Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-және 50-баптарына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» № 240 бұйрығына сәйкес, Павлодар қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі қалалық комиссиясының кезектен тыс отырысының 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 3 хаттамасы негізінде ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Павлодар қаласының аумағында Центральная көшесі 2, 6, 8 мекенжайында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Техногендiк сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Павлодар қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары тағайындалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.