О назначении социальной помощи выпускникам общеобразовательных школ из малообеспеченных семей и оставшимся без попечения родителей, для оплаты обучения в высших учебных заведениях области Күшін жойған
Басқа 0
Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түліктеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімиятының 2004 жылғы 14.06.2004 № 169/5 қаулысымен.
Облыс азаматтарының жекелеген санаттарына атаулы әлеуметтiк көмек көрсету мақсатына облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерiне жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшiн әлеуметтiк көмек тағайындау қағидасы (бұдан әрi - Қағида);
осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерiне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшiн әлеуметтiк көмек тағайындау жөнiндегi облыстық комиссияның құрамы (бұдан әрi - Комиссия);
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес комиссия туралы Ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Облыстың базалық жоғары оқу орындары жанындағы кешендi тестiлеудi ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi аймақтық комиссиялар (келiсiм бойынша) кешендi тестiлеу кезiнде жиыны 40 және одан артық балл жинаған, мемлекеттiк оқыту гранты немесе мемлекеттiк оқыту кредитiн ала алмаєан абитуриенттер тiзiмiн 2003 жылғы 13 тамызға дейiн облыс бiлiм департаментiне беретiн болсын (бұдан әрi - Тiзiмдер).
Тармақ 3
3. Облыс бiлiм департаментi 2003 жылғы 15 тамызға дейiн Тiзiмдердi облыстың жоғары оқу орындарында оқытуға арналған әлеуметтiк көмектi алуға үмiткер аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерiнiң әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайларына зерттеу жүргiзу үшiн қалалар мен аудандар әкiмдерiне жiберсiн.
Тармақ 4
4. Қалалар мен аудандар әкiмдерi облыс тұрғындарды әлеуметтiк қоғау және жұмыспен қамту департаментiне 2003 жылғы 20 тамызға дейiн:
жоғары оқу орындарында оқытуға арналған әлеуметтiк көмектi алуға үмiткер аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорынсыз қалған жалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерiнiң әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайларын тексеру кесiмдерiн;
қағида қарастырылған қажеттi құжаттарды ұсынсын.
Тармақ 5
5. Облыс тұрғындарды әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту департаментi 2003 жылғы 23 тамызға дейiн қағида қарастырылған қажеттi құжаттарды облыстың жоғары оқу орындарына оқуына ақы төлеу үшiн әлеуметтiк көмек тағайындау үшiн Комиссияның қарауына ұсынсын.
Тармақ 6
6. Комиссия 2003 жылғы 27 тамызға дейiнгi мерзiмде оқытуға арналған әлеуметтiк көмектi алушылар тiзiмiн облыстың тиiстi жоғары оқу орындарына дайындасын және жiберсiн.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Р.М. Жұмабековаға жүктелсiн.
Басқа 8. Аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерiне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуын төлеуге арналған әлеуметтiк көмектi тағайындау қағидалары
Облыс әкiмдiгiнiң
2003 жылғы "1" сәуір
"Аз қамтамасыз етiлген
отбасыларындағы және ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған жалпы бiлiм
беретiн мектеп түлектерiне облыстың
жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы
төлеу үшiн әлеуметтiк көмек
тағайындау туралы" № 70/4
қаулысымен бекiтiлдi
Аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерiне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуын төлеуге арналған әлеуметтiк көмектi тағайындау қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы қағида аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата- анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы орта бiлiм беретiн мектеп түлектерiне облыс жоғары оқу орындарындағы оқуын төлеуге арналған әлеуметтiк көмек тәртiбiн анықтайды.
Тарау 2. 2. Әлеуметтiк көмектi тағайындау тәртiбi
2. Әлеуметтiк көмектi тағайындау тәртiбi
Тармақ 2
2. Жан басына шаққандағы кiрiс облыс бойынша (2003 жылдың II тоқсаны) белгiленген күн көрiс минимумының мөлшерiнен аспайтын, аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы орта бiлiм беретiн мектеп түлектерiне жоєары оқу орындарындағы оқуын төлеуге арналған әлеуметтiк көмек (бұдан әрi - әлеуметтiк көмек) конкурстiк негiзде Комиссия шешiмi бойынша тағайындалады.
