Об утверждении Правил возмещения затрат на проезд, проживание и медицинское освидетельствование безработным и незанятым гражданам из целевых групп, направленным на профессиональное обучение Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.02.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кәсіби оқытуға жіберілген жұмыссыз және мақсатты топтан жұмыспен қамтылмаған азаматтардың жол жүру, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеудің ережелерін бекіту туралы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 149-ІІ Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 27-бабы 1-тармағының 16)-тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19-маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландырудың Eрежелеріне сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұсынылып отырған кәсіби оқытуға жіберілген жұмыссыз және мақсатты топтан жұмыспен қамтылмаған азаматтардың жол жүру, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеудің Ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары В.Н. Сухоруковаға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2004 жылғы 1-қаңтардан бастап күшіне енеді.
Басқа 4. Кәсіби оқытуға жіберілген жұмыссыз және мақсатты топтан жұмыспен қамтылмаған азаматтардың жол жүру, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеудің ЕРЕЖЕЛЕРІ
Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2004 жылғы 3 ақпандағы № 346 қаулысына қосымша Кәсіби оқытуға жіберілген жұмыссыз және мақсатты топтан жұмыспен қамтылмаған азаматтардың жол жүру, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеудің ЕРЕЖЕЛЕРІ Осы ережелер "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19-маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландырудың Ережелеріне және өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес әзірленді. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1
1. Осы Ережелерде қолданылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) өтініш беруші - кәсіби даярлыққа жіберілген және шығындарын өтеуге өтініш берген жұмыссыз немесе мақсатты топтан жұмыспен қамтылмаған азамат;
Тармақша 2
2) шығындарды өтеу - өтініш берушінің жол жүруіне, тұруына және медициналық куәландыруына жартылай немесе толық төлеу;
Тармақша 3
3) мақсатты топтан жұмыспен қамтылмаған азамат - қалалық, аудандық жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік мекемесіне өтініш берген жұмысқа жарамды жастағы, жұмыспен қамтылған халықтың санына жатпайтын, жергілікті атқарушы органдар белгілеген мақсатты топқа енгізілген азамат.
Тармақ 2
2. Облыс шегінде тұруға, оқу орнына барып қайта қайтуға арналған шығындарды өтеу тұрмайтын жерінде оқитын өтініш берушіге жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Өтініш берушінің облыс шегінде тұру, медициналық куәландыру, оқу орнына барып қайта қайту шығындарының өтеуін қалалық, аудандық жұмыспен қамту орталықтары мемлекеттік мекемелері жүргізеді.
Тармақ 4
4. Медициналық куәландыру шығындардың өтелуі кәсіби даярлықты белгілеуді талап ететін мамандықтар бойынша оқытуға жіберілген өтініш берушілерге жүргізіліп нәтижесіне қарамастан төленеді.
Тармақ 5
5. Өтініш берушілер медициналық куәландыруды қалалық, аудандық жұмыспен қамту орталықтары мемлекеттік мекемелердің жолдамасы бойынша "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес іріктелген медициналық мекемелерінде өтеді.
Тармақ 6
6. Өтініш берушілердің шығындарының өтелуі құжаттарды ұсынған кезден бастап, бірақ оқу аяқталған күннен бір ай кешіктірмей жүргізіледі.
Тармақ 7. 2. ШЫҒЫНДАРДЫҢ ӨТЕУІН АЛУҒА ӨТІНІШ БЕРУ ТӘРТІБІ
7. Қалалық, аудандық жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік мекемесінде ресми тіркелген және кәсіби даярлыққа, біліктілікті арттыру мен кәсіби даярлыққа жіберілген жұмыссыз және мақсатты топтан жұмыспен қамтылмаған азаматтар шығындарды өтеу құқығына ие. 2. ШЫҒЫНДАРДЫҢ ӨТЕУІН АЛУҒА ӨТІНІШ БЕРУ ТӘРТІБІ
Тармақ 8
8. Өтініш беруші қалалық, аудандық жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік мекемесіне жазбаша өтініш береді және қажетті құжаттарды ұсынады.
Тармақ 9. 3. ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ
9. Өтініш пен құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен сенімділігі үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтініш берушіге жүктеледі. 3. ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ
Тармақ 10
10. Шығындардың өтеуін алу үшін қажетті құжаттар:
Тармақша 1
1) тұратын жеріндегі банкте жеке шотының нөмірі көрсетілген жазбаша өтініш;
Тармақша 2
2) қосымшаларымен қоса аванстық есеп беру: теміржол көлігімен, жолаушы автокөлігімен (таксиден басқа) жол жүру құжаттары немесе жол жүрудің құны туралы аталған тасымалды түрлерімен айналысатын мекеменің анықтамасы; медициналық куәландыруды өткені жөніндегі төлем құжаты;
Тармақша 3. 4. ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУДІҢ МӨЛШЕРІ
3) оқу сабақтарының басталуы мен аяқталуы жөніндегі бұйрықтың көшірмесі болып табылады. 4. ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУДІҢ МӨЛШЕРІ
Тармақ 11
11. Шығындардың толық өтелуі:
Тармақша 1
1) медициналық куәландыру - құжаттармен дәлелденген зерттеудің құны үшін;
Тармақша 2
2) өңір (облыс, аудан) шегіндегі оқу орнына барып қайта қайту жолына - құжаттармен дәлелденген жол жүру құны үшін жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Тұру шығындарының жартылай өтелуі мынадай мөлшерде жүргізіледі:
Тармақша 1
1) өзге жерден келген өтініш берушілер Өскемен, Семей қалаларында оқып жатақханаларда тұрған уақытта - ұсынылған төлем құжаттары бойынша, бірақ айында үш айлық есептік көрсеткіштен аспағанда. Жалданған тұрғын үйлерде тұрғанда - айында үш айлық есептік көрсеткіште;
Тармақша 2. 5. ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУ ТӨЛЕМДЕРІНІҢ ТӘРТІБІ
2) өзге жерден келген өтініш берушілер басқа тұрғын жерлерде оқып жатақханаларда тұрған уақытта - ұсынылған төлем құжаттары бойынша, бірақ айында екі айлық есептік көрсеткіштен аспағанда. Жалданған тұрғын үйлерде тұрғанда - айында екі айлық есептік көрсеткіште. 5. ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУ ТӨЛЕМДЕРІНІҢ ТӘРТІБІ
Тармақ 13
13. Шығындарды өтеудің төлемі Халықты жұмыспен қамту бағдарламасын орындауға қаралған облыстық бюджет қаражаттарының есебінен жүргізіледі.
Тармақ 14
14. Тұру шығындарын жартылай өтеудің төлемі оқудың аяқталуы немесе басталысымен ай сайын жүргізіледі.
Тармақ 15
15. Медициналық куәландыру мен өңір шегіндегі (облыс, аудан) оқу орнына барып қайта қайту жолына арналған шығындардың толық өтелуінің төлемі құжаттар ұсынған кезден бір ай ағымында жүргізіледі.
Тармақ 16
16. Өтініш берушіге өтелу шығындардың толық немесе жартылай төлемі ақшалай түрде жеке шотқа түсіру жолымен жүзеге асырылады. Шығыс Қазақстан облысының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы