Об утверждении Правил формирования Национального доклада по управлению государственными активами и квазигосударственным сектором Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік активтерді және квазимемлекеттік секторды басқару жөніндегі ұлттық баяндаманы қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 134-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік активтерді және квазимемлекеттік секторды басқару жөніндегі ұлттық баяндаманы қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Басқа 0. Мемлекеттік активтерді және квазимемлекеттік секторды басқару жөніндегі ұлттық баяндаманы қалыптастыру қағидалары
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 167 Бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік активтерді және квазимемлекеттік секторды басқару жөніндегі ұлттық баяндаманы қалыптастыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мемлекеттік активтерді және квазимемлекеттік секторды басқару жөніндегі ұлттық баяндаманы қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 134-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Мемлекеттік активтерді және квазимемлекеттік секторды басқару жөніндегі ұлттық баяндаманы қалыптастыру тәртібін айқындайды. Мемлекеттік активтерді және квазимемлекеттік секторды басқару жөніндегі ұлттық баяндаманы қалыптастыру кезінде әскери мүлік, сондай-ақ мәліметтері қолжетімділігі шектеулі ақпаратқа жатқызылған мүлік ескерілмейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) квазимемлекеттік сектор субъектілері (бұдан әрі – КСС) – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен үлестес болып табылатын еншілес, тәуелді және өзге де заңды тұлғалар;
Тармақша 2
2) мемлекет активтері – өткен операциялар немесе оқиғалар нәтижесінде мемлекет меншігіне алынған, құндық бағасы бар мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен құқықтар;
Тармақша 3
3) Мемлекеттік активтерді және квазимемлекеттік секторды басқару жөніндегі ұлттық баяндама (бұдан әрі – Ұлттық баяндама) – мемлекеттік активтерді және квазимемлекеттік секторды басқару тиімділігін кешенді талдауды қамтитын құжат;
Тармақша 4
4) мемлекеттік мүлікті басқару – мемлекеттің (Қазақстан Республикасының немесе әкімшілік-аумақтық бірліктің) мемлекеттік меншік құқығын және өзге де мүліктік құқықтарды жүзеге асыруы;
Тармақша 5
5) әскери мүлік – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттік мекемелерінің жедел басқару құқығындағы қорғаныс объектілері, қару-жарақтың, әскери техниканың барлық түрлері, арнаулы құралдар және басқа да мүлік.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік активтерді және квазимемлекеттік секторды басқару жөніндегі ұлттық баяндаманы қалыптастыру тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік активтерді және квазимемлекеттік секторды басқару жөніндегі ұлттық баяндаманы қалыптастыру тәртібі
Тармақ 3
3. Ұлттық баяндаманы мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган тиісті салалардың уәкілетті органдары, КСС мемлекеттік мүлік тізіліміне ұсынған ақпараттың, сондай-ақ ашық қолжетімділікте орналастырылған ақпараттың негізінде қалыптастырады.
Тармақ 4
­4. Тиісті салалардың уәкілетті органдары, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға осы Қағидалардың 7, 8, 9, 10 және 11-тармақтарында көзделген ақпаратты ұсынады.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген ақпаратты ұсынады.
Тармақ 6
6. КСС-ның лауазымды адамдары мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның жазбаша сұрау салуы бойынша тиісті сұрау салуды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 7, 8, 9, 10 және 11-тармақтарына сәйкес Ұлттық баяндаманы қалыптастыру үшін қажетті мәліметтерді ұсынады.
Тармақ 7
7. Ұлттық баяндамада:
Тармақша 1
1) мемлекеттік активтердің есепті кезеңдегі жай-күйі туралы талдамалық ақпарат;
Тармақша 2
2) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің есепті кезеңдегі қызметі туралы ақпарат;
Тармақша 3
3) мемлекеттік активтерді және квазимемлекеттік секторды басқару тетіктерін одан әрі дамыту жөніндегі тұжырымдар мен ұсыныстар;
Тармақша 4
4) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі өзге де деректер қамтылады.
