О создании и утверждении положения коммунального государственного учреждения «Управление по мобилизационной подготовке, территориальной и гражданской обороне города Шымкент» Қолданыста
Басқа 0
«Шымкент қаласының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру және ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексi» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37, 39-баптарына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-1-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысына және «Шымкент қаласының басқару схемасы туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 22 маусымдағы №31/252-6с шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2023 жылғы 14 маусымдағы №4/31-VIII шешіміне сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Шымкент қаласының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы»
коммуналдық
мемлекеттік мекемесі құрылсын.
Тармақ 2
2. «Шымкент қаласының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және
азаматтық қорғаныс басқармасы»
коммуналдық
мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. «Шымкент қаласы әкімінің аппараты»
коммуналдық
мемлекеттік мекемесі Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын барлық шараларды атқарсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімі
аппаратының басшысы Г.Мауленкуловқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6
Шымкент қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 19 маусымдағы
№ 1443 қаулысына қосымша
«Шымкент қаласының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Шымкент қаласының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Шымкент қаласы әкімдігінің және әкімінің қызметін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарманың ведомствалары жоқ.
Тармақ 3
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентің мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындаға заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынын жасайды.
Тармақ 6
6. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Шымкент қаласының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Шымкент қаласының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы, Ғабдолла Тоқаев көшесі 17. Индекс 160011.
Тармақ 10
10. Жұмыс режимі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес реттеледі.
Тармақ 11
11. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 12
12. Басқарма қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Басқарма кәсіпкерлік орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқарма заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, Қазақстан Рсепубликасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 14
14. Басқарманың мақсаттары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасында жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 2
2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын іске асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) жұмылдыру тапсырмаларының (тапсырыстарының) белгіленген мерзімдерде және көлемде орындалуын қамтамасыз ету, ұйым ішінде жұмылдыру дайындығын ұйымдастыру және жүргізу, жұмылдыру ресурстарының есебін жүргізу, сондай-ақ ұйымның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соғыс уақыты жағдайында жұмысқа ауысуға дайын болуын қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) жұмылдыру кезеңінде, соғыс жағдайында және соғыс уақытында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмылдыру іс-шараларын орындауға дайындық деңгейін арттыру.
Тармақ 15
15. Өкілеттіктер:
Тармақша 1
1) Басқарманың міндеттері:
мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
жеке және заңды тұлғалардың Басқармаға жолдаған өтініштерді қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;
жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдері қабылдауды ұйымдастыруға;
өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;
жұмылдыру тапсырыстары бар мемлекеттік органдардың жұмыскерлері мен ұйымдардың мамандарын белгіленген тәртіппен жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, аумақтық және азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды орындауға, сондай-ақ азаматтарды әскери есепке алу және әскери қызметке және әскери жиындарға шақыру мәселелері бойынша тартуға;
жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, аумақтық және азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау үшін, сондай-ақ азаматтарды әскери есепке алу және әскери қызметке және әскери жиындарға шақыру мақсатында ақпараттық деректер банктерін пайдалануға;
жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және лауазымды тұлғалардан жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, аумақтық және азаматтық қорғаныс мақсаттары үшін, сондай-ақ азаматтарды әскери есепке алу және әскери қызметке және әскери жиындарға шақыру мәселелері бойынша мемлекеттік, ведомстволық және мемлекеттік емес жүйелерді, желілерді, байланыс және ақпарат беру құралдарын белгіленген тәртіппен пайдалануға;
жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемі бойынша жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізуге;
жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мақсатында өнім өндіруге, жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге байланысты шарттар (келісім шарттар) шеңберінде тапсырыстарды орындауға қатысуға міндетті;
қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы;
Қазақстан Рсепубликасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
Тармақша 2
2) Басқарманың міндеттері:
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеуге;
жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, азаматтық қорғаныс, аумақтық қорғаныс, күш құрылымдарымен өзара әрекет етеді және өз құзыреті шегінде азаматтарды әскери қызметке шакыру саласындағы қызметін үйлестіру жұмыстарды атқарады;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде, Қазақстан Республикасының өзге де заңға тәуелді актілерінде көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
Тармақ 16
16. Басқарманың функциялары:
Тармақша 1
1) жергілікті әскери басқару органдарына бейбіт уақытта және жұмылдыру жарияланған кезде олардың жұмысына жәрдемдесу жәнеде әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқу-жаттығуларды өткізуге қатысу, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында жұмылдыру даярлығы бойынша жаттығулар мен оқу-жаттығуларды ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 2
2) жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, аумақтық және азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша, сондай-ақ азаматтарды әскери есепке алу және әскери қызметке және әскери жиындарға шақыру мәселелері бойынша қызметтік хат алмасулар жүргізу;
Тармақша 3
3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелерінің, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ жұмылдыру тапсырмалары мен тапсырыстары бар және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында шаруашылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, қорғаныс пен әскери қауіпсіздік, аумақтық және азаматтық қорғаныс, сондай-ақ азаматтарды әскери есепке алу, оларды әскери қызметке және әскерижиындарға шақыру мәселелері бойынша үйлестіру;
Тармақша 4
4) қаланың жұмылдыру жоспарын әзірлеу және жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келісу, қала әкімдігіне бекітуге енгізу, сондай-ақ, қала аумағында жұмылдыру дайындығы бойынша іс-шараларды жүргізу;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын әзірлеуге қатысу;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабымен келісу бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтық қорғаныс жоспарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 7
7) құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның келісім бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктердің жұмылдыру жоспарларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 8
8) жұмылдыру тапсырыстары бар, әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің жұмылдыру жоспарларын (жұмылдыру іс-шараларының орындау күнтізбелік жоспарларын) келісу;
Тармақша 9
9) соғыс жағдайы кезеңінде қорғаныс кеңестерін құру;
Тармақша 10
10) жұмылдыру тапсырыстары бар мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ әскери басқару органдары өкілдерінің қатысуымен жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, аумақтық және азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша, сондай-ақ азаматтарды әскери есепке алу және әскери қызметке және әскери жиындарға шақыру мәселелері бойынша кеңестерді ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 11
11) әкімшілік-аумақтық бірліктерді жұмылдыру дайындығының кезекті жылға арналған іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 12
12) жұмылдыру, соғыс жағдайы және соғыс уақыты кезеңінде Қазақстан Республикасына әскери қатерлер өскен кезде әкімдіктің іс-қимыл жоспарын әзірлеу және бекіту, сондай-ақ оның іске асырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 13
13) елдің қорғанысы мүддесінде өңір аумағын жедел жабдықтау жоспарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 14
14) мемлекеттік органдармен бірлесіп әкімшілік-аумақтық бірліктердің экономикасын жұмылдыру жоспарларын орындауға дайындау жөніндегі іс-шараларды өткізуге қатысу;
Тармақша 15
15) жұмылдыру тапсырыстарын айқындау және орналастыру, сондай-ақ ұйымдардың жергілікті атқарушы органдардың шешімдерімен белгіленген жұмылдыру тапсырыстарын орындауын қамтамасыз ету;
Тармақша 16
16) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында міндетті күзетуге және қорғауға жататын коммуналдық маңызы бар коммуникацияларды және маңызды объектілер тізбесіне ұсыныстар енгізу;
Тармақша 17
17) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың мүдделеріне сай міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы экономикасының іркіліссіз жұмыс істеуін және халқының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қала аумағында арнаулы құрылымдардың құрылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 18
18) мемлекеттік органдармен бірлесе отырып жұмылдыру жоспарларын орындауға экономиканы дайындау жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
