Қолданыстағы ред. 22.01.2004

Қалалық Мәслихаттың регламентін бекіту туралы. от 22.01.2004 г. № 4/50 (Қалалық Мәслихаттың регламентін бекіту туралы.)

0

Қалалық Мәслихаттың
регламентін бекіту туралы.
2001 жылдың 23 қаңтарындағы №148-ІІ Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңға сәйкес қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Жезқазған қалалық Мәслихатының регламенті бекітілсін (бірге тіркеледі)

2

2. Облыстық әділет басқармасында 472 нөмірмен тіркелген қалалық Мәслихаттың 2001 жылғы 3 қазандағы № 17/182 «Жезқазған қалалық Мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешімінің күші жойылсын.

3. Жезқазған қалалық Мәслихатының РЕГЛАМЕНТІ

Жезқазған қалалық Мәслихатының
2004 жылғы 22 қаңтардағы №4/50
«Қалалық Мәслихаттың регламентін
бекіту туралы» шешіміне 1қосымша
бекітілді.
Жезқазған қалалық Мәслихатының
РЕГЛАМЕНТІ

1. 1. Жалпы ереже.

1. Жалпы ереже.

1

1. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, Жезқазған қаласындағы биліктің өкілетті органы қалалық Мәслихат болып табылады. Ол жалпы мемлекеттік мүддені ескере отырып, қала тұрғындарының ерік-жігерін іске асырып, жергілікті мәселелерді айқындайды, белгіленген шаралардың жүзеге асырылуын бақылайды. Оның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңымен, қалалық Мәслихат регламентімен және Қазақстан Республикасының басқа да заң жасау актілермен басқарылады, жоспарлы негізбен жасалады.
Ол көпшілікпен ақылдаса отырып, шешім қабылдауға, оларды орындауға жекебас жауапкершілігіне, заңды түрде, өзінің құрған ұжымы мен сайланатын қызмет адамының есеп беруіне, қоғамдық көзқарасты ескеруге негізделеді.

2

2. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның 9 бабына сәйкес, сессияда бекітілген Мәслихаттың регламентінде мына мәселелер а»қындалады:

1

1) Мәслихат сессиясын, оның органдарының отырыстарын өткізу;

2

2) сессияға мәселелер еңгізіп, оны қарау;

3

3) Мәслихат органдарын құру және сайлау, олардың қызметі туралы есебін тыңдау;

4

4) депутаттық сауалдарды қарау;

5

5) дайыс беру тәртібі;

6

6) аппарат жұмыстарын ұйымдастыру.
Регламент Мәслихат жұмысын ұйымдастырудың басқа да кез-келген мәселелрін белгілей алады. Регламент пен заң нормасында айырмашылық болған жағдайда, соңғысын қолданады.

3

3. Депутат жергілікті әкімшілік тұрғыдан жалпы мемлекеттік мүддені ескере отырып, тұрғындардың қалауын орындайды. Оларға депутаттық құқығы мен міндеттерін орындау үшін қаражаттық және ұйымдастыру жағдайлары қамтамасызх етіледі.
Қалалық Мәслихаттың депутаты депутаттық өкілеттігін орындауда, тұрақты комиссиялар отырысында, сессия өткізілетін уақытта өз қызметтік міндеттерін орындаудан босатылады, негізгі жұмыс орнынан орта жалақысы қалалық бюджет есебінен төленеді, бірақ оның мөлшері жергілікті әкімшілік тұрғыда әкімшілік жетекшісінің бұл қызметте 1 жылға дейін жұмыс істеуіне сәйкес жалақысынан аспау керек. Депутаттардың жұмыстан босатылуына сәйкес қажетті құжаттарын Мәслихат аппараты уақытында дайындап береді. Мәслихат отырыстарында депутат Мәслихат сессиясында және оның тұрақты комиссиясында қарауға мәселелер ұсынуға құқылы, оларды қарастырып және қаулы қабылдауға қатысады, жергілікті атқару ұжымдары мен ұйымдардың қызметкерлерінің есептерін сессияға тындауға ұсыныс жасайды, қаралып жатқан мәселелер бойынша өзгертілер мен ескертілер еңгізеді, ұсыныс жасап, сол жайында өз көзқарасын айтады, сұрақ қойып, талдау жасай алады және басқа да құқықтары бар. Қалалық Мәслихаттың әр депітатына өз ісін нақтылы және сүрінбей орындау үшін, оның құқығын, арын және қабілетін қорғауына кепілдік беріледі. Мемлекеттік ұжымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, мекеме, ұйым және кәсіпорындардың жетекшілері, меншік түріне қарамастан депутаттарға жұмысын орындауға қажетті көмек көрсетуге міндетті.

2. 2. Қалалық Мәслихат сессиясын өткізху тәртібі.

2. Қалалық Мәслихат сессиясын өткізху тәртібі.

4

4. Мәслихат қызметінің негізгі түрі сессия болып саналады, мұнда заңды түрде шешіге жататын мәселелер қаралады.
Мәслихат сессиясына Мәслихатқа сайланған депутаттардың 2/3 мүшесі қатысса заңды болып саналады.
Мәслихат сессиясы пленарлық отырыс түрінде өткізіледі.
Сессия жұмысында Мәслихаттың шешімі бойынша Мәслихатпен белгіленген мерзімге үзіліс жасауға болады, ол 15 күннен аспау керек. Сессияның ұзақтылығын Мәслихат белгілейді.
Мәслихат әр отырысы алдында қатысатын депутаттарға тіркеу өткізеді, оның нәтижесімен отырыс алдында сессия төрағасы таныстырады.
Депутаттардың талабы бойынша қатысушылардың қажетті санын сессия жұмысы кезінде тексеруге болады.
Мәслихат сессиялары ашық түрде өтеді. Сессияның жабық түрлерін өткізу Мәслихат шешімімен ұйғарылады, оны Мәслихат сессиясының төрағасы немесе сессияға қатысушы депутаттардың 1/3 атынан жасалған ұсыныс бойынша қабылдайды.
Қала әкімі немесе оның міндетін атқарушы орынбасары Мәслихат пен оның органдарының ашық және жабық отырыстарына қатысуға құқылы.
Бұқараралық ақпарат құралдары халықты сессия жұмысы барысымен және қабылданған шешімдер туралы заң ұжымдарына мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң таныстырады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы қалалық Мәслихат ғимаратында, сессия өтетін залда тұрақты орнатылады.
Сессияның дайындық пен оған басшылық жасауды сессия төрағасы және Мәслихат хатшысы жүзеге асырады.

