Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории Сарканского района Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сарқан ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 мамырда №11148 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес, Сарқан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Сарқан ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сарқан ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
2023 жылғы 26 қыркүйектегі № 325 қаулысына қосымша Сарқан ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары № Орналасу орны Алатын алаңы (шаршы метр) Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл) Қызмет саласы Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері) 1 Сарқан қаласы, К. Буашев көшесі мен Пушкин көшесінің қиылысында 180 5 ауыл шаруашылығы өнімдерін сату «Сайман» дүкені 2 Сарқан қаласы, М. Әуезов көшесі мен Пушкин көшесінің қиылысында 139 5 ауыл шаруашылығы өнімдерін сату ет павильоны 3 Сарқан қаласы, М. Әуезов көшесі мен Пушкин көшесінің қиылысында 346 5 ауыл шаруашылығы өнімдерін сату ет павильоны 4 Қойлық ауылы Макетов көшесі, № 164 үйге қарама-қарсы 100 5 ауыл шаруашылығы өнімдерін сату «Ақнұр» дүкені 5 Қойлық ауылы, Макетов көшесі, № 166 үйге қарама-қарсы 175 5 ауыл шаруашылығы өнімдерін сату «Ақнұр» дүкені