О благотворительном месячнике «Дни милосердия» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.09.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Мейірбандық күндері" қайырымдылық айлығы туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында мүгедектер күнін белгілеу туралы" Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 29 желтоқсандағы №1758 қаулысымен бекітілген Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасын басшылыққа алып, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қайырымдылық шараларын өткізудегі дәстүрді сақтай отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыста 2003 жылдың 25 қыркүйегінен 25 қазанына дейін "Мейірбандық күндері" қайырымдылық айлығы жариялансын.
Тармақ 2
2. Аудандардың және Орал қаласының әкімдері жалғызбасты қартайған азаматтарға, мүгедектерге, көпбалалы және табысы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі шараларды ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Облыстық білім беру, мәдениет, туризм және спорт басқармалары қайырымдылық айлығы шеңберінде мәдени-бұқаралық және спорт шараларын өткізсін.
Тармақ 4
4. Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы қайырымдылық айлығы күндерінде өткізілген шараларды кеңінен жарияласын.
Тармақ 5
5. Меншіктің нысанына қарамастан облыс пен қала кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің, қоғамдық қорлардың, қоғамдық және коммерциялық құрылымдардың басшыларына "Мейірбандық күндері" қайырымдылық айлығына белсене қатысуға ұсыныс жасалсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Қ. Есенғалиевке жүктелсін.