Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел занятости и социальных программ города Усть-Каменогорска» Қолданыста
Басқа 0
«Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 124-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы қоса берілген Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 386 «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Өскемен қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5. «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 19 қыркүйек
№ 3076 қаулысымен
бекітілген
«Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Бөлімнің мынадай ведомстволары бар:
Тармақша 1
1) Өскемен қаласы әкімдігінің «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) Өскемен қаласы әкімдігінің «Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Бөлімнің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Шәкәрім даңғылы, 149/10, пошта индексі 070002.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Бөлімге заңдармен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты:
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынуы;
мемлекеттік қызмет көрсету;
мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсету және қайырымдылық көмек көрсетуде үйлестіру;
халықты әлеуметтік қорғау, халықтың әлеуметтік осал топтарына атаулы көмек көрсету;
мемлекеттік органдар мен ұйымдардың кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі қызметін үйлестіру және өзара іс-қимылын ұйымдастыру арқылы іске асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) Бөлімге ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін үйлестіру;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен Бөлімге жүктелген өзге мақсаттар.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
өз құзыреті шегінде ведомстволық бағынысты мекемелердің орындауы үшін міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар, актілер шығару;
өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардан өз міндеттері мен функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныстар енгізу;
өз құзыреті шегінде халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері бойынша лауазымды адамдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құзырет шеңберінде бөлімнің қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп әзірлеу үшін қаланың жергілікті атқарушы органдары мен ұйымдарының қызметкерлерін тарту;
Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңестер өткізуге бастамашылық жасау;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген өзге құқықтарды жүзеге асыру.
Тармақша 2
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, сондай-ақ осы Ережені сақтау;
көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету;
өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға қажетті ақпаратты ұсыну;
әзірлеушісі бөлім болып табылатын әкімнің және әкімдіктің нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық мониторингті жүзеге асыруға және оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу не олардың күші жойылды деп тану бойынша уақтылы шаралар қабылдау;
барлық ұйымдарда өз құзыреті шегінде басқарманың мүддесін білдіреді және олардың құқықтарын қорғау;
жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) Бөлімнің құзыретіне кіретін әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
Тармақша 2
2) қаладағы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау және облыстың жергілікті атқарушы органын хабардар ету;
Тармақша 3
3) облыстың жергілікті атқарушы органдарына халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары бойынша ұсыныстар енгізу;
Тармақша 4
4) өңірлік жұмыспен қамту картасын және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру;
Тармақша 5
5) ұлттық жобалар, облыстың даму жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) кәсіпкерлік бастаманы дамыту арқылы облыстық маңызы бар қаланың жұмыс орындарын құруды қолдау;
Тармақша 7
7) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру мақсатында облыстың жергілікті атқарушы органдарына адамдарды ерікті түрде көшіру үшін елді мекендерді айқындау жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 8
8) жұмыс орындарын босату және қысқарту тәуекелдері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асыру;
Тармақша 9
9) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек ұтқырлығы орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 10
10) қарауындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді құру және олардың қызметі;
Тармақша 11
11) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынуы;
Тармақша 12
12) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
Тармақша 13
13) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізу;
Тармақша 14
14) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі қызметтерді орналастыру;
Тармақша 15
15) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шаралар қабылдау;
Тармақша 16
16) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 17
17) мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсету және қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру;
Тармақша 18
18) жеке бағдарламаға сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеуді қамтамасыз ету;
Тармақша 19
19) мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;
Тармақша 20
20) жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедек адамдар үшін жеке көмекшіні, жеке бағдарламаға сәйкес есту қабілеті нашар адамдар үшін жестау тілі маманын қызметтермен қамтамасыз ету;
Тармақша 21
21) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмектің қосымша шараларын ұсыну;
Тармақша 22
22) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қатысты мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 23
23) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның, бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның, бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лаузымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Бөлімнің бірінші басшысының орынбасарлары болады, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 19
19. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Бөлім қызметінің мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы ережеде айқындалатын оның құзыретіне сәйкес шешеді;
Тармақша 2
2) Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады, Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мекеме қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен мекеме қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) мекеме қызметкерлерінің өкілеттіктерін айқындайды және лауазымдық нұсқаулықтарды бекітеді;
Тармақша 6
6) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 7
7) Бөлімнің перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
8) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңестер шақырады;
Тармақша 9
9) барлық ұйымдарда бөлімнің мүдделерін білдіреді;
Тармақша 10
10) азаматтардың жеке қабылдауын жүргізеді;
Тармақша 11
11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Бөлімнің өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Бөлімді қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.