5

5. Жаңадан сайланған Мәслихаттың бірінші сессиясы қалалық жергілікті сайлау комиссиясының төрағасымен депутаттар тіркелген күннен бастап 30 күндік мерзім ішінде шақырылуға тиіс, егер қалалық Мәслихатқа бекітілген депутаттар саны ¾ төмен болмаса.

6

6. Мәслихаттың бірінші сессиясы алдында дайыедық жұмыстарын өткізу үшін шақырудан 10 күн бұрын қала депутаттарының жалпы санынан ½ мүшелерімен жиналыс өтеді. Жиналыста бірінші сессияның күн тәртібі бойынша ұсыныстар жасалады және оны өткізу тәртібі, сессия төрағасы және Мәслихат хатшысының, тексеру комиссия, төрағасының кандидатурасы жайлы ұсыныстар жасалып, сессияның жұмыс органдарының құрамы қаралады. Тұрақты және тексеру комиссиясын құру, қалалық Мәслихаты аппаратының құрылымы мен штаты, күн тәртібі және екінші сессия төрағасына ұсыныс сияқты мәселелер қаралады.

7

7. Мәслихаттың кезекті сессиясы жылына төрт рет шақырылады және оны Мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы Мәслихатқа сайланған депутаттардың 1/3 санының ұсынысы, сол сияқты қала әкімінің ұсынысы бойынша шақырылады және оны Мәслихат сессиясының төрағасы өткізеді. Кезектен тыс сессияны өткізуге шешім қабылдаған күннен бастап бес күндік мерзім ішінде шақырылуы керек. Кезектен тыс сессияда тек осы сессияны шақыруға себеп болған мәселелер ғана қаралады.

8

8. Мәслихат сессиясын өткізу орнын және шақыру уақытын, сессияда қаралатын мәселелер туралы Мәслихат хатшысы депутаттарға, халыққа және әкімге сессиядан 10 күн бұрын, ал кезектен тыс сессияны шақырған кезде 3 күн бұрын хабарлайды. Сессияда қаралатын мәселелер бойынша қажетті материалдарды Мәслихат хатшысы депутаттарға және әкімге сессиядан 5 күн бұрын, ал кезектен тыс сессияны шақырған жағдайда 3 күн бұрын береді.

9

9. Сессияның күн тәртібі Мәслихаттың, алдағы мерзімге дайындаған жұмыс жоспары негізінде, сессия төрағасы, Мәслихат хатшысы, тұрақты комиссия, депутаттық топ және қала әкімі енгізетін мәселелері бойынша белгіленеді.
Сессияның күн тәртібі оны талдау кезінде өзгертіледі немесе толықтырылады. Күн тәртібін бекіту туралы Мәслихат сессиясы шешім қабылдайды.
Мәслихат отырыстарында күн тәртібі және сессияны өткізу туралы енгізілген ұсыныстар хатшылыққа жазбаша түрде беріледі немесе сөз алған кезде айтылады. Жазбаша ұсыныстарды түскен жағдайда сессия төрағасы оны оқып, хабарлайды.
Күн тәртібіндегі әр мәселе бойынша дауыс беру жеке өткізіледі.
Мәселе күн тәртібіне еңгізіледі деп саналады, егер оған Мәслихатқа сайланған депутаттардың көпшілігі дауыс берсе. Әр сессияда депутаттарға, бөлім жетекшілеріне, қала әкіміне сұраққа жауап беруіне уақыт қалдырылады, олардың құрамы сессияны дайындау кезінде сессия мен тұрақты комиссия төрағаларының ұсынысы бойынша анықталады.

10

10. Сессияға енгізетін мәселелердің сапалы дайындалуы үшін Мәслихат хатшысы сессияны өткізу іс-шараларының дайындық жұмыстарын ұйымдастырады, сессия төрағасы қала әкімімен келісіп, бекітеді.

11

11. Мәслихат сессияларына Қазақстан Республикасы Парламентінің, облыстық Мәслихаттың депутаттары, қала және аудан әкімдері, сессияда жұмысы қаралатын ұйымдар мекемелердің, кәсіпорындардың, мемлекеттік ұйымдардың жетекшілері шақырылады және сессияға қала прокуроры немесе оның орынбасары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысады. Өз шешімімен Мәслихат сессияға кейбір мемлекеттік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің жетекшілеріне қосымша дауыс ретінде қатысуға рұқсат береді. Әр сессия шақырылғандардың тізімін оның төрағасы немесе Мәслихат хатшысы анықтайды. Мәслихат отырысына шақырылғандар үшін Мәслихат хатшысы анықтайды. Мәслихат отырысына шақырылғандар үшін отырыс залында арнайы орындар беріледі. Шақырылған адамдар Мәслихаттың сессия жұмысына араласуға құқығы жоқ, мақұлдау немесе мақұлдамау әрекеттерін жасамауға, тәртіп сақтап, сессия төрағасының өкімін орындауға міндетті.
Депутат емес адам тәртіпті бұзған жағдайда отырыс залынын сессия төрағасының ұйғарымымен немесе сессиядағы депутаттардың көпшілігінің талап етуі бойынша шығарылады.

12

12. Сессия төрағасы кезекті Мәслихат сессиясында ашық дауыспен сайланады. Сессия төрағасы болмаған жағдайда оның қызметін Мәслихат хатшысы орындайды. Мәслихат депутаты кезекті сессия төрағасы болып бір жылда екі реттен артық сайлана алмайды.
Мәслихаттың сессиясының төрағасы:

1

1) Сессия шақыру жөнінде шешім қабылдайды, сессияның күн тәртібін, сессияда қаралатын мәселелерді дайындауды басқарады;

2

2) Сессия отырысын жүргізеді, регламенттің сақталуын қамтамасыз етеді, Мәслихат хатшымен бірге Мәслихат сессиясында қабылданған шешімдерге, хаттамаларға және басқа да бекітілген құжаттарға қол қояды.
Сессия төрағасы отырыстарды ашып жабады, баяндамашылар мен шығып сөйлеушілерді хабарлайды, шешімдердің және басқа құжаттардың жобасын дауысқа салып, отырыста қаралған мәселелер бойынша депутаттарлың ұсыныстарын оқиды, өз атына түскен өтініш, ұсыныс және сұрақтарға жауап, анықтама береді, отырыс залында тәртіптің сақталуын қамтамасыз етіп, депутаттардың ұсыныстарын дауысқа салады. Сессия төрағасы отырыс барысында депутаттардың пікіріне түсініктеме беруге құқығы жоқ.
Сессия төрағасы қаралып отырған мәселе бойынша қалыпты жағдайда екі жақтың да бірлікте, өзара ынтымақты жұмыс атқаруы міндет. Ол тұрақты комиссия, депутаттық топтармен түсініспеушілікті шешу мақсатымен кеңес беруді ұйымдастырады, қажет болса депутаттармен келісіп комиссия, депутаттық топтар арасындағы түсініспеушілікті шешу үшін келісім комиссиясын құрады.
Егер депутаттардың дауысы тепе-тең болса, Мәслихаттың сессиясы төрағасының дауысы Мәслихат сессиясында дауыс берген кезде басты болып саналады.
Мәслихаттың сессия төрағасының шақыруы бойынша жергілікті атқару органдары, қала ішіндегі ұйымдардың қызметкерлері мен жетекшілері Мәслихаттың қарауына енгізілген мәселелерге ақпарат беру үшін Мәслихат сессиясына қатысуға міндетті.

