Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Актогайского сельского округа Шалкарского района Актюбинской области Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Ақтоғай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде № 32894 болып тіркелген) сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Ақтоғай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Ақтоғай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Қотыртас, Ақтан батыр, Қорғанжар ауылдарының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Шалқар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 222 «Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Ақтоғай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Шалқар аудандық мәслихатының
2023 жылғы «15» қыркүйектегі
№ 94 шешіміне 1 қосымша
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Ақтоғай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Ақтоғай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде № 32894 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және Ақтоғай ауылдық округінің ауылдық округ тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны- ауылдық округтің тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;
Тармақша 2
2) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.
Тарау 2. 2 тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі
2 тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
Тармақ 5
5. Ақтоғай ауылдық округінің әкімі жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын шақырады және өткізуді ұйымдастырады.
Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.
Тармақ 6
6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастықтың халқын Ақтоғай ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.
Тармақ 7
7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында тиісті учаскеден қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы учаскеде тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Ақтоғай ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Ақтоғай ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
Тармақ 9
9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын аудандық мәслихат бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары ұсынады.
Тармақ 10
10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.
Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
Тармақ 11
11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін тиісті Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.
Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:
Тармақша 1
1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілген күні мен орны;
Тармақша 2
2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;
Тармақша 3
3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;
Тармақша 4
4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
Тармақша 5
5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.
Басқа 26
Шалқар аудандық мәслихатының
2023 жылғы «15» қыркүйектегі
№ 94 шешіміне 2 қосымша
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Ақтоғай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Қотыртас, Ақтан батыр, Қорғанжар ауылдарының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
№
Елді мекеннің атауы
Жергілікті қоғамдастық
жиынына қатысу
үшін өкілдерінің
саны (адам)
1.
Ақтоғай ауылдық округі Қотыртас ауылының Бейбітшілік көшесі тұрғындары үшін
1
2.
Ақтоғай ауылдық округі Қотыртас ауылының Саябақ, Мектеп көшелері тұрғындары үшін
1
3.
Ақтоғай ауылдық округі Қотыртас ауылының
Наурыз көшесі тұрғындары үшін
1
4.
Ақтоғай ауылдық округі Қотыртас ауылының Теміржолшылар, Желтоқсан көшелері тұрғындары үшін
1
5.
Ақтоғай ауылдық округі Қотыртас ауылының Казарма көшесі тұрғындары үшін
1
6.
Ақтоғай ауылдық округі Ақтан батыр ауылының тұрғындары үшін
1
7.
Ақтоғай ауылдық округі Қорғанжар ауылының тұрғындары үшін
1
Барлығы:
7