Об образовании комиссии по проведению конкурсов инвестиционных программ на получение права недропользования для разведки и/или добычи общераспространенных полезных ископаемых в Кызылординской области Қолданыста
Басқа 0
Қызылорда облысында кең таралған қазба байлықтарды барлау және/немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалар конкурстарын өткізу жөніндегі комиссия КҰРУ туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 Заң күші бар Жарлығы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жер қойнауын пайдалану құқығын берудің Ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 21 қантардағы № 108 қаулысына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қызылорда облысында кең таралған қазба байлықтарды барлау және/немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалар конкурстарын өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылып 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Комиссия жөніндегі Ереже 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Комиссия жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалар конкурстарын заңнамада белгіленген тәртіппен өткізсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.С.Ретаевқа жүктелсін.
Басқа 5
Облыс әкімиятының
2003 жылғы «15» тамыздағы
№ 585 қаулысымен бекітілген
1-ші қосымша
Қызылорда облысында кең таралған қазба
байлықтарды барлау және\немесе өндіруге жер қойнауын
пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалар
конкурстарын өткізу жөніндегі комиссия
Серік Сәлімұлы Ретаев - облыс әкімінің орынбасары, төраға
Әуезхан Әбдіқалықұлы Уромбаев -облыстық энергетикалық инфрақұрылым және
-минералдық ресурстар баскармасының бастығы, төраға
орынбасары
Мұқтар Ысқақұлы -облыстық энергетикалық инфрақұрылым және минералдық Қарқынбаев ресурстар басқармасының минералдық ресурстар бөлімінің
бастығы, хатшы
Шапшаңов Қуанышқали Рахманбердіұлы -облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы
(келісім бойынша)
Әлібек Балықбайұлы Тілегенов-Қызылорда облысы бойынша салық комитетінің
төрағасы (келісім бойынша)
Балжан Мөрәліқызы Шәменова-облыстық экономика басқармасының бастығы
Шахизат Балтабайұлы Қалбергенов -Қызылорда аймақтық жер қойнауын қорғау және
пайдалану жөніндегі инспекция бастығы (келісім бойынша)
Басқа 6
Облыс ӘКІМІЯТЫНЫҢ 2003 ЖЫЛҒЫ
« 15 » тамыздағы № 585 қаулысымен
бекітілген
2-ші қосымша
Қызылорда облысында кең таралған
қазба байлықтарды барлау және/немесе өндіруге
жер қойнауын пайдалану құқыгын алуға
инвестициялық бағдарламалар конкурстарын
өткізу жөніндегі комиссия туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже Қызылорда облысында кең таралған қазба байлықтарды барлау жэне/немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалардың конкурстарын өткізу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі-Комиссия) жұмысын ұйымдастыру және оның қызметін реттеу тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Комиссия инвестициялық бағдарламалардың конкурсын өткізу әрі Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес конкурс жеңімпазына жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін оны анықтау мақсатында құрылған тұрақты қызмет ететін орган болып табылады.
Тармақ 3
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен зандарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің кесімдерін және Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану және мұнай операцияларын жүргізу саласындағы құқықтық кесімдерін басшылыққа алады.
Тармақ 4
4. Комиссияның дербес және сандық кұрамы Қызылорда облысы әкімиятының қаулысымен бекітіледі.
Тармақ 2
2. Комиссияның міндеттері мен функциялары
Тармақ 5
5. Комиссияның негізгі міндеті жер койнауын пайдалану құқығын алуға иивестициялық бағдарламалар конкурсына қатысушылардың ішінен жеңімпазды анықтау болып табылады. Комиссия сонымен қатар, кең таралған қазба байлықтарды коммерциялық мақсатта емес жер қойнауын пайдалануға өтінімдерді және жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттардың айыру сұрақтарын қарайды.
Тармақ 6
6. Комиссияның қызмет саласындағы функциялары.
Тармақша 1
1)конкурстық ұсыныстарды уақтылы және сапалы қарауды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2)тиісті тұлғалар ұсынған конкурстық ұсыныстарды бағалау.
1.Комиссияның жұмыс істеу тәртібі
1.Комиссияны төраға басқарады.
2.Комиссия мәжілістері қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына бір реттен жиі болмай өткізіледі және егер оған комиссия мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, занды деп саналады.
