз сарапшысын тізілімнен шығару кезінде немесе еңбекке уақытша жарамсыздық парағында болған жағдайда, сараптамалық шешім шығарылмаған МӘС актісінің жобасы тізілімдегі МӘС тәуелсіз сарапшылар арасында таратылып және келіп түскен күннен кейін 3 (үш) жұмыс күн ішінде қаралады.
Тармақ 15
15. МӘС тәуелсіз сарапшыларының өтініштері мен шағымдарын қарау Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Басқа 1. Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз
сарапшыларының тізілімі
Медициналық-әлеуметтік
сараптаманың тәуелсіз
сарапшыларының тізілімін
жүргізу қағидаларына,
сондай-ақ тізілімге енгізу және
одан шығару негіздеріне
1-қосымша
Нысан
Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз
сарапшыларының тізілімі
№
ЖСН
Маманның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Тұрғылықты жері
Мамандық бейіні
1
2
3
4
5
кестенің жалғасы
Куәландыру жүргізілетін нозологиялық формалар (АХЖ10)
Тізілімге енгізілген күні
Тізілімнен шығару
Күні
Себебі
6
7
8
9
Басқа 2. _________________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)
Медициналық-әлеуметтік
сараптаманың тәуелсіз
сарапшыларының тізілімін
жүргізу қағидаларына,
сондай-ақ тізілімге енгізу және
одан шығару негіздеріне
2-қосымша
_________________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)
Медициналық-әлеуметтік сараптаманың сарапшылар тізіліміне мені,
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
___________________________________________ мекенжайы бойынша тұратын
___________________________нозологиялық нысандар бойынша медициналық-
әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшысы ретінде қосуды сұраймын.
Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының
тізіліміне (бұдан әрі – тізілімі) енгізу үшін тізілімнен шыққанға дейін қажетті
менің дербес деректерімді және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді жинауға және өңдеуге келісім беремін («Дербес деректер және
оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес).
Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар бергенім үшін
жауапкершілік туралы ескертілдім.
Тізілімге енгізу кезінде техникалық қамтамасыз етуді өзім реттеу
қажеттілігі туралы ескертілдім:
«МОДБ» ААЖ-де жұмыс жасау үшін қажет техникалық сипаттамалары
бар компьютер немесе ноутбуктың болуы;
«МОДБ» ААЖ-ге USB-модем арқылы қосылу мүмкіндігі бар интернеттің болуы.
МӘС тәуелсіз сарапшысының қызметін төлеудің бекітілген тарифтерімен
таныстым және келісемін.
Электрондық мекенжай (міндетті):____________@______
Телефон нөмірі:
20 ___ жылғы «___» _____________
Қолы / ЭЦҚ____________
_________________________________________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)
дербес деректердің трансшекаралық берілуінің жоқтығы, сондай-ақ жалпыға
қолжетімді көздерде дербес деректердің таралуының жоқтығы туралы хабарлайды.
Жиналатын деректердің тізбесі: ТАӘ, ЖСН, банк деректемелері,
электрондық пошта, телефон нөмірі.
Басқа 3. Құрметті (үміткердің Т.А.Ә.) !
Медициналық-әлеуметтік
сараптаманың тәуелсіз
сарапшыларының тізілімін
жүргізу қағидаларына, сондай-ақ
тізілімге енгізу және одан
шығару негіздеріне
3-қосымша
Нысан
Құрметті (үміткердің Т.А.Ә.) !
Медициналық - әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының тізіліміне енгізу үшін Сізге осы СМС-хабарламаны алған күннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде skills.enbek.kz платформасында тестілеуден өту қажет.
Басқа 4. Құрметті (үміткердің Т.А.Ә.) !
Медициналық-әлеуметтік
сараптаманың тәуелсіз
сарапшыларының тізілімін
жүргізу қағидаларына, сондай-ақ
тізілімге енгізу және одан
шығару негіздеріне
4-қосымша
Нысан
Құрметті (үміткердің Т.А.Ә.) !
Сізге медициналық-әлеуметтік сараптаманың сарапшылар тізіліміне енгізу үшін өтінішті қабылдаудан бас тартылғаны туралы хабарлаймыз (бір немесе бірнеше себептерді көрсете отырып):
1. Құжаттар топтамасын толық емес ұсыну:
жоғары медициналық білім туралы дипломның болмауы;
үздіксіз жұмыс өтілін растайтын құжаттың болмауы;
медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу мәселелері бойынша соңғы 5 жылды оқытуды аяқтағанын растайтын құжаттың болмауы.
мәлімделген мамандық бойынша біліктілік деңгейін және оның клиникалық практикаға дайындығын қоса алғанда, кәсіби қызметке дайындығын растайтын клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты немесе клиникалық практикаға жіберу үшін шетелдік маман сертификаттың болмауы;
мобильді азаматтар базасында (бұдан әрі – МАБ) абоненттік телефон нөмірін тіркеу туралы скриншоттың болмауы.
2. Жарамдылық мерзімі өткен құжаттарды ұсыну:
жеке басын куәландыратын құжат;
мәлімделген мамандық бойынша біліктілік деңгейін және оның клиникалық практикаға дайындығын қоса алғанда, кәсіби қызметке дайындығын растайтын клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты немесе клиникалық практикаға жіберу үшін шетелдік маман сертификаты.
Басқа 5. Құрметті (Үміткердің Т.А.Ә.) !
Медициналық-әлеуметтік
сараптаманың тәуелсіз
сарапшыларының тізілімін
жүргізу қағидаларына, сондай-ақ
тізілімге енгізу және одан
шығару негіздеріне
5-қосымша
Нысан
Құрметті (Үміткердің Т.А.Ә.) !
Сізді медициналық - әлеуметтік сараптама сарапшылар тізіліміне енгізуден бас тартылғаны туралы хабардар етеміз (бір немесе бірнеше себептерді көрсете отырып):
- skills.enbek.kz платформасында тестілеудің теріс нәтижесіне байланысты;
- skills.enbek.kz платформасында прокторинг жүйесінің теріс қорытындысына байланысты;
- хабарлама алған күннен кейін 10 (он) күнтізбелік күн ішінде skills.enbek.kz платформасында міндетті немесе қайталама тестілеуден өтпеуіне байланысты.
- 3 (үш) жұмыс күні ішінде шартқа қол қойылмаған жағдайда.
Басқа 6. _________________________________________________________
(толық атауы мемлекеттік органның)
Медициналық-әлеуметтік
сараптаманың тәуелсіз
сарапшыларының тізілімін
жүргізу қағидаларына, сондай-ақ
тізілімге енгізу және одан
шығару негіздеріне
6-қосымша
Нысан
_________________________________________________________
(толық атауы мемлекеттік органның)
Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының
тізілімінен мені, ________________________________ шығаруды сұраймын.
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Негіздеме ___________________________________________
Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының
тізілімінен шығару үшін қажетті менің дербес деректерімді және заңмен
қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді «Дербес деректер және оларды
қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес жинауға
және өңдеуге келісім беремін.
Электрондық мекенжай (міндетті):__________________@______
Телефон нөмірі:
20___ жылғы «___» _______
Қолы/ЭЦҚ_________