13

13. Қалалық Мәслихаттың отырыстары таңертеңгілік сағат 10-нан 14-ке дейін бір үзіліспен өтеді, күндізгісі 15-тен 19 сағатқа дейін. Мәслихат отырысын басқа уақытта өткізуге шешім қабылдай алады. Сессия төрағасы өз атынан немесе депутаттардың ұсыныстары бойынша қосымша үзіліс хабарлай алады. Сеесия отырыс соңына депутаттарға қысқаша 2 минуттық көлемде сөз сөйлеуге 15 минут қалдырады.

14

14. Мәслихат отырыстарында баяндама жасауға 25 минут, қосымша баяндамаларға 15 минут, жарыссөзге 10 минут, ұсынатын кандидатурды талдауға 3 минут, отырыс өткізу тәртібі бойынша, дауыс беру және анықтама үшін 2 минут беріледі.
Қажетті жағдайларда сессия төрағасы отырысқа қатысушы депутаттардың көпшілігінің келісімімен сөз сөйлеу уақытын ұзартуына болады. Баяндамашылар сұрақтарға жауап береді. Егер шығып сөйлеуші өзіне берілген уақытты созып алса, төраға оның баяндамасын тоқтатады немесе депутаттардың келісімімен оған қосымша 2-3 минут береді.
Сөз беруді сұрау жөнінде өтініштерді сессия төрағасының атына жазбаша түрде секретариатқа беріледі, секретариат оларды түскен реті бойынша тіркеп, сессия төрағасына тапсырады. Сессия төрағасы сөзді депутат ауызша түрде сұрағанда да бере алады.
Қалалық Мәслихаттың депутаты бір мәселе бойынша екі рет қана сөз сөйлей алады. Жарыссөзге, анықтама беру үшін сөз алғандар мен сұраққа жауап бергендер шыққан болып саналмайды. Басқа депутатқа сөз сөйлеу кезегін беруге рұқсат етілмейді.
Жарыссөздер сессияға қатысқан депутаттардың көпшілігінің ашық дауысқа салу шешімімен тоқтатылады.
Жарыссөзді тоқтату мәселесі қойылған кезде, сессия төрағасы жазылған және сөз сөйлеген депутаттардың санын хабарлайды, кімнің жарыссөзге талап ететінін анықтайды.
Қала әкімі, қалалық Мәслихаттың хатшысы кез-келген уақытта сөз алуына болады, бірақ регламент көлемінде.

15

15. Отырыс өткізу тәртібі және дауыс беру себебі бойынша сөзді депутатқа алдыңғы баяндама аяқталғаннан кейінгі кезектен тыс беру керек. Сессия төрағасы кезектен тыс сөзді депутаттық сұранысқа анықтама, сұраққа жауап бергенде және талқыланып жатқан мәселе бойынша түсініктеме алу үшін бере алады.
Баяндамашыларға сұрақтар жазбаша немесе ауызша түрде беріледі. Жазбаша сұрақтар сессия төрағасына беріледі және Мәслихаттың отырысында оқытады.

16

16. Қалалық Мәслихатта жұмыс қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Баяндаманы өзге тілде жасайтыны туралы депутат Мәслихаттың хатшысына алдын-ала хабарлайды.

17

17. Қалалық Мәслихат отырыстарында шығып сөйлеушілер депутаттың ар-намысына зиян тигізетін дөрекі сөздер қолдануына, біреудің атына дәлелсіз жала жабуға, конституциялық бағдарға күшпен төңкеріс жасауға және басқа да заңсыз іс-әрекеттерге үн тастауға құқықсыз. Осы шарттарды сақтамаған жағдайда төраға шығып сөйлеушіге ескерту жасайды, содан соң сөз бермейді.
Қалалық Мәслихаттың отырысында ешкім төрағаның рұқсатынсыз сөйлеуіне болмайды.

18

18. Сессияның хатшылығы депутаттар санынан және Мәслихаттың аппарат қызметкерлерінен, жетекшілерінен және мүшелерінен дауысқа салу арқылы сайланады. Хатшылық сессия хаттамасы мен стенограмма жазуын ұйымдапстырады, сөз алушылар тізімін жүргізеді, депутаттардан түскен депутаттық сұраныс, анықтама, хабарландыру, өтініш пен ұсуныстарын тіркейді, сессия атына берілген үндеулермен жұмыс жасайды және отырысқа қажетті басқа да жұмыс атқарады.
Хатшылық депутаттардан түскен ұсыныстарды,сөз сөйлеуге жазылғандар туралы мәліметті және депутаттардың басқа да пікірін төрағаға жеткізеді.

19

19. Қалалық Мәслихат ашық дауыспен санақ және редакциялық комиссия құрамын тақ санымен сайлайды, олардың басым көпшілігі депутаттар, қала әкімі және басқа қалалық ұйымдар әкімшілік қызметкерлері де сайлана алады.
Редакциялық комиссия кезекті сессияға да сайлана алады. Хатшылық, санақ және редакциялық комиссияларды сайлау жөнінде сессия шешімдер қабылдайды.

20

20. Шешімдер, басқа да құжаттар Мәслихат отырысында ашық дауыспен депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады.
Басқа мәселелерді қарастырған кезде сессияға қатысқан депутаттардың көпшілік дауысымен қабылданады. Қатысушы депутаттардың көпшілігінің талабы бойынша жабық дауыс беру өткізіледі, оның нәтижелері апта ішінде қалалық баспасөз жарияланады.

