Қолданыстағы ред. 14.08.2003

Агроөнеркәсіп секторының даму мәселелері жөніндегі облыс әкімі жанындағы үйлестіру кеңесін құру туралы от 14.08.2003 г. № 577 (Агроөнеркәсіп секторының даму мәселелері жөніндегі облыс әкімі жанындағы үйлестіру кеңесін құру туралы)

0

Агроөнеркәсіп секторының даму мәселелері жөніндегі облыс әкімі жанындағы үйлестіру кеңесін құру туралы
Облыстың агроөнеркәсіп секторының дамуына байланысты мәселелерді тиімді шешу, осы мақсатта бірлесіп әрекет етуді қамтамасыз ету, ақпаратпен алмасу, өзара кеңесу, саланың дамуын көздейтін және жаңа технологиялар еңдіру мен инвестиция тарту үшін басым бағыттарды анықтау, су, жер, орман, аң және балық шаруашылығы мәселелері жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстарды саралау мақсатында, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Мынадай құрамда агроөнеркәсіп секторының даму мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылсын:
Мұхамедов Бағдат - облыс әкімінің орынбасары, төраға
Бахтиярұлы
Жолдасбаев Нұрлыбек - облыстық ауыл шаруашылығы
Қалжатайұлы басқармасының бастығы, төраға орынбасары
Кеңес мүшелері:
Шаменова Балжан Мөрәліқызы - облыстық экономика басқармасының бастығы
Балкеев Пернебай Ақтайұлы - ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің
облыстық аумақтық ауылшаруашылық
басқармасының бастығы (келісім бойынша)
Сүйіндіков Мухамбетжан Есқожаұлы - жер ресурстарын басқару жөніндегі облыстық комитеттің төрағасы
(келісім бойынша)
Әжібеков Қалқазбек Әжібекұлы - облыстық қаржы басқармасының бастығы
Тауіпбаев Сұлтанбек Тауіпбайұлы - “Қызылордасушаруашылығы” ОКМК директоры
Қарлыханов Төрехан Қарлыханұлы - Арал өңірі агроэкология және ауыл
шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты-
ның директоры (келісім бойынша)
Ахметов Байкенже Қалдыбекұлы - облыстық орман және жануарлар дүниесін
қорғау басқармасының бастығы
Ысмаилов Мухитдин - “Сыр бойы орманы” КМК директоры
Ахметов Қуанышбек Ахметұлы - облыстық табиғатты қорғау шаралары
жөнінде басқармасының бастығы
Абибулаев Ибрагим Сражаддинұлы - ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің
облыстық аумақтық орман және аңшылық
шаруашылығы басқармасының бастығы (келісім бойынша)

2

2. Үйлестіру кеңесінің Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3

3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б. Мұхамедовқе жүктелсін.

4. Жалпы ережелер

Облыс ӘКІМИЯТЫНЫҢ
2003 жылғы “ 11” тамыздағы
№577 каулысымен бекітілді
Агронеркәсіп секторының даму мәселелері жөніндегі облыс әкімі жанындағы үйлестіру кеңесінің
ЕРЕЖЕСІ
Жалпы ережелер

1

1. Осы ереже облыстың аграрлық секторындағы облыстық басқармалар, мекемелер мен кәсіпорындар басшыларының үйлестіру кеңесінің құқықтық статусын, міндеттерін және ұйымдастыру негіздерін айқындайды.

2

2. Үйлестіру кеңесі (бұдан былай Кеңес) - ол облыстың агроөнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарын дамыту шеңберінде мемлекеттік және аймақтық саясатты жүргізу жөніндегі жұмыстарды реттеу, бақылау және үйлестіру үшін, саланың дамуының басым бағыттарын және оны қолдау шараларын анықтау, осы мәселелер жөнінде облыс әкіміне дайындалған ұсыныстарды қарап, сараптау мақсатында ұйымдастырылған салааралық қарым-қатынас, кеңесу органы.

3

3. Кеңесті облыс әкімияты жергілікті атқарушы органдардың, орталық атқару органдарының аумақтық басқармалары мен комитеттерінің басшыларынан, ғалымдар мен заңгерлерден құрады.