Тармақ 3
3. Кешендi тестiлеуде 40 ұпайдан кем жинаған аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қаған түлектерге жоғары оқу орындарындағы оқуын төлеуге арналған әлеуметтiк көмек тағайындалмайды.
Әлеуметтiк көмектi алуға үмiткерлердiң iрiктелуi жинаған ұпайдың ең жоғары саны бойынша жүргiзiледi. Ұпайлары тең болғанда жалпы бiлiм беру мектебiн бiтiргенi туралы үздiк аттестатын иеленушi үстемдi құқылы болады.
Тармақ 4
4. Облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуын төлеуге бөлiнген әлеуметтiк көмек есебiнен төленетiн орындардың жалпы санынан 40 орын дарынды түлектер (спорт саласында - 20, өнер және мәдениет саласында - 20) үшiн көзделедi.
Тарау 3. 3. Әлеуметтiк көмектiң мөлшерi
3. Әлеуметтiк көмектiң мөлшерi
Тармақ 5
5. Әлеуметтiк көмек облыстың тиiстi оқу орнындағы нақты оқу құны мөлшерiнде көрсетiледi.
Тарау 4. 4. Әлеуметтiк көмектi тағайындау үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi
4. Әлеуметтiк көмектi тағайындау үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi
Тармақ 6
6. Әлеуметтiк көмектi алуға үмiткер тұлға тұрғындарды әлеуметтiк қорғау қалалық басқармалары мен аудандық бөлiмдерiне келесi құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
Тармақша 2
2) қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түлек отбасының әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайын тексеру кесiмi;
Тармақша 3
3) тұрғылықты жерiнен анықтама;
Тармақша 4
4) жұмысқа қабiлеттi (жұмыс iстеушi) отбасы мүшелерiнiң жұмысақысы туралы анықтама немесе жұмыс iстемейтiндердiң еңбек кiтапшаларының көшiрмесi (аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы жалпы бiлiм беру мектеп түлектерi үшiн);
Тармақша 5
5) ата-аналарының қайтыс болғаны туралы куәлiк көшiрмесi (ата- анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы бiлiм беру мектеп түлектерi үшiн);
Тармақша 6
6) қамқоршы тағайындау туралы шешiм (ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы бiлiм беру мектеп түлектерi үшiн);
Тармақша 7
7) қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қала немесе аудан әкiмi және студент қол қойған бiлiм беру қызметтерiн көрсету үш жақты шарты;
Тармақша 8
8) қағиданың 4-қосымшасына сәйкес өңiр үшiн осы санаттағы маманды даярлау қажеттiлiгi туралы, оны жұмысқа орналастыру кепiлдiгiмен қала немесе аудан әкiмiнiң қолдау хаты;
Тармақша 9
9) СТТН.
Тармақ 7
7. Осы әлеуметтiк көмекке үмiткер отбасының әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайын тексеру кесiмдерiн тұғындарды әлеуметтiк қорғау қалалық басқармалары мен аудандық бөлiмдерi жасайды.
Әлеуметтiк көмектi алған тұлға Комиссия шешiмi негiзiнде халықты әлеуметтiк қорғау қалалық басқармалары, аудандық бөлiмдерiне мынадай қосымша мәлiметтер:
тұрғылықты жерi бойынша Халықтық банк филиалынан ашылєан жеке есеп шотының нөмiрiн;
үш тарап қол қойған, бiлiм беру қызметтерiн көрсетуге үш жақты шартты ұсынады.
Тарау 5. 5. Есеп жүргiзу мен есеп беру
5. Есеп жүргiзу мен есеп беру
Тармақ 8
8. Әлеуметтiк көмектi алған тұлғалар ақшалай қаражаттың жеке есеп шоттарына түскеннен кейiн, алған сомасын оқуды төлеу үшiн жоғары оқу орнына өткiзуге және әлеуметтiк қорғау қалалық басқармасы немесе аудандық бөлiмiне төлеу туралы анықтама тапсыруға мiндеттi.