Тармақ 8
8. «Мемлекеттік активтердің есепті кезеңдегі жай-күйі туралы талдамалық ақпарат» деген бөлімде квазимемлекеттік сектордың және мемлекеттік активтердің ағымдағы жай-күйі туралы ақпарат, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкін түгендеу нәтижелері, мемлекеттік мүлікті сату және пайдалану мәселелері төмендегі көрсеткіштер бөлінісінде келтіріледі: бюджет құрылымы бойынша бөліністе (кірістер, шығындар, таза бюджеттік кредиттеу, қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо, бюджет тапшылығы (профициті), бюджеттің мұнай емес тапшылығы (профициті), бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) есепті кезеңді қоса алғанда, соңғы үш жылғы серпінде республикалық бюджет қаражаты; бюджет құрылымы бойынша бөліністе (кірістер, шығындар және басқалар) есепті кезеңді қоса алғанда, соңғы үш жылғы серпінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты; бюджет құрылымы бойынша бөліністе (кірістер, шығындар және басқалар) есепті кезеңді қоса алғанда, соңғы үш жылғы серпінде Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының, Арнаулы мемлекеттік қордың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысатын өзге де мемлекеттік қорлардың қаражаты; мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға бекітіп берілген мүлік; мүліктік жалдауға (жалға алуға) және сенімгерлік басқаруға берілген мемлекеттік мүлік туралы мәліметтер; мемлекеттік мүлікті сату туралы мәліметтер.
Тармақ 9
9. «Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің есепті кезеңдегі қызметі туралы ақпарат» деген бөлімде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің есепті кезеңді қоса алғанда, соңғы үш жылғы серпіндегі қызметі туралы ақпарат төмендегі көрсеткіштер бөлінісінде келтіріледі: ұйымдық-құқықтық нысандар бөлінісінде (акцияларының мемлекеттік пакеті (мемлекеттік қатысу үлестері) мемлекеттік меншікте болатын акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік), мемлекеттік кәсіпорын) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің саны; квазимемлекеттік сектор субъектілерінің экономикаға қатысу үлесі және квазимемлекеттік сектор субъектілері қатысатын экономиканың негізгі салалары; мемлекеттік органдар бөлінісінде мемлекеттің қатысу үлесі көрсетілген квазимемлекеттік сектор субъектілері меншік иелерінің құрылымы; квазимемлекеттік сектор субъектілері жұмыскерлерінің орташа жылдық саны; квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерінің баланстық құны; квазимемлекеттік сектор субъектілерінің күрделі салымдары мен инвестицияларының көлемі; қаржы-шаруашылық қызмет және бюджет қаражатын пайдалану туралы мәліметтер; квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы мәліметтер, оның ішінде олардың мемлекеттік тапсырмадан алған табыстары туралы мәліметтер; құрылтайшысы, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарлары мен іс-шаралар жоспарларының орындалуы, сондай-ақ акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, акционерлік қоғамдардың даму жоспарларының орындалуы, оның ішінде олардың негізгі қызмет көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы мәліметтер; көлемі мен нысаналы мақсатын көрсете отырып, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне берілген мемлекеттік қолдау шаралары және республикалық бюджеттен түсетін өзге де түсімдер туралы мәліметтер; квазимемлекеттік сектор субъектілерінің республикалық бюджетті толықтыруы туралы мәліметтер.
Тармақ 10
10. «Мемлекеттік активтерді және квазимемлекеттік секторды басқару тетіктерін одан әрі дамыту жөніндегі тұжырымдар мен ұсыныстар» деген бөлімде мемлекеттік активтерді және квазимемлекеттік секторды басқару тетіктерін одан әрі дамыту жөніндегі тұжырымдар мен ұсыныстар қалыптастырылады.
Тармақ 11
11. «Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі өзге де деректер» деген бөлімде Ұлттық баяндаманы сапалы қалыптастыруға ықпал ететін қосымша ақпарат көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Ұлттық баяндаманы мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қазанынан кешіктірмей енгізеді.
Тармақ 13
13. Кодекстің 134-2-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Ұлттық баяндаманы бекіткеннен кейін оны есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Парламентіне ақпарат тәртібінде ұсынады.
Тармақ 14
14. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган Ұлттық баяндама Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етеді.