Тармақша 19
19) жұмылдыру тапсырыстары бар мекемелер мен ұйымдарда мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының қорларын құру, жинақтау, сақтау және жаңарту жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру;
Тармақша 20
20) қала аумағында мемлекеттік органдар мен ұйымдарды жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмыс істеуге көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 21
21) қала аумағында жұмылдыру дайындығы мақсатында ұйымдармен жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында тауарларды өңдіруге, жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсетуге шарттар (келісімшарттар) жасасу;
Тармақша 22
22) жұмылдыру тапсырыстары бар мекемелер мен ұйымдарда мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының қорларын құру, жинақтау, сақтау және жаңарту жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру;
Тармақша 23
23) жұмылдыру тапсырыстарын орындауға арналған шарттардың жобаларын дайындау, уәкідетті органға ұсыныстар енгізу, жұмылдыру дайындығы саласында банкроттық қайта ұйымдастыру, тарату кезінде жұмылдыру тапсырыстарын алу және беру, жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдардың жұмысын өзгерту;
Тармақша 24
24) Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға, арнаулы мемлекеттік органдарға, сондай-ақ жұмылдыру тапсырыстарын орындайтын ұйымдарға жұмылдыру жариялауға арналған жергілікті атқарушы органдардың арнаулы құрлымдарын және техникасын дайындауды ұйымдастыру;
Тармақша 25
25) өз құзыреті шегінде аумақты жедел жабдықтау және әскери инфрақұрылымды дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды орындауға қатысу;
Тармақша 26
26) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмылдыру дайындығы жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемін көздесу;
Тармақша 27
27) жұмылдыру, әскери жағдай және соғыс уақыты кезеңінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтарды уақтылы хабардар ету мен жеткізуді, сондай-ақ облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен астананың) коммуналдық меншікте тұрған техниканы қорғаныс мұқтаждары үшін жинау пункттеріне, әскери бөлімдерге және арнайы мемлекеттік органдарға жеткізу мен тапсыруды ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге қатысу;
Тармақша 28
28) жұмылдыру дайындығы, аумақтық, азаматтық қорғаныс саласындағы, сондай-ақ азаматтарды әскери қызметке және әскери жиындарға шақыру бойынша уәкілетті органдарға қызметтің тиісті салаларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 29
29) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, аумақтық және азаматтық қорғаныс жөніндегі, сондай-ақ азаматтарды тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде әскери қызметке және әскери жиындарға шақыру мәселелері жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 30
30) жұмылдыру тапсырыстарын белгілеу үшін ұйымдардың өндірістік, қаржылық, қоймалық мүмкіндіктері туралы ақпаратты жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға беру;
Тармақша 31
31) жұмылдыру даыйндығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру дайындығын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 32
32) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, қорғаныс және әскери қауіпсіздік, аумақтық және азаматтық қорғаныс саласында, сондай-ақ азаматтарды әскери есепке алуды ұйымдастыру және әскери қызметке және әскери жиындарға шақыру мәселелері бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;
Тармақша 33
33) сақтандыру қорын қару-жарақ пен әскери техника бұйымдарына, аса маңызды азаматтық өнімге арналған техникалық құжаттаманы, сондай-ақ тәуекелі жоғары объектілерге, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жүйелеріне және әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында ұлттық игілік болып табылатын объектілерге арналған жобалау құжаттамасын жасау мен сақтаудағы жұмысты үйлестіру;
Тармақша 34
34) жұмылдыру дайындығын, аумақтық және азаматтық қорғанысты ғылыми және әдістемелік қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтарды әскери есепке алу және әскери қызметке және әскери жиындарға шақыру мәселелері бойынша өткізілетін іс-шараларға қатысу;
Тармақша 35
35) жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс саласында, сондай-ақ азаматтарды әскери есепке алу және әскери қызметке және әскери жиындарға шақыру мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қатысу;
Тармақша 36
36) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен сақтау көлемін әзірлеуге қатысу;
Тармақша 37
37) жұмылдыру жоспарларын орындауға дайындық жөніндегі іс-шараларды өткізуге қатысу;
Тармақша 38
38) әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында әскери-көліктік міндет бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 39
39) жұмылдыру жарияланған кездегі іс-қимыл тәртібі туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 40
40) аумақтық әскерлердің аумақты органдардың Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бекіткен саны мен құрылымы шегінде қызметтік үй-жайлармен қамтамасыз ету;
Тармақша 41
41) аумақтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және іске асыру;
Тармақша 42
42) көлік құралдарымен, ақпараттың, телекоммуникацияның және байланыстың техникалық құралдарымен, жиһазбен және қазармалық жабдықтармен қамтамасыз ету, оларды күтіп-ұстауды, қызмет көрсетуді және жөндеуді, жанар-жағармай материалдарын, кеңсе тауарларын сатып алуды, сондай-ақ коммуналдық қызметтерге, электр энергиясына, жылыту мен байланыс қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі шығындарды қоса алғанда, материалдық-техникалық құралдардың қорларын құру, аумақтық әскерлерді арнайы өрістетуді жүргізу кезінде соғыс уақытының штаттық қажеттілігі нормаларына сәйкес аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің әскери міндеттілерімен жиындар өткізу;
Тармақша 43
43) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесіне басшылық ету;
Тармақша 44
44) қосалқы (қала сыртындағы), көмекші және жылжымалы басқару пункттерін құруды қамтамасыз ету;
Тармақша 45
45) азаматтық қорғаныс мүлкінің көлемдерін айқындау және оларды жинақтау, сақтау, жаңарту және әзірлікте ұстап тұру жөнінде қажетті шаралар қолдану;
Тармақша 46
46) әкімшілік-аумақтық бірліктердің азаматтық қорғаныс жоспарларын әзірлеу;
Тармақша 47
47) азаматтық қорғаныс мүлкін жинақтау, сақтау, жаңарту және әзірлікте ұстау бойынша қажетті шаралардың көлемін айқындау және қабылдау;
Тармақша 48
48) құлақтандыру мен ақпараттандырудың техникалық құралдарын орналастыруды ұйымдастыру;
Тармақша 49
49) әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі ұйымдастыру және бақылау;
Тармақша 50
50) азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу және азаматтарды әскери қызметке шақыру жөнідегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шақыру жүргізу кезеңінде тіркеу және шақыру комиссияларын қалыптастыру;
Тармақша 51
51) қаланың әскери басқару органын шақыру (жиын) пунктімен, дәрі-дәрмектермен, керек-жарақтармен, өртке қарсы, медициналық және шаруашылық мүлкімен, автомобиль көлігімен, сондай-ақ, байланыс және күзет құралдармен қамтамасыз ету;
Тармақша 52
52) жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 17
17. Басқарма заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтары мен міндеттері болады.
Тармақ 18
18. Басқарманы басқаруды басшы жүзеге асырады және жұмылдыру органдарына жүктелген міндеттердің орындалуына және олардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 19
19. Мемлекеттік органның немесе ұйымдардың басшылығына жұмылдыру органдарының құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар береді;
оның орынбасары (орынбасарлар) болады.
Тармақ 20
20. Басқарма басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
жұмылдыру органдарының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмылдыру органының атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға жұмылдыру органының басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.
Тармақ 21
21. Басқарма басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде қала әкімі мен жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына есеп береді;
Тармақша 2
2) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Басқарма қызметшілерін, сондай-ақ, қарамағындағы ұйымдардың басшыларын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
Тармақша 3
3) өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманы білдіреді;
Тармақша 4
4) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың әзірленуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) еңбек қатынастары мәселелері өз құзыретіне жататын Басқарма қызметкерлеріне заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;
Тармақша 6
6) бұйрықтарға қол қояды;
Тармақша 7
7) Басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 8
8) шарттар жасайды;
Тармақша 9
9) сенімхаттар береді;
Тармақша 10
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға дербес жауапты болады;
Тармақша 11
11) қала әкімдігі мен әкімінің актілері мен тапсырмаларын орындайды;
Тармақша 12
12) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 13
13) құзреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
Тармақша 14
14) қызметтік этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 15
15) гендерлік тендік саясатын жүзеге асырады;
Тармақша 16
16) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді;
Тармақша 17
17) Мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кезеңінде шақыру комиссиясының отырыстарына қатысады;
Тармақша 18
18) Басқарманың басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 22
22. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 23
23. Басқарманың бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 24
24. Егер заңнамада өзгеше көзделген, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары боцынша өзіне берілген қаражат есебінен алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 25
25. Басқарманың қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарманың және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
Шымкент қаласының «Мамандандырылған базасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.