Тармақ 9
9. Жыл сайын жоғары оқу орындары аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорынсыз қалған әлеуметтiк көмек алушы студенттердiң, келесi курсқа көшкенi туралы бұйрықтардың көшiрмелерiн тұрғындарды әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту департаментiне ұсынады.
Тармақ 10
10. Жыл сайын 1 шiлдеге дейiн тұрғындарды әлеуметтiк қорғау қалалық басқармалары, аудандық бөлiмдерi тұрғындарды әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту департаментiне әлеуметтiк көмектi алушы студенттiң әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайын зерттеу кесiмiн тапсырады.
Басқа 33. ӨТIНIШ
Аз қамтамасыз етiлген
отбасыларындағы және ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған жалпы бiлiм
беретiн мектеп түлектерi не облыстың
жоғары оқу орындарындағы оқуына
ақы төлеу үшiн әлеуметтiк көмек
тағайындау қағидасына 1-қосымша
(Қаланың, ауданның) әкiмiне
____________________
____________________
мекенжайында тұратын
____________________
аты, әкесiнiң аты,
тегi
ӨТIНIШ
Маған ________________________________________________
(жоғары оқу орнының атауы)
___________________________________________мамандығы бойынша
оқу ақысын төлеу үшiн аз қамтамасыз етiлген отбасылары және жетiм-студенттерге бөлiнетiн
әлеуметтiк көмектi тағайындауыңызды өтiнемiн.
Осы әлеуметтiк көмектi алу үшiн қажеттi құжаттарды қоса берiп отырмын.
Өтiнiш иесiнiң қолы:
Күнi:
Басқа 34. Аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы
Аз қамтамасыз етiлген
отбасыларындағы және ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған жалпы
бiлiм беретiн мектеп түлектерiне
облыстың жоғары оқу орындарындағы
оқуына ақы төлеу үшiн әлеуметтiк
көмек тағайындау Қағидасына
2-қосымша
Аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы
бiлiм беретiн мектеп түїлектерiнiң әлеуметтiк-тұрмыстық тұру жағдайын зерттеу актiсi
200__ жылғы "____" ________
Тармақ 1
1. Аты, әкесiнiң аты, тегi ___________________________________
Тармақ 2
2. Туған жылы_________________________________________________
Тармақ 3
3. Мекен жайы, тел.____________________________________________
Тармақ 4
4. Отбасы құрамы:_____________________________________________
______________________________________________________________
Тармақ 5
5. Отбасы мүшелерiнiң жұмысақысы, жәрдемақысы, зейнетақылары:
______________________________________________________________
______________________________________________________________
Тармақ 6
6. Ата-аналарының, қамқоршыларының жеке иелiктерiнде не бар:
жылжымалы, жылжымайтын мүлiк, қосалқы шаруашылық: ________________
______________________________________________________________
Тармақ 7
7. Отбасының жиынтық кiрiсi (әр адамның кiрiсi көрсетiлсiн): _____
Басқа 42. Бiлiм беру қызметтерiн көрсетуге арналған
Аз қамтамасыз етiлген
отбасыларындағы және ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған жалпы бiлiм
беретiн мектеп түлектерiне облыстың
жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы
төлеу үшiн әлеуметтiк көмек
тағайындау қағидасына 3-қосымша
Бiлiм беру қызметтерiн көрсетуге арналған
ШАРТ
Павлодар қаласы 2003 жылғы "___" _________
Бiр жағынан, бұдан әрi "Орындаушы" деп аталатын, Жарғы негiзiнде қызмет атқаратын,
ректордың атынан _____________________
__________________________________________және, екiншi жағынан, ___________ бұдан
әрi "Тапсырыс берушi" деп аталатын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23қаңтардағы
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңы негiзiнде
iс-қимыл жасайтын қала немесе аудан әкiмi ______________________________________________,
бұдан әрi "Студент" деп аталатын ______________________________ бiлiм беру қызметтерiн
көрсетуге арналған осы шартты жасасты.