21

21. Сессия ашық дауыс беру кезінде дауыстарды санау құрамы қалалық Мәслихат сессиясында анықталған.
Ашық дауысқа салу алдында төраға дауысқа салынатын ұсыныстар санын көрсетіп, олардың мазмұнын анықтайды.
Дауыс беру көпшілік басыңқы болса саналмай өтуіне болады, егер депутаттар оны тілемесе немесе санаумен өтеді. Дауыс берген кезде бір мәселе бойынша әр депутат бір ғана дауыс береді – «қарсымын», «қалыс қалсдым», «қарсы емеспін» деп.
Егер дауысқа сол мәселе бойынша бір ұсыныс берілсе, қатысқан депутаттардың көпшілік дауысы басыңқы болып, қабылданды деп саналады. Ал егер сол мәселе бойынша дауысқа бірнеше ұсыныс берілсе, онда тек «қарсы емеспін» деп әр ұсынысқа дауыс береді және қабылданды деп, тек көп дауыс берілген ұсыныс қабылданады.
Дауыстарды санап болғаннан кейін сессия төрағасы дауыс беру нәтижесін хабарлайды: ұсыныс қабылданды ма, әлде жоқ па.
Дауыс беру ұсыныстар түсуіне қарай өтеді. Бір мәселе бойынша қайталап дауыс берілмейді. Қалалық Мәслихат шешімімен жасалатын мәселелер бойынша сессияға қатысқан депутаттардың көпшілік дауысысменашық дауысқа салып қабылдайды, егер бұо мәселелерді шешуге басқа тәртіп орнатылса шешім қабылданбай хаттамаға туркеліп, отырыс стенограммасына жазылады. Маңызды мәселелерге шешім қабылдау үшін және сайланатын қызметке адам сайланған ашық немесе жабық дауыспен өткізуге болады.

22

22. Жабық дауыс беруді өткізу үшін және оның нәтижелерін анықтау үшін сессияда ашық дауысқа салынып, депутаттар ішінен санақ комиссиясын сайлайды. Бұның ішіне атқару ұжымының құрамына немесе жоғары қызметке белгіленген депутаттар кіре алады. Санақ комиссиясының сайлағаны жөнінде шешім қабылданады.
Санақ комиссиясының құрамынан комиссия хатшысы, төраға сайланады. Санақ комиссия шешімі өз мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. Санақ комиссияның хаттамалары қалалық Мәслиъхат сессиясында бекітіледі.
Бюллетендер санақ комиссиясының бақылауымен белгіленген нысан бойынша қажетті мөлшерде және барлық ақпаратымен жасалады. Шешімнің жобасы бойынша дауыс беру үшін бюллетенінде «қарсы емеспін» және «қарсымын» сөздері болу шартты.
Дауыс беру мерзімі мен орны, өткізу тәртібі осы жұмыс регламентіне сәйкес жүргізіледі, оны санақ комиссиясының төрағасы хабарлайды.

23

23. Әр депутатқа жабық дауыс беру бюллетендерін сайланатын атқару ұжымы, қызмет адамы немесе сессияда қаралатын мәселе бойынша бір бюллетень беріледі.
Санақ комиссиясының мүшелері депутаттардың тізіміне сәйкес жабық дауыс беру бюллетендерін қалалық Мәслихаттың депутаттары куәлігін көрсеткеннен кейін береді.
Бюллетенді депутат кабинада немесе жабық дауыс беру бөлмесінде толтырады, өзі дауыс бермейтін үміткердің аты-жөні бюллетеннен сызып, ал шешімнің жобасы берілген нұсқадағы бюллетенде «қарсымын» немесе «қарсы емеспін» сөздерін сызады.
Нысаны белгісіз бюллетендерде дауыс берушінің қойылған мәселеге «қарсы» немесе «карсы емеспін» нақтылы көрсетпегенде, ал қызметке сайлаған кезде бір орынға екі немесе одан да көп аты-жөндері қалдырған бюллетендер жарамсыз деп саналады. Бюллетенге қосымша жазылған аты-жөндер есептеген кезде ескерілмейді.

24

24. Жабық дауыс беру нәтижесі бойынша санақ комиссиясы хаттама толтырады, оларға санақ комиссиясының барлық мүшелері қол қояды.
Санақ комиссиясының баяндауы бойынша қалалық Мәслихат жабық дауыс беру нәтижелерін бекітуге шешім етеді.
Дауыс беру кезінде жіберілген қателіктер анықталған жағдайда қалалық Мәслихаттың шешімі бойынша қайта дауыс беру өткізіледі. Дауысты есептеу кезінде санақ комиссиясы басыңқылық жасаса, онда ол комиссия ауыстырылып, қайта дауыс береді.

25

25. Қалалық Мәслихаттың депутаттары дауыс беру құқығын өздері өтеуі керек. Дауыс беру кезінде болмаған депутат, соңынан дауыс беруіне болмайды. Депутаттардың бірі үшін бірі дауыс беруіне жол берілмейді.

26

26. Мәселені тез арада шешу қажет болған жағдайда, комиссия дауыс беруді сұрастыру жолымен өткізуге шешім қабылдайды. Бұл жағдайда дауысты атап береді. Депутаттың ұсынысы бойынша әр қаралатын мәселеге атап дауыс беруге болады.

27

27. Жабық дауыс беру нәтижесі бойынша санақ комиссиясы хаттама жазады, оларға мүшелерінің бәрі қол қойып, Мәслихаттың шешімімен бекітеді. Дауыс беру кезінде немесе дауыстарды санау кезінде қателер табылған жағдайда Мәслихаттың шешімі бойынша қайта дауыс беру өткізіледі.

3. 3. Қалалық Мәслихаттың актілерін қарап қабылдау, қаланың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын, жоспарын, бюджетін бекіту туралы.

3. Қалалық Мәслихаттың актілерін қарап қабылдау,
қаланың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын,
жоспарын, бюджетін бекіту туралы.

28

28. Қалалық Мәслихат шешімдер қабылдайды. Шешім регламентпен өзгертілмеген болса, сайланған депутаттың жалпы санының көпшілігінің дауысымен қабылданады.
Қала әкіміне сенімділік білдіру шешімі депутаттың жалпы санының 2/3 дауысымен ашық немесе жабық дауыс берімен қабылданады, ал қалалық атқару ұжымының жетекшісіне сенімсіздік білдіру немесе босату – сайланған депутаттың көпшілігімен.
Мәслихат отырысында қатысушылардың көпшілік дауысымен жасалатын мәселелер бойынша шешім қабылданады: дауыс беру түрін тандау, мәселені талқылауға берілетін уақытты анықтау, жарыссөз жасауға немесе доғаруға шешім ету, уақытша депутаттық топтың жеке құрамын және олардың құқығын бекіту, шешімдердің жобасын негізі ретінде қабылдау, өтініштер және Мәслихат үндеулерін қабылдау.

