Об областной комиссии по обеспечению безопасности на транспорте Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көлiкте қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi облыстық комиссия туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңына сәйкес және кардрлардың өзгеруіне байланысты, облыс әкiмияты қаулы етеді :
Тармақ 1
1. Көлiкте қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi облыстық комиссияның құрамы жаңартылынсын және оның дербес құрамы облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсынылсын (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Көлiкте қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi облыстық комиссиясы туралы Ереже бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 3
3. Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері: көлiкте қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi қалалық (аудандық) комиссиялар құрсын; автомобиль көлігінде аварияларда азайту, қала ішіндегі жолдары жөндеу және жол қозғалысын реттейін техникалық құралдардың жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеп, жүзеге асырсын.
Басқа 4
Маңғыстау облысы әкiмиятының 2002 жылғы 29 мамырдағы № 125 қаулысына № 1 қосымша Көлiкте қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi облыстық комиссияның ҚҰРАМЫ 📌 Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Маңғыстау облысы әкімиятының 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 12 қаулысымен . Бортник Михаил Михайлович - облыс Әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы Бөкенбаев Ержігіт Әділбайұлы - Маңғыстау облысы бойынша көлік бақылау басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша) Джамаев Самат Нұрланұлы - облыс әкімі аппаратының бас маманы, комиссия хатшысы Комиссия мүшелерi: Бектубаев Руслан Фаризонович - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығының орынбасары Аблазимов Мақсұтхан Нұғманұлы - облыстық ішкі істер басқармасы жол полициясы басқармасының бастығы (келісім бойынша) Хамиев Таңғали Смитұлы - сәулет, құрылыс, тұрғын үй- коммуналдық және жол шаруашылығы Департаментінің директоры Сүебаев Қажымұрат Борашұлы - облыстық автомобиль жолдары басқармасының бастығы (келісім бойынша) Үсенов Нәрімбай Рахметұлы - "Маңғыстауқұрылысинвест" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының міндетін атқарушы (келісім бойынша) Шаукебаев Бахытбек Жүнісұлы - Маңғыстау облысының көлік прокуроры (келісім бойынша) Қасымбек Жеңiс Махмұтұлы - "Ақтау теңіз сауда порты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры (келісім бойынша) Агуцков Владимир Федорович - "Ақтау халықаралық әуежайы" ашық акционерлік қоғамының директоры (келісім бойынша) Әміров Табылды Әмірұлы - "Қазақстан Темір Жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Атырау бөлімі Маңғыстау бөлімшесінің бастығы (келісім бойынша) Бөкенбаев Ержігіт Әбділбайұлы - Маңғыстау облысы бойынша көлікті бақылау басқармасының бастығы (келісім бойынша) Жолдасов Ерғазы Әбірұлы - "ЕвроАзияЭйр" ашық акционерлік қоғамы Маңғыстау филиалының директоры (келісім бойынша) Немирович-Данченко - "Отан" қоғамдық бірлестігі Алексей Михайлович облыстық филиалы Кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) Хайрушев - облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының бастығы (келісім бойынша)
Басқа 5
Маңғыстау облысы әкiмиятының 2002 жылғы 29 мамырдағы № 125 қаулысына № 1 қосымша Көлiкте қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi облыстық комиссияның ЕРЕЖЕСІ Осы Ереже көлікте қамтамасыз ету жөніндегі облыстық комиссияның қызметін және жол қозғалысының міндеттерін, қызметтерін және құқықтық, ұйымдастырушылық негіздерін анықтайды. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1. Көлiкте қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi облыстық комиссия (бұдан әрi - комиссия) жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, көлікте қауiпсiздiктi қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдардың өзара іс-қимылын үйлестіру жөніндегі ұсыныстарды шығару үшін құрылды. 2. Комиссия облыс әкімиятының жанындағы консультативтік кеңес беруші орган болып табылады. 3. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамаларына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 2. КОМИССИЯНЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ, ФУНКЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТАРЫ 4. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 1) көлiкте қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстарды даярлау болып табылады; 2) көлiкте аварияның себептерін зерделеу және талдау, көлікті қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар әзірлеп жасау; 3) жолаушылар мен жүктерді тасымалдауда қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлеп жасау; 4) көлікте авариялық апатты азайту жөнінде аймақтық бағдарламалар мен іс-шараларды әзірлеп, іске асыруға жәрдемдесу және басым бағыттарды айқындау; 5. Комиссияның функциялары мыналар болып табылады: 1) ғылыми-техникалық әлеуетті, материалдық-техникалық ресурстар мен бюджеттік қаражаттандырудың басым бағыттарын дамытуға және шоғырландыруға көмек көрсету, көлiкте қауiпсiздiктi, автомобиль жолдарын, әуежайды, теңіз порттарын, қалалар, аудандар мен елді мекендердің көше жүйелерін салу және қайта жаңғыртуды қамтамасыз ету, жылжымалы құрамның техникалық сипаттамасын жақсарту, көлікте жол қозғалысын реттеудің бірлескен техникалық құралдарын енгізу, көлік құралдарын жүргізушілердің кәсібі деңгейін көтеру, жол көлігі оқиғалары кезінде жарақаттанған адамдарға бастапқы медициналық көмек көрсету жөнінде көлік құралдарын жүргізушілер мен жол полициясы басқармасы қызметкерлерін оқытып, үйрету; 2) көлiкте қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары мен нормативтік актілеріне қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстарды дайындауға қатысу; 3) көлiк оқиғаларының алдын алу, оның зардаптарының ауырлығын азайту, осы жұмыста оң тәжірибені тарату мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың, шаруашылық субъектілерінің және қоғамдық бiрлестiктердiң тәжірибелік жұмысын зерделеу; 4) жергілікті атқарушы органдардың, шаруашылық субъектілердің, қоғамдық бiрлестiктердiң ұсыныстарын талдау және көлiкте қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұсынымдарды әзірлеп жасау; 5) көлiкте қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнінде жергілікті атқарушы органдардың, ведомстволық қызметтердің, қоғамдық бiрлестiктердiң қызметтеріне жәрдемдесіп, көмек көрсету; 6) халықтың барлық жастағы топтарына жол қозғалысы Ережелерiн оқуға жәрдемдесiп, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жол қозғалысының қауiпсiздiгi жөнiндегi бiлiмдi насихаттау; 7) көлiкте қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнінде оң тәжірибелерді зерделеу және ұсыныстар дайындау. 6. Комиссияның мынадай құқықтары бар: 1) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан көлiкте қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша олардың қызметін көрсететін қажетті ақпаратты белгіленген тәртіпте сұрап алуға. 2) өз мәжілістерінде көлiкте қауiпсiздiктi қамтамасыз етумен байланысты ұйымдардың жауапты өкілдерінің есептерін тыңдауға; 3) ведомствоға қарасты көлiкте қауiпсiздiктi қамтамасыз ете алған басшыларды тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту жөнінде жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар енгізуге; 4) көлiкте қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге тиісті мәселелер бойынша материалдар дайындауға қатысуға, сондай-ақ осы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының, облыс әкімияты қаулыларының және облыс әкімі шешімдерінің орындалуына талдау жасау және зерделеу үшін білікті мамандарды тиісті жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдар мен мекемелердің басшыларымен келісе отырып тартуға. 3. КОМИССИЯ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ 7. Комиссия құрамы облыстың мемлекеттік органдары мен мүдделі ұйымдардың өкілдерінен қалыптастырылады және облыстық мәслихаттың шешімімен бекітіледі. 8. Комиссияның қызметіне оның төрағасы басшылық етеді, ол Комиссия мәжілісіне төрағалық жасайды, оның жұмысын жоспарлайды және комиссия қызметінің нәтижесіне жауапты болады. 9. Комиссияның төрағасы облыс әкімінің орынбасары болып табылады. 10. Комиссия өз жұмысын төраға бекіткен, комиссия мүшелерімен келісілген жоспарға сәйкес жүргізеді. 11. Комиссия мәжілісі кемінде тоқсан сайын бір рет қажеттілігіне байланысты өткізіледі және егер оған комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігі қатысса заңды болып саналады. 12. Комиссияның шешімі Комиссия мүшелерінің жалпы санының жай көпшілік дауыс беруімен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауысы тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. 13. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру-техникалық жағынан қамтамасыз етуді Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы жүзеге асырады.