Об утверждении Положения "О порядке назначения и осуществления социальных выплат отдельным категориям граждан" Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.01.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Жеке азаматтар санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және төлеуді жүзеге асыру тәртібі туралы" Ережені бекіту туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"»Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ Заңының 31-бап 1-тармақ 14-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" 1991 жылғы 21 маусымдағы Заңының 35, 44-баптары, Қазақстан Республикасы Президентінің "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заң күші бар 1995 жылғы 28 сәуірдегі N 2247 Жарлығы негізінде және Глубокое ауданында 2003-2005 жылдары жұмыссыздықпен және кедейшілікпен күрес жөніндегі облыстық бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспарын орындау мақсатында Глубокое ауданының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Жеке азаматтар санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және төлеуді жүзеге асыру тәртібі туралы" Ереже бекітілсін (N 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Әлеуметтік төлемдерді бөлу жөніндегі комиссия құрамы бекітілсін (N 2 қосымша).
Тармақ 3
3. "Глубокое ауданының көмекті аса қажет ететін аз қамтылған азаматтарына материалдық көмекті төлеу мен бөлу тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" 2002 жылғы 5 сәуірдегі N 26 қаулының күші жойылған болып есептелсін.
Тармақ 4
4. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Я. Пекурге жүктелсін.
Басқа 5. "Жеке азаматтар санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және төлеуді жүзеге асыру тәртібі туралы"
Глубокое ауданы әкімиятының 2004 жылғы 12 қаңтардағы N 523 қаулысына N 1 қосымша "Жеке азаматтар санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және төлеуді жүзеге асыру тәртібі туралы" ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Бір жолғы әлеуметтік төлемдер мына жағдайларда жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) көмекті аса қажет ететіндерге, аз қамтылған жалғыз тұратын азаматтарға, кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға, мүгедектерге, жұмыссыздарға және төтенше жағдайларға тап болғандарға (өрт, су басу, қымбат емделу, протез салу);
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне;
Тармақша 3
3) мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға;
Тармақша 4
4) көп балалы отбасыларына.
Тармақ 2
2. Бір жолғы әлеуметтік төлем бір адамға жылына бер реттен артық көрсетілмейді.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік төлемдер жергілікті бюджет есебінен аудандық еңбек, жұмыспен қамту, және әлеуметтік қорғау басқармасы арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Бір жолғы әлеуметтік төлемдерді алуға Қазақстан Республикасы азаматының, оралмандар мен босқындардың, Глубокое ауданында тіркелгендер және тұратындардың құқығы бар.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік төлемдер«"Казпочта" ААҚ арқылы агенттік келісім негізінде үйге жеткізу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларына және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуш отбасыларына материалдық көмекті төлеу тізімін қалыптастыру, кенттік және ауылдық округтердің әкімдермен келісілген, зейнетақы мен жәрдемақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың Глубокое филиалы ұсынған зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың қолданыстағы базасы бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 2
Тарау 2. 2. Бір жолғы әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру шарты мен тәртібі
2. Бір жолғы әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру шарты мен тәртібі
Тармақ 7
7. Бір жолғы материалдық көмек жергілікті бюджет қаражаттары есебінен ауданның аз қамтылған азаматтары мен зейнеткерлерге жеке өтініші бойынша немесе қоғамдық ұйымдардың, соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің, кенттік және ауылдық округтер әкімдерінің ұсынысы бойынша көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Бір жолғы материалдық көмекті көрсету туралы өтініштер комиссияда келесі құжаттар болған кезде қаралады:
Тармақша 1
1) өтініштер;
Тармақша 2
2) жеке бас куәлігінің көшірмелері;
Тармақша 3
3) РНН көшірмелері;
Тармақша 4
4) тұрмыстық материалдық жағдайын тексеру актісі;
Тармақша 5
5) тұрғылықты жерінен анықтама;
Тармақша 6
6) әлеуметтік карта (тұрғылықты жері бойынша учаскелік комиссия құрған);
Тармақша 7
7) өтініш беруші көмекке зәру екендігін дәлелдейтін басқа құжаттар (медициналық мекеменің емделу, операция бағасы, протез салу және т.б. туралы қорытындысы).
Тармақ 9
9. Қоғамдық ұйымдардың, соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің, кенттік және ауылдық округтер әкімдерінің бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы ұсыныстары болғанда комиссия қарауына келесі құжаттары тапсырылады:
Тармақша 1
1) өтініш;
Тармақша 2
2) қоғамдық ұйымдардың, соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің, кенттік және ауылдық округтер әкімдерінің ұсынысы;
Тармақша 3
3) жеке бас куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 4
4) РНН көшірмесі;
Тармақша