29

29. Қалалық Мәслихатқа қарауға шешім жобаларын, басқа да актілерді енгізу құқығы оның депутаттарына, тұрақты комиссияларға, депутаттық топтарға, қала әкіміне беріледі.

30

30. Сессия кезінде шешім жобалары, басқа да актілер хатшылыққа, ал сессия арасындағы кезеңде сессия төрағасына немесе Мәслихаттың хатшысына беріледі.
Қарауға қабылданған шешім жобалары және басқа да актілерді сессия төрағасы немесе Мәслихаттың хатшысы ұсыныстарды қарап, дайындау үшін тұрақты комиссияға жібереді. Біржола ьұрақты комиссиялардың біреуіне Мәслихат актілерінің жобасы бойынша, сессиядағы қосымша баяндама, өткізілген тексеріс және қосымша хабарларды жинаудың қорытындысын дайындау тапсырылуы мүмкін.
Акті жобаларымен жұмыс жасау үшін және басқа – мәселелерді дайындауға тұрақты комиссиялар өз құрамынан жұмыс топтарын құрауы мүмкін. Қажет болған жағдайда бірнеше комиссиялардан біріккен жұмыс тобы құралады. Бұл топтың жұмысына әр депутат қатысуға ерікті.

31

31. Сессия төрағасы, Мәслихаттың хатшысы, тұрақты және дайындық комиссиялары, жұмыс топтары шешім жобаларын ғылыми сараптауға жібере алады, мемлекеттік ұжымдардың және қызмет адамдарынан пікір сұрай алады, дайындалып жатқан мәселелермен шешім жобаларын еңбек ұжымдарында және азаматтардың жиналыстарыгнда алдын-ала талдай алады. Сессия төрағасының немесе Мәслихаттың хатшысының шешімі бойынша жоба қалалық баспасөзде басылады, бұл жолы ұсыныс пен ескертулерді қарастыру тәртібі мен мерзімі анықталады.

32

32. Мәслихат және оның органдары балама жобаларды негізгі жобамен бірге қарайды. Сессия мәселелерін дайындауға қатысанты тұрақты комиссяилаор арасында келіспеушілік болған жағдайда, комиссия төрағасы және сессия төрағасы оларды жоюға шаралар қолданыда, қалған келіспеушіліктер жөнінде Мәслихатқа жеткізеді.

33

33. Сессияда мәселе қаралған кезде басты тұрақты комиссияның, басқа да тұрақты комиссиялардың, жұмыс топтарының және уақытша комиссяилардың баяндамасы, қажет болса қосымша баяндамалар тындалады. Тұрақты комиссиялар, уақытша комиссиясының және жұмыс топтарын кейбір мүшелері баяндаманың ережелерімен немесе шешімнің жобасымен қорытындысымен келіспесе, олар өз пікірін қаралатын міселе бойынша талқылау басталмай тұрып баяндауы керек.

34

34. Депутаттар және шақырылған адамдар баяндаманы, қосымша баяндама және жоба бойынша жасаған тұрақты комиссяиның қорытындысын талқылайды, жоба жөнінде өзгертілер, ескертулер және ұсыныстар мен толықтырулар айтады. Жобаның әр бабын жеке талқылайды. Жобаға өзгертулер сессия хатшылығына тек жазбаша түрде толықтыруларды жоба мәтінінен көрсетіп береді. осы талапты қанағаттандырмайтын өзгертулер қарауға қабылданбайды.

35

35. Әр мәселені талқылауы аяқталғаннан соң сессия шешім қабылдайды. Егер бір мәселе бойынша бірнеше жоба енгізілсе, оның әрбіреуін талқылауға дейін депутаттарға таратып беру керек, редакциялық комиссия өз пікірін білдіреді, қай жобаның негізге алуды, қайсысын алмау жөнінде. Дауысқа қаулының барлық енгізілген жобалары салынады, қатысушылардың көпшілігімен бір жобаны негізге алғаннан кейін, депутаттар осыған өзгерістер енгізуге кіріседі.

36

36. Тұрақты және редакциялық комиссиялардың шешім жобасын пысықтауға депутаттар қатысып, қосымша ұсыныстарымен өзгерістерін жазбаша түрде қарауға бере алады. Комиссия қайтарылған жобаны өзгерістермен дәлелдеп Мәслихатқа жібереді. Комиссия баяндамасында жобаға енген ұсыныстар көрсетілген, қабылданған өзгерістер себебі айтылады.

37

37. Шешім жобасында өзгертілер болған жағдайда дауыс беру келесі ретпен өтеді:

1

1) Ұсынылған (қайта жасалған) жобаны негізге алу, ол қайтарылған жағдайда дауыс беру тоқтатылады.

2

2) Негізге алынбаған, жобаға кірмеген барлық өзгерістер міндетті түрде дауысқа кезекпен салынады, дауысқа салуды шешу тек сайланған депутаттардың көпшілігінің дауысы жүзеге асырылады.

3

3) Шешімдерге толығымен қабылданған өзгертілерді ескере отырып дауыс береді. сессия барысында қайтарылған жоба мен оның өзгертулеріне қайта дауыс беруге болмайды.

38

38. Өзгерістерге дауыс жеке-жеке жасалады, оларға дауыс беру реттілігін төраға жасайды. Бірінші кезекте дауысты қабылданған өзгерістерге береді, яғни қайтарылғанын анықтауға, бір-біріне қайшылық келетін өзгерістерге, дауыс беру алдында оларды төраға оқып таныстырады, өзгеріс жасағандар өз пікіріне түсініктеме жасап сөз сөйлеуіне болады немесе дауыс беруден алып тастауға болады. қабылданатын шешімнің әр бабына дауыс жеке-жеке беріледі. Мәслихат сессиясы мен тұрақты комиссиялары қабылданған шешімге және басқа құжаттарға, Мәслихат хатшысы және аппараты өзгерістер енгізе алмайды. Сессия хаттамалары сессия аяқталғаннан сөң бір айдан кешіктірілмей басылып тұруы керек. Сессиялардың хаттамасының бір данасы тұрақты комиссяиның отырысы өтетін бөлмеде болу керек және депутаттардың өтініші бойынша оларға беріледі.

39

39. Қалалық Мәслихаттың азаматтардың міндеттерін, құқығы жөнінде немесе жалпы маңызы бар шешімі заңға сәйкес Қарағанды облыстық әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өтуі керек, Мәслихаттың хатшысы орындаушылар мен қызмет адамдарын таныстырып, қалалық баспасөзге жариялайды.

