Об утверждении проекта (схемы) зонирования земель, повышении ставок земельного налога Каркаралинского района Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарқаралы ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 8 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 510 бабының 1 тармағына сәйкес, Қарқаралы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Қарқаралы ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Қарқаралы ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасының (схемасының) негізінде жер салығының базалық мөлшерлемелеріне жер салығы мөлшерлемелері арттырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.