Тармақ 1
1. Шарттың мәнi
Тармақ 1
1. Бiлiм саласында орталық атқарушы орган бекiткен мемлекеттiк жалпы бiлiм беру стандартына
сәйкес, күндiзгi оқу нысанында оқудың толық курсын бiтiрген соң, мемлекеттiк емтихан
тапсыру, бiлiктiлiгiне сәйкес дипломдық жобаны (жұмысты) қорғау және белгiленген
үлгiдегi жоғары кәсiптiк бiлiм туралы диплом беруге "Орындаушы" өзiне "Студенттi"
________________________________ мамандығы бойынша оқытуға мiндеттеме алады.
Тармақ 2
2. "Тапсырыс берушi" жоғары кәсiптiк бiлiм алу үшiн осы шартқа сәйкес бiлiм беру
қызметтерiн көрсеткенi үшiн "Студенттiң" оқуын қаржыландыруды жүзеге асыруға
мiндеттенедi.
Тармақ 2
2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 3
3. "Орындаушының" мiндеттерi:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнына қабылдаудың үлгi тјртiптерiне сәйкес,
аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы студенттерге және жетiм-студенттерге облыстың
жоғары оқу орындарындағы оқуларына ақы төлеу үшiн әлеуметтiк көмектi тағайындау
жөнiндегi облыстық комиссиясының шешiмi негiзiнде жоғары оқу орнының студенттерi
қатарына конкурстiк негiзде азамат ______________________________ қабылдау;
Тармақша 2
2) "Студенттi" бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына арналған лицензиясымен, жоғары
оқу орны жарғысымен, iшкi тәртiп ережелерiмен, сондай-ақ жоғары оқу орнының қабылдау
тәртiбiн реттейтiн және тәрбиелiк-оқу үрдiсiн ұйымдастыру басқа құжаттарымен студенттi
таныстыру;
Тармақша 3
3) "Студенттiң" оқуын мемлекеттiк жалпы бiлiм беру стандарты талаптарына сәйкес
қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) оқуды ойдағыдай бiтiрiп шыққан жағдайда, "Студентке" Қазақстан Республикасының
Бiлiм және ғылым министрлiгi белгiлеген, мемлекеттiк үлгiдегi диплом беру;
Тармақша 5
5) жыл сайын студенттiң келесi курсқа көшкенi туралы немесе оның шығып қалғаны туралы
бұйрықтың көшiрмесiн тұрғындарды әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту департаментiне
ұсыну.
Тармақ 4
4. "Орындаушының" мiндеттерi:
Тармақша 1
1) "Орындаушы" осы шартқа сәйкес "Тапсырыс берушi" мен "Студенттiң" алған
мiндеттемелерiнiң адал және тиiстi орындалуына талап қоюға құқылы;
Тармақша 2
2) "Орындаушы" жоғары оқу орны жарғысымен, iшкi тәртiп ережелерiмен және осы шартпен
қарастырылған мiндеттердi орындамағаны үшiн "Студентке" тәртiптiк жаза шараларын
қолдануға құқылы.
Тармақ 5
5. "Тапсырыс берушiнiң" мiндеттерi:
Тармақша 1
1) "Тапсырыс берушi" жыл сайын қаржыландыруына қарай "Студенттiң" барлық оқу кезеңiнде
оқыту құнын оның есеп шотына бюджет қаражатын аудару жолымен төлеуге мiндеттi;
Тармақша 2
2) "Тапсырыс берушi" "Орындаушымен" келiсе отырып "Студенттiң" практика өтуi үшiн орын
беруi және жоғары оқу орнын бiтірген соң "Студенттi" жұмысқа орналастыруға мiндеттi.
Тармақ 6
6. "Тапсырыс берушiнiң" құқығы:
"Тапсырыс берушi" осы шартқа сәйкес "Орындаушы" мен "Студенттiң" алған мiндеттерiнiң
адал және тиiстi орындалуына талап қоюға құқылы.