40

40. Қала жоспарының жобасы, облыстық әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы, оларды орындау есебі, Мәслихаттың басқа да жоспарлы және жоспардан тыс мәселелері қала басқармасының сызбасы, әкімшіліктің дербес құрамы, ақыл-кеңес органдырының ведомствоаралық сипаты, солар жөнінде шешім жобалары Мәслихатқа кезекті сессиядан үш жеті бұрын Мәслихаттың тұрақты комиссиясына қарауға береді. мәслихат хатшысы бұл жобаларды тұрақты комиссияның қарауына жолдайды.

41

41. Қала әкімі қаржы жылына жасалған қала бюджетінің жобасын сол жылдың облыстық бюджет бекітілгеннен кейін екі жетіден кешіктірілмей қалалық Мәслихаттың қарауына береді. екі жеті ішінде қалалық Мәслихат оны бекіту жөнінде шешім қабылдайды. Қала бюджетінің жобасын қарау жұмыстары қала әкімі Мәслихатқа бергеннен бастап бес күн ішінде тұрақты (уақытша) комиссияда қаралғаннан соң аяқталады.
Қала әкімі қала бюджетінің жобасын тұрақты (уақытша) комиссияның ұсыныстары мен толықтыруларын ескере отырып, осы комиссия қарастырғаннан кейін екі күн мерзімінде Мәслихатқа ұсынады.
Ағымдағы жылға жасалған қала бюджетін айқындау және жоспардан тыс мәселелерді қарауға қалалық Мәслихаттың кезектен тыс сессиясына енгізген кезде, деректерді регламенттің осы бөлігінде ескерілген мерзім ішінде беруі керек.
Мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қала бюджетін айқындау кезде шақыру жөнінде шешім қабылданған күннен бастап екі күн ішінде тұрақты (уақытша) комиссияларда қалалық қаржы басқармасында комиссияларға енгізуге берілген өзгертілер мен толықтырулармен жұмыс жүргізіледі.
Қала әкімі қалалық Мәслихатқа өткен қаржы жылындағы қала бюджетін орындау жөнінде жылдық есеп береді және қалалық Мәслихаттың кезекті сессиясында бекітіледі.

42

42. Есеп берілген жылдан кейін бірінші шілдесінен кешіктірмей қалалық Мәслихат әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының және қала бюджетінің орындалуын бақылайды. Осы мәселе бойынша қалда әкімиятының есептерін тыңдайды.

4. 4. Мәслихаттың комиссиясы мен депутаттық топтары, қызмет адамдары, бақылау функцияларын орындау.

4. Мәслихаттың комиссиясы мен депутаттық топтары,
қызмет адамдары, бақылау функцияларын орындау.

43

43. Қалалық Мәслихаттың бірінші сессиясында депутаттардың ішінен тұрақты жұмыс істейтін, өзіне есеп беретін қызмет адамын – Мәслихат хатшысын сайлайды. Мәслихат хатшысы Мәслихаттың қызметін жәнен күнделікті жұмысын ұйымдастырады. Оның негізгі қызмет функциясы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемелкеттік басқару туралы заңының 19 бабында және жұмыс тәртібімен көрсетіледі. Мәслихат хатшысын Мәслихат депутаттары Мәслихат сессиясында ұсынады. Ұсынушылар саны шектелмейді.
Ұсынылған кандидаттар өздерінің болашақ қызметінің бағдарламасының жобасымен таныстырады, ұсынылғандардың кандидатурасын талқылау Мәслихат шешімімен тоқтатылады. Егер ашық немесе жабық дауыс беру нәтижесінде депутаттың жалпы санынан жартысынан көбінің дауысын жинаса, ұсынылған кандидатура Мәслихат хатшысының қызметіне сайланды деп саналады.
Мәслихаттың хатшысының сайланған жөнінде шешім қабылданады. Егер хатшы қызметіне екіден көп ұсынылушы болса және олардың біреуі де қажетті дауыс жинамаса, ең көп дауыс жинаған екі кандидат бойынша қайта дауыс беру өткізіледі. Егер қайта дауыс бергенде біреуіде депутаттың жалпы санынан жартысының көбінің дауысын жинамаса, жаңа ұсынылушыларымен қайта сайлау өткізіледі. Мәслихат хатшысын қызметтен босату жөнінде ұсынысты сессияда Мәслихат депутатының жалпы санының көпшілік дауысымен енгізуге болады.
Мәселені күн тәртібіне енгізген жағдайда ашық дауыс беру арқылы өткізіледі. Мәслихат хатшысын қызметтен мерзімімен бұрын босатқан жағдайда жаңа хатшының сайлауы алғашқыдай өтеді.
Мәслихат хатшысының жұмысы жөнінде есебі жыл сайын тындалады.

44

44. Өзінің жұмыс мерзіміне бірінші сессияда Мәслихат депутаттар санынан тұрақиы комиссия құрайды. Мәслихат шешуіне жататын мәселелерді дайындап және алдын-ала қарастырып, оның шешім, заңдарын өмірге енгізуге көмек көрсетіп, өз қолынан келетін бақылау функцияларын орындау үшін тұрақты комиссиясының мүшелерімен төрағасын Мәслихат депутаттар санынан ашық дауысқа салып сайлайды.
Әр тұрақты комиссия құрамы жеке дауысқа салынады. Комиссияның аталуы мен мөлшері олардың саны мен құрамын сессия төрағасы, Мәслихат хатшысының ұсынысы бойынша Мәслихатпен айқындайды. Олардың саны алтыдан аспау керек. Бұл мәселелер бойынша ұсыныстарды әр депутат енгізуге құқылы. Тұрақты комиссия құрамын қарағаннан кейін, сессия жұмысында тұрақты комиссия отырысын өткізу үшін үзіліс жарияланып, комиссия төрағалары ұсынылады. Комиссия төрағаларын ұсыну қатысушылардың көпшілігімен ашық дауыс беру арқылы атқарылады.
Сессия комиссия төрағасын ұсынуды комиссия депутатының біреуі жасайды, олардың саны шектелмейді. Мәслихат отырысы төрағаға ұсынылған кандидатураны әр комиссия бойынша жеке-жеке талқылайды. Төрағаның орынбасары мен тұрақты комиссияның хатшысы оның ұйымдастыру отырысында төрағаның немесе депутаттың ұсынысы бойынша сайланады.
Тұрақты комиссия өз жұмысына қарай сектор, бөлімшелер құруына болады. қажет болған кезде жаңа тұрақты комиссия құрылады, бұрын болғандар қайта құрылып немесе қысқартылады. Тұрақты комиссия қызметі функцияларын ұйымдастыруы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңының 12-15 баптарында көрсетілген. Тұрақты комиссия шешімдері орындалмаған жағдайда немесе қызмет адамдары жала ақпар берген комиссия ұсынысы бойынша қалалық Мәслихаттың хатшысы лайықты ұжымға шара қолдану жөнінде талабымен барады.