4

4. Кеңес өзінің жұмысында Қазақстан Республикасының заңнамасы мен басқа нормативті-құқықтық актілерін, облыс әкімиятының қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері, өкімдері мен тапсырмаларын, және осы Ережені басшылыққа алады.

5. Міндеттері мен мақсаттары

5. Кеңестің шешімдері ұсыныс сипатында болады.
Міндеттері мен мақсаттары

6

6. Кеңестің негізгі мақсаттары:
саланың дамуына байланысты мәселелерді тиімді шешу мақсатында бірлесіп әрекет етуді қамтамасыз ету, ақпаратпен алмасу, өзара кеңесу;
облыстың агроөнеркәсіп секторының дамуын көздейтін және жаңа технологиялар еңдіру, инвестиция тарту үшін басым бағыттарды анықтау, су, жер, орман, аң және балық шаруашылығы мәселелері жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар шығару болып табылады.

7

7. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес, белгіленген тәртіпте және өзінің қызмет бабы шегінде мынадай міндеттерді атқарады:

1

1) салалардың дамуының актуалды мәселелерін және оларды шешу жөнінде ұсыныстарды қарайды;
облыстың су шаруашылығын жетілдіру, суару жүйелерін тиімді пайдалану, су шаруашылығы объектілеріне меншік түрін өзгерту жөнінде;
жеке меншікке ұсынылатын жер учаскілерінің шекті көлемі және Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жоспарланған басқа шаралар жөнінде;
элиталық тұқым шаруашылығын, малдәрігерлік қызметтің бәсекелес секторын, өсімдіктерді қорғау мен олардың карантині, малды асылдандыру ісін дамыту мен оларды қолдау шаралары туралы;
қаржылай және басқа қолдауды талап ететін агроөнеркәсіп секторының салаларын дамытудың басқа мәселелерін қарайды;

2

2) ауыл шаруашылығы мен оның ілеспелі салаларын, су, жер, орман, аң және балық шаруашылығын дамытуға бағытталған мемлекеттік және аймақтық бағдарламалардың орындалу барысын қарайды;

3

3) өндіріс пен ауыл шаруашылығына ілеспелі салаларға жаңа технологиялар мен озық тәжірибелерді еңдіру, салалардың даму тенденцияларын болжамдау жөнінде ұсынымдар мен әдістемелер шығаруды ұйымдастырады;

4

4) агросекторда мол табысты өндірістер мен қызмет түрлерін дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды әзірлеу мен қолдану жұмыстарын үйлестіреді;

5. Үйлестіру кеңесінің құқықтары

5) аграрлық нарықты реттеу механизмін, нарықтық инфрақұрылымдар құру және агроөнеркәсіп кешенінің барлық тауар өндірушілеріне қажетті экономикалық жағдайлар жасауға ықпал етеді.
Үйлестіру кеңесінің құқықтары
Үйлестіру кеңесі:

8

8. Мемлекеттік және аймақтық даму бағдарламаларының, ауыл
шаруашылығы мен оның ілеспе салалары, су, жер, орман және аң, балық шаруашылығының даму мәселелері жөнінде облыс әкімиятының қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері, өкімдері мен тапсырмаларының орындалу барысын қарауға;

9

9. Қарым-қатынасты кеңейту үшін қолайлы жағдайлар жасау және ортақ
стратегиялық жоспарлар дайындау мақсатында үйлестіру кеңесінің мүшелерінен экономикалық талдау жүргізуді, үйлестіру кеңесінің шешімдері мен ұсынымдарының орындалуын сұратуға;

10

10. Салалардың дамуына байланысты актуалды мәселелер бойынша облыс әкіміне ұсыныстар беруге құқылы.
Үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастыру

11

11. Кеңесте жұмыс жүргізудің негізгі нысаны мәжіліс болып табылады, ол айына бір рет, үйлестіру кеңесінің басшысының төрағалығымен өткізіледі.
Қажеттілігіне қарай кеңестің қосымша мәжілістері өткізілуі мүмкін.
Мәжіліске үйлестіру кеңесіне мүше органдардың басшылары немесе олардың орынбасарлары қатысады. Кеңестің жұмысына қажет болған жағдайда басқа салалардың мамандары тартылады.

12

12. Кеңесте түйінді мәселелер бойынша шешімдер мәміле негізінде, көпшілік дауыспен қабылданады.
Кеңес мүшелері тең құқылы.