Тармақ 7
7. "Студенттiң" мiндеттерi:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк жалпы бiлiм беру оқу стандартының толық көлемiндегi бiлiм, машық және
практикалық дағдыларды меңгеруге;
Тармақша 2
2) жоғары оқу орнының оқу жоспары мен кестесiне сәйкес оқу бағдарламасын орындау;
Тармақша 3
3) iшкi тәртiп ережелерiн, жоғары оқу орнының жарғысында қарастырылған басқа да
талаптарды орындау;
Тармақша 4
4) жоєары оқу орнының оқу құрал-жабдықтары мен ақпараттық ресурстарына ұқыпты қарау;
Тармақша 5
5) жоғары оқу орнының оқытушыларына, қызметкерлерi мен студенттерiне құрметпен және
сыпайылықпен қарау;
Тармақша 6
6) ауырғаны немесе басқа дәлелдi себептермен мiндеттi сабақты босатқан жағдайда, жоғары
оқу орнына ресми ақтау құжаттарын тапсыру;
Тармақша 7
7) жоғары оқу орнын бiтiргеннен соң, алған бiлiктiлiгi бойынша арнайы бөлiнген жерiнде
кем дегенде үш жыл жұмыс iстеу;
Тармақша 8
8) жоғары оқу орнынан шығып қалған, сондай-ақ осы шарттың 7-тармағында көрсетiлген
мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда, "Студенттi" даярлауға жұмсалған барлық
ақшалай қаражатты қала (аудан) бюджетiне бiр ай iшiнде қайтару.
Тармақ 8
8. "Студенттiң" құқығы:
Тармақша 1
1) қосымша ақы төлеп, қосымша қызметтер алу;
Тармақша 2
2) жоғары оқу орнының жарғысында қарастырылған тәртiпте жоғары оқу орнының кiтапханасы
мен оқу залы базасында оқу, әдiстемелiк оқу жјне ғылыми әдебиет қорымен тегiн пайдалану;
Тармақша 3
3) жеке пiкiрлерi мен сенiмдерiн еркiн айту;
Тармақша 4
4) өзiне құрметпен қарауды талап ету;
Тармақша 5
5) осы шартқа сәйкес "Орындаушының" өзiне алған мiндеттерiнiң адал және тиiстi
орындалуын талап ету.
Тармақ 3
3. Қызметтiң құны және есеп айырысу тәртiбi
Тармақ 9
9. Келiсiм баға оқу жылына жеке тағайындалады, жұмсалған жоспарлық шығынға бағаның
индекстелуiне, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына, мамандарды даярлау
жағдайының өзгеруiне байланысты болады.
Тармақ 10
10. 2003/2004 оқу жылына _____________________________ теңге мөлшерiнде тағайындалды.
Басқа 78. Аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерiне жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшiн әлеуметтiк көмектi тағайындау жөнiндегi облыстық комиссияның
Құрамы
"Аз қамтамасыз етiлген
отбасыларындағы және ата-
анасының қамқорлығынсыз қалған
жалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерiне
облыстың жоғары оқу орындарындағы
оқуына ақы төлеу үшiн әлеуметтiк
көмек тағайындау туралы"
№ 70/4 қаулысына 1-қосымша
Аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерiне жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшiн әлеуметтiк көмектi тағайындау жөнiндегi облыстық комиссияның
Құрамы
Жұмабекова Рысты Мағауияқызы
- облыс әкiмiнiң орынбасары, төраға
Проказова Татьяна Викторовна
- облыс тұрғындарды әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту департаментiнiң тұрғындарды әлеуметтiк қорғау бґлiмiнiң бас маманы
Кеңес мүшелерi:
Давдрикова Галина Семеновна
- облыс қаржы департаментi бастығының орынбасары
Казакова Людмила Федоровна
- облыс денсаулық сақтау департаментi бастығының орынбасары
Кәрiмжанов Бахриден Сарбасұлы
- облыс бiлiм департаментiнiң бастығы
Кемербаев Аскар Юсупўлы
- бiрiншi проректор Павлодар университетiнiң оқу-әдiстемелiк жұмыс жөнiндегi проректоры (келiсiм бойынша)
Нұхұлы Алтынбек
- С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттiк университетiнiң ғылыми жұмыс жјәне халық аралық байланыстар жөнiндегi проректоры (келiсiм бойынша)
Стрелковский Владимир Анатольевич
- кәсiподақтары облыстық кеңесiнiң төрағасы (келiсiм бойынша)
Тапбергенов Тимур Салауатұлы
- Семей медициналық академиясы Павлодар филиалының директоры (келiсiм бойынша)
Тоқымбаев Мират Төлегенұлы
- Республикалық "21 ғасыр" Жастар орталығы " қоғамдық қауымдастығы Павлодарлық филиалының төрағасы