45

45. Сессияда қалалық Мәслихат жұмысына жатқызылған жеке мәселелерді қарастыруға дайындау мақсатымен Мәслихат немесе Мәслихат хатшысы уақытша комиссия құруына болады. Уақытша комиссия құрамын, міндеттерін, мерзімін, жұмысын және құқығын Мәслихат немесе Мәслихат хатшысы анықтайды. Мәселені зерттеу нәтижесі бойынша уақытша комиссия қорытынды жасайды, оны басты тұрақты комиссияға береді.

46

46. Өз күшіне қарай тұрақты комиссиялар лайықты жердің тұрғындару немесе ұжымның құқылық және әлеуметтік-экономикалық қызығушылығына жататын және қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша өз атынан немесе қалалық Мәслихаттың шешімі бойынша тындаулар өткізуіне болады, баяндамашының тындалатын негізгі мәселесін, өткізетін күнін, орнын және өткізу түрін анықтайды. Тұрақты комиссиялар бұқараралық ақпарат құралдары арқылы 10 күн бұрын өткізу уақытын, күн тәртібін және өткізу орынын хабарлайды. Тындауларға тұрақты комиссиялар 15 күн бұрын атқаруша ұжымдардың, жергілікті басқару ұжымдарының, қала ұйымдары, кәсіпорындары мен мекемелердің, бұқараралық ақпарат құралдарының өкілдерін баяндаумен немесе хабарлама беру үшін шақыруға құқылы, сондай-ақ қоғамдық бірлестік өкілдерін, қала азаматтарын шақыра алады.

47

47. Тындауды өткізу үшін депутаттар санынан жұмыс тобы құрылады, тындау дайындығы кезінде мамандар шақыруға болады. тұрақты комиссия бұқараралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындарды болатын тындаулар тақырыбымен таныстырады, қала азаматтарынан мәлімет жинауға көмек сұрайды, тыңдау соңында олардың нәтижесі халыққа хабарланады.
Тыңдау дайындығы кезінде атқару ұжымдары олардың бөлімі, комитет, басқарма, заң қорғау ұжымдарының, банк, кәсіпорын, мекеме және жекеменшіктің әр түрлі жетекшілері комиссия мүшелеріне тыңдауды дайындау үшін қажетті ақпаратты, мәліметті және қалалық Мәслихат жұмысына жататын Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік құпия туралы заңы бойынша құпия емес құжаттарды кедергі жасамай беруге міндетті. Тындауларға тұрақты комиссия өзі белгілеген адамдарды шақырады. Оларға кеңес беру дауыс құқығымен облыстық Мәслихат депутаттары, журналистер, қала азаматтары қатыса алады. Тұрақты комиссиялар отырыстары, негізінде, ашық өтеді, тек жасалынатын ақпарлар заңға сәйкес мемлекеттік құпия болмаған жағдайда.
Тыңдауларды өткізіп дайындау үшін тұрақты комиссиямен құрылған жұмыс тобы жазбаша қорытынды жасайды, оған оның барлық мүшелері қол қояды, қызығушылық білдірген адамдар танысуы керек. Тыңдаулардың нәтижесі бойынша тұрақты комиссия шешім қабылдайды.
Тыңдаулар барысында табылған кемшіліктерді жою үшін облыс және қалалық Мәслихатқа, облыс және қала әкімінің немесе республикалық ұжымдардың араласуы керек деп табылса, онда комиссия корытындысымен шешімді осы ұжымдарға жіберіледі. Тұрақты комиссияның жұмыс көлеміне қарай тыңдаулар нәтижесі бойынша қабылданған шешім ашық дауысқа салу арқылы қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданады және басқару ұжымдармен олардың бөлімшелері, кәсіпорын мен ұйымдар үшін, қызмет адамдары мен азаматтар үшін орындалуға міндетті. Тыңдаулардың нәтижесі бойынша тұрақты комиссиялардың ұсыныстары орындалмаған немесе дұрыс орындалмаған жағдайда сол кәсіпорын, бөлім және қызмет адамдарымен тыңдаулар ұйымдастырушылары жоғары тұрған инстанцияларға шағымданып, сот арқылы әкімшілік жауапкершілікке тартуына болады.

48

48. Қалалық бюджетті жасау мен оның орындалысын бақылау үшін Мәслихат өзінің жұмыс істеу мерзіміне тексеру комиссиясын сайлайды. Комиссия мүшелерінің санын Мәслихат өзі белгілейді. Комиссия төрағасы депутаттар ішінен сайланады. Қалалық Мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы өз қызметін босатылған негізімен атқарады. Тексеру комиссиясының жұмысына келісім-шарт арқылы Мәслихат депутаттары емес адамдар да алынады.
Тексерістер мәслихат шешімі, тексеру комиссиясы, Мәслихат хатшысы, Мәслихаттың 1/3 депутаттар санының ұйғарымы бойынша және Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген жағдайда өткізіледі. Тексері нәтижесі бойынша комиссия акт жасайды, ол туралы Мәслихат пен әкімге хабарлайды Тексерістер жылына бір рет өтеді. Тексеру комиссиясының жұмыс бағыты Мәслихаттың тұрақты комиссиясының жұмысына ұқсас.

49

49. Мәслихат депутаты сессия төрағасына, Мәслихаттың хатшысына, қалалық әкімшілік, қалада орналасқан кәсіпорын, мекеме мен ұйым жетекшілеріне Мәслихат шеше алатын мәселелер бойынша сұранысын айтуға құқысы бар, қоғамдық маңызы барлары сессияда жарияланады.

50

50. Сұранысты жазбаша түрде бірнеше депутаттар атынан жасаған кезде, онда олардың аты-жөні, сайлау округінің нөмірі көрсетілуі керек және барлық депутаттар қол қою керек. Қалалық Мәслихаттың тұрақты немесе уақытша комиссиясының атынан жасалатын жазбаша сұранысына оның төрағасы қолын қояды. Тұрақты комиссия атынан сұраныс жасау шешімі, оның отырысында қабылданып, хаттама жасалынады.