3.Облыстық энергетикалық инфрақұрылым және минералдық ресурстар басқармасы құзыретті орган ретінде конкурстық ұсыныстарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бір апта мерзімде бұл туралы комиссия төрағасын жазбаша түрде жер қойнауын пайдалану объектілері мен өтініш білдірушілердің тізімін көрсете отырып хабардар етеді. Комиссия төрағасы құзыретті органның хабарламасы негізінде комиссияның мәжілісі болатын күн, орын және уақыт туралы шешім қабылдайды.
4.Комиссия мәжілісінде хатшы конкурстық ұсыныстар салынған пакеттерді ашады.
5.Комиссияның барлық мүшелері алынған конкурстық ұсыныстарды зерделеп шыққаннан кейін, комиссияның әрбір мүшесі қаралған жер қойнауын пайдалану объектілері жөнінде дауыс беру парақтарын толтырады. Жер қойнауы учаскелерінің (блоктарының) атауы бар дауыс беру парағын құзыретті орган жасайды және конкурстық ұсыныстар салынған пакеттер ашылғаннан кейін комиссияның барлық мүшелеріне таратылады. Комиссия мүшелері толтырылған және қол қойылған дауыс беру парақтары комиссияның хатшысына журналға тіркелуге беріледі.
6.Конкурс жеңімпазы туралы түпкілікті шешімді мәжіліске қатысушы комиссия мүшелері дауыс беру парақтарының негізінде қабылдайды. Комиссия мәжілісі аяқталғаннан кейін, комиссия хатшысы жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалардың конкурстарын өткізу жөніндегі комиссия отырысының хаттамасын ресімдейді. Хаттамаға комиссияның мәжілісіне қатысқан барлық мүшелері мен комиссияның төрағасы қол қояды.
7.Комиссияның шешімі оның мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады және құзыретті орган мен конкурсқа қатысушылар үшін міндетті сипатта болады.
8.Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған кезде төрағаның дауысы шешуші болып саналады.
9.Егер конкурсқа қатысушы дауыс берген комиссия мүшелері санының жартысынан артық дауыс алмаған жағдайда, неғұрлым көп дауыс алған екі өтініш беруші бойынша қайтадан дауыс беру өткізіледі.
16.Егер екіден артық өтініш беруші көп дауыс алған жағдайда, конкурстың түпкілікті женімпазын анықтау мақсатында конкурс женімпаздарының «қысқа тізімі» (аралық тізімі) жасалады.
4.Комиссияның құқықтары
17.Комиссияның белгіленген тәртіппен және оның құзыретіне енетін мәселелер бойынша мынадай құқықтары бар:
Тармақша 1
1)конкурсқа қатысу үшін қабылданған конкурстық ұсыныстарды бағалауға, салыстыруға және женімпазды анықтауға;
Тармақша 2
2)конкурсқа қатысушылар берген конкурстық ұсыныстар шамамен тең болған жағдайда олардың конкурстық ұсыныстарын жақсарту жөнінде шешімдер қабылдауға;
Тармақша 3
3)конкурс жеңімпазын анықтауға;
Тармақша 4
4)бір ғана өтініш беруші қатысқан жағдайда конкурсты өткізілмеді деп тануға және жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалардың конкурсынан объектіні алып тастауға немесе қайтадан конкурс тағайындауға;
Тармақша 5
5)конкурстық ұсыныстарды қарауды, бағалауды және салыстыруды женілдету үшін конкурсқа қатысушылардан олардың конкурстық ұсыныстарына байланысты түсініктемелерді сұратуға;
Тармақша 6
6)мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, өзге тұлғалардан қажетті ақпаратты сұратуға;
Тармақша 7
7)мәжілістерде комиссия мүшелерін, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың жауапты өкілдерін, өзге де тұлғаларды тындауға;
Тармақша 8
8)комиссияның құрамын өзгерту туралы ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 9
9)конкурстық ұсыныс Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 қантардағы №108 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын берудің тәртібінің ережелері сақталмай берілген жағдайда оны қарамауға;
Тармақша 10
10)қажет болған кезде тиісті салалардағы мамандардың ішінен сарапшыларды тартуға;
Тармақша 11
11)заңнамада көзделген тәртіппен жер қойнауын пайдалану құқығын алуға өтініш берушіні конкурста женімпаз деп тану туралы бұрын қабылданған шешімнің күшін жоюға;
Тармақша 12
12)Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
5.Комиссия қызметінің тоқталуы
18.Комиссия Қызылорда облысы әкімиятының қаулысы негізінде өз қызметін тоқтатады.