Шөкеев Рымтай Шөкейұлы
- облыс тұрғындарды әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту департаментiнiң бастығы
Басқа 79. Аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы студенттер және жетiм-студенттерге облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшiн әлеуметтiк көмектi тағайындау жөнiндегi облыстық комиссиясының Ережесi
Облыс әкiмдiгiнiң 2003 жылғы
"1" сәуір "Аз қамтамасыз етiлген
отбасыларындағы және ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған жалпы
бiлiм беретiн мектеп түлектерiне
облыстың жоғары оқу орындарындағы
оқуына ақы төлеу үшiн әлеуметтiк
көмек тағайындау туралы"
№ 70/4 қаулысына 2-қосымша
Аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы студенттер және жетiм-студенттерге облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшiн әлеуметтiк көмектi тағайындау жөнiндегi облыстық комиссиясының Ережесi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен үкiметi актiлерiне, облыс әкiмдiгi мен әкiмiнiң актiлерiне, Қазақстан Республикасының басқа нормативтiк құқықтық актiлерiне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Комиссия тұрақты қызмет ететiн орган болып табылады және жоғары оқу орындарындағы оқуын төлеуге арналған әлеуметтiк көмектi аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорынсыз қалған мектеп түлектерiне тағайындауға конкурс және iрiктеу жүргiзу үшiн құрылған.
Тарау 2. 2. Комиссияның мiндеттерi мен функциялары
2. Комиссияның мiндеттерi мен функциялары
Тармақ 3
3. Мыналар:
Тармақша 1
1) жоғары оқу орындарындағы оқу ақысын төлеуге арналған әлеуметтiк көмектi алуға үмiттенушi аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы жәјне ата-анасының қамқорлығынсыз қалєан мектеп түлектерiнiң құжаттарын қарау;
Тармақша 2
2) бiлiм және тұрєындарды әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту департаменттерi ұсынған құжаттар бойынша жоғары оқу орындарындағы оқу ақысын төлеуге арналған әлеуметтiк көмек тағайындау үшiн аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мектеп түлектерiне iрiктеу жүргiзу Комиссияның негiзгi мiндеттерi болып табылады.
Тармақ 4
4. Комиссия жүргiзiлген конкурс нәтижесi бойынша аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мектеп түлектерiне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқу ақысын төлеуге арналған әлеуметтiк көмек тағайындау үшiн құжаттарды тұрғындарды әлеуметтiк қорғау қалалық басқармалары мен аудандық бөлiмдерiне жолдайды.
Тармақ 5
5. Комиссия негiзгi мiндеттерiне сәйкес мынадай функцияларды атқарады:
Тармақша 1
1) қарауға ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексередi;
Тармақша 2
2) облыстың жоғары оқу орындарындағы оқу ақысын төлеуге арналған әлеуметтiк көмектi алатын аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы орта бiлiм беретiн мектеп түлектерiне анықтайды;
Тармақша 3
3) аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы орта бiлiм беретiн мектеп түлектерiне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеуге арналған әеуметтiк көмектi төлеуге ақшалай қаражат көлемiн анықтайды;
Тарау 3. 3. Комиссия қызметiн ұйымдастыру
3. Комиссия қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 6
6. Комиссия қажетiне қарай өткiзiлетiн мәжiлiстерiнде өз мiндеттерi мен функцияларына сәйкес мәселелер қарайды және шешiмдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Комиссия шешiмi көпшiлiк дауыспен, ашық түрде дауыс беру жолымен қабылданады және егер Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының жартысынан астамы дауыс берсе, онда ол қабылданды деп есептеледi.
Дауыс саны тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешушi дауыс болып табылады.
Тармақ 8
8. Комиссия шешiмдерiне төраға және хатшы қол қояды