51

51. Сессия басында жасалынған сұраныстар сессия төрағасына, мәслихат хатшысыныа беріледі және сессия күн тәртібіне еңгізу жөнінде мәселе шешілген кезде оның отырысында қаралады. Сұраныс көшірмесін Мәслихат хатшысы жіберілген ұжым немесе қызмет адамына жауап беру тәртібімен мерзімін көрсетіп тапсырады. Сессия өткізу барысында жасалған сұраныстар отырыс төрағасына беріледі. Сұраныс жауабын және оны әрі қарай талқылау үшін Мәслихат хатшысы сессияға мемлекеттік ұжым басшысын немесе оның орынбасарын шақырады.

52

52. Сессияда қаралатын басқа мәселелермен байланысты жоқ сұранысты Мәслихат күн тәртібі жеке мәселе ретінде еңгізеді, немесе сессия жұмысы соңында арнайы бөлінген уақыт ішінде қарайды.Мәслихат күн тәртібінде сұрақтар мен сұраныстарды шешетін арнайы уақыт қалдырады. Сұранысқа жауап беру үшін 10 минут беріледі, сұраққа 5 минут сессияда қаралатын басқа мәселелермен байланысты сұраныстарды төраға күн тәртібіне енгізбейді және сессияда осы мәселе бойынша жарыссөз басталғанға дейін таныстырады.

53

53. Сұраныс қаралмай қайтарылады, егер ол лайықсыз мемлекеттік ұжымға немесе қызмет адамына бағытталса, және қалалық Мәслихат жұмыс шеңберінен шығып тұрса немесе «Мемлекеттік құпиялар туралы» заңына сәйкес мемлекеттік немесе қызмет құпиясы саналатын ақпарды беру жөнінде немесе тергеу ұжымының қылмыстық істер бойынша мәлімет сұраған болса. Жоғарыда айтылған негіздер бойынша сүраныстарды мәслихат сессия арасындағы кезеңде сессия төрағасы немесе Мәслихаттың хатшысы кері қайтарады. Мәслихат депутаттардың сұранысын қоғамдық мәні жоқ деп таба алады. Бұл жағдайда оны депутаттың басқа ұсыныстарына бекітілген тәртіп бойынша қарайды. Сұранысты мағыналы себеппен қайтаруға болмайды.

54

54. Мәслихат сұранысты қарауды басқа сессияға ауыстыра алады. Сессияның күн тәртібін бекіткенге дейін сұраныстарды жасаған депутаттар қайта алуына болады. сессия күн тәртібін бекіткеннен кейін сұранысты қараудан алуға тек Мәслихат шешім бойыншап ғана болады. жазбаша түрде берілген сұраныстар сессия хаттамасына тіркеледі.

55

55. Мемлекеттік ұжым жетекшісі немесе лауазымды қызметкер атына түскен депутат сұранысына қалалық Мәслихатқа жататын сұраққа сол сессияда жауап беру керек, егер сұраныста жауапты ұзақ мерзімдік уақытқа белгілемесе. Сұранысқа жауапты талқылауға қояды. Сұраныс бойынша шешім қабылданады. Отырысқа қатысқан депутаттардың көпшілік дауысысмен сұраныс бойынша шешімді талқыламай қабылдануы да мүмкін. Қабылданған шешімге қарамастан сұраныс солардың атынан жасалған депутаттар жауап берген ұжымға немесе лауазымды қызметкерге қосымша түсініктеме сұрап, пікір немесе арыз айтуына болады. депутаттық сұраныспен депутат қалада орналасқан атқару ұжымдармен ұйымдарға сайлаушылардың қызығушылығын шешетін мәселе бойынша арызданады және олардан заңмен бекітілген мерзімде жазбаша түрде жауап алу керек.

56

56. Депутаттық сұраныспен оған берілген жауап, сұраныс бойынша қабылданған шешім қысқаша хабар түрінде қалалық баспасөзде жазылып, радио мен теледидар арқылы беріледі.

57

57. Қалада сайланған Мәслихат депутаттарының құрамында қалалық Мәслихаттың бес депутаттан тұратын саяси партияның депутаттық тобы түрінде топтасады. Саяси партияның депутаттық топтары қалалық Мәслихатта қаралатын мәселе бойынша пікірлерін ортаға салады. Депутаттық топтар өз адамын Мәслихат отырысында сөйлеуге ұсынуға құқығы бар.

5. 5. Ұйымдар мен қалалық Мәслихат қызметін қамту.

5. Ұйымдар мен қалалық Мәслихат қызметін қамту.

58

58. Қалалық Мәслихаттың заңды тұлғалық құқығы жоқ. Сессия өткізуге, жетекшілерді, аппаратты және тұрақты комиссияны орналастыру үшін лайықты жабдықталған арнайы орын бөлінеді.

59

59. Мәслихаттың және оның ұжымдарының қызметін дамытумен депутаттарға көмек көрсету үшін Мәслихат аппараты құралады. Мәслихат жылда өз қызметін дамытуға арналған шығындар тізімін бекітеді. Мәслихат хатшысы аппарат жұмысын басқарады, оның қызметкерлерін жұмыстан босатып, жұмысқа алады.

60

60. Депутаттық жұмыс бойынша қызметтік іссапарда болған мерзімге депутаттарға жол шағанын өтеу ақысы төленеді. Депутаттар үшін қағаз шығындары депутаттық қызмет бойынша қалалық бюджет шығыны есебінен қаралады.

61

61. Депутаттарға өздері сайланған саулау округтерінде сайлаушыларымен кездесіп қабылдау өткізу үшін орындар беріледі.

62

62. Қалалық Мәслихат сессиясында айтылған немесе отырыс барысында төрағаға жазбаша түрде берілген ұсыныстар мен ескертілер қалалық мәслихат аппаратынджа сарапталып, мемлекеттік және қоғамдық ұжымдары мен лауазым иелеріне қарауға жіберіледі. Сессияда айтылған депутаттық ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру мен қадағалау тұрақты комиссия мен қалалық Мәслихат аппаратына жүктеледі.

63

63. Қалалық Мәслихаттың қызметін ұйымдастыруды, техникалық және басқа да жағдайларын қамтамасыз етуді қалалық Мәслихат аппараты немесе қала әкімшілігінің бөлімдері жүзеге асырады.

64

64. Қалалық Мәслихат аппараты сессия аяқталсымен екі жеті ішінде егер ол әділет органдарында тіркелуі қажет болмаса, қалалық Мәслихатта қабылданған шешімді кәсіпорын, мекеме, ұйым және депутаттарға таратып береді, басқа жағдайда тіркелгеннен соң таратылады.
Шешімдерді іске асырып, орындалуын бақылау үшін қалалық Мәслихаттың маңызды мәселелері бойынша барлық шешімдері депутатта болуы керек (яғни өз сайлаушыларына жеткізу үшін).