Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Болгария о сотрудничестве в области здравоохранения и медицинской науки Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Болгария Республикасы Үкiметiнiң арасындағы денсаулық сақтау және медицина ғылымы саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. 2003 жылғы 25 қыркүйекте Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Болгария Республикасы Үкiметiнің арасындағы денсаулық сақтау және медицина ғылымы саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм бекiтiлсiн.
Тармақ 2. Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Болгария Республикасы Үкiметiнiң арасындағы денсаулық сақтау және медицина ғылымы саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Болгария Республикасы Үкiметiнiң арасындағы денсаулық сақтау және медицина ғылымы саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм Бұдан әрi Уағдаласушы тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Болгария Республикасының Yкiметi денсаулық сақтау және медицина ғылымы саласында мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ниеттерiн басшылыққа ала отырып, төмендегiлер туралы келiстi:
Бап 1. 1-Бап
1-Бап Уағдаласушы тараптар екi жақтың мүдделерi мен өзара ықылас негiзiнде және екi мемлекеттiң ұлттық заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау және медицина ғылымы саласындағы ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесетiн болады.
Бап 2. 2-Бап
2-Бап Уағдаласушы тараптар басымдық берiлген мынадай салалардағы ынтымақтастықты дамытады:
Тармақ 1
1. бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету;
Тармақ 2
2. мамандандырылған медициналық көмек көрсету;
Тармақ 3
3. ана мен бала денсаулығын сақтау;
Тармақ 4
4. санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы ынтымақтастық;
Тармақ 5
5. тамақ өнiмдерiнiң гигиенасы және тамақ өнiмдерiн санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру;
Тармақ 6
6. қоршаған орта және денсаулық;
Тармақ 7
7. дәрi саясаты;
Тармақ 8
8. медицина ғылымы;
Тармақ 9
9. денсаулық сақтауды қаржыландыру. Санамаланған салалардан басқа, Уағдаласушы тараптар және ынтымақтастықтың басқа да салаларын қосымша талқылауы мүмкiн.
Бап 3. 3-Бап
3-Бап Уағдаласушы тараптар бiр-бiрiмен:
Тармақ 1
1. ғылыми-педагогикалық кадрлар, медицина мамандарын алмасу;
Тармақ 2
2. тараптар үшiн басым проблемалар бойынша тәжiрибе және өзектi ақпарат алмасу;
Тармақ 3
3. ұлттық ғылыми-медициналық iс-шараларға ғалымдардың қатысуы;
Тармақ 4
4. бiрлескен ғылыми және практикалық жобалармен жұмыс iстеу жолымен ынтымақтастық жасайды.
Бап 4. 4-Бап
4-Бап Уағдаласушы тараптар жұқпалы және паразиттiк аурулардың алдын алу әрi мемлекеттiк санитарлық бақылау саласында екi мемлекеттiң құзыреттi органдарының арасындағы ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесетiн болады. Қажет болған жағдайда, олар өз мемлекеттерiнде қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалдың өршуi, сондай-ақ басқа да аса қауiптi жұқпалы аурулардың пайда болуы туралы бiр-бiрiн өзара хабардар ететiн болады.
Бап 5. 5-Бап
5-Бап Уағдаласушы тараптар медицина ғылымы саласында ақпарат және тәжiрибе алмасу мақсатында екi мемлекет медицина ғылымы және бiлiм беру ұйымдары мен емдеу-алдын алу ұйымдарының арасындағы тiкелей ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесетiн болады.
Бап 6. 6-Бап
6-Бап Уағдаласушы тараптар өз елдерiнде халықаралық ғылыми- медициналық iс-шараларды өткiзу туралы бiр-бiрiн хабардар ететiн болады және мүдделi мамандарды тартуда жәрдемдесетiн болады.
Бап 7. 7-Бап
7-Бап Мамандар мен сарапшыларды өзара алмасу жiберетiн және қабылдайтын ұйымдардың құқықтары, міндеттерi мен жауапкершілiгi, сондай-ақ көрсетілген шараларды қаржыландыру тәртiбi белгiленетiн екi мемлекеттiң мүдделi ұйымдары арасындағы шарттарға сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Бап 8. 8-Бап
8-Бап Уағдаласушы тараптар осы Келiсiмнiң орындалуымен байланысты қызметтi үйлестiру үшiн екi мемлекеттiң құзыреттi органдары ретiнде мыналарды белгiлейдi: Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң атынан - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi; Болгария Республикасы Yкiметiнiң атынан - Болгария Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi. Уағдаласушы тараптар екi мемлекет құзыреттi органдарының ресми атаулары немесе функциялары өзгерген жағдайда, дипломатиялық арналар бойынша бұл туралы бiр-бiрiн дереу хабардар етедi.
Бап 9. 9-Бап
9-Бап Осы Келiсiм бес жылға жасалады және Уағдаласушы тараптардың оны күшiне енгiзу үшiн қажеттi мемлекетiшілік рәсімдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнiнен бастап күшіне енедi. Егер Уағдаласушы тараптардың бiрi басқа уағдаласушы тарапқа дипломатиялық арналар бойынша оның қолданылу мерзiмi өткенге дейiн алты айдан кешiктiрмей осы Келiсiмнiң күшiн жоюға өз ниетi туралы хабарламаса, Келiсiмдi қолдану келесi бесжылдық мерзiмге өздiгiнен ұзартылады.
Бап 10. 10-Бап
10-Бап Осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу Уағдаласушы тараптардың өзара келiсiмi бойынша жүзеге асырылады және осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресiмделедi.
Бап 11. 11-Бап
11-Бап Осы Келiсiм күшiне енгеннен бастап Уағдаласушы тараптардың арасындағы қатынастарда 1982 жылғы 3 қарашадағы Советтiк Социалистiк Республикалар Одағы Yкiметi мен Болгария Халық Республикасының Yкiметi арасындағы "Денсаулық сақтау және медицина ғылымы саласындағы ынтымақтастық туралы" келiсiмнiң қолданылуы тоқтатылады. 2003 жылғы 25 қыркүйекте Астана қаласында әрқайсысы қазақ, орыс және болгар тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалған, бұл ретте барлық мәтiннiң күшi бiрдей. Осы Келiсiмнiң ережелерiн тyсiндiру кезiнде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Уағдаласушы тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнедi. Қазақстан Республикасының Үкiметi үшiн Болгария Республикасының Үкiметi үшiн