Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба в селе Жетижар Жетижарского сельского округа Бескарагайского района области Абай Күшін жойған
Басқа 0
Абай облысының Бесқарағай ауданының
Жетіжар ауылдық округінің Жетіжар ауылында
жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы
төтенше жағдай жариялау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48- бабына, 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың жіктемесін белгілеу туралы» бұйрығына, Бесқарағай ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның 2023 жылғы 19 қыркүйектегі №9 кезектен тыс отырысының хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Абай облысы Бесқарағай ауданының Жетіжар ауылдық округінің Жетіжар ауылының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу үшін аудан әкімінің орынбасары А.Т.Тастенбеков төтенше жағдайды жою жөніндегі басшысы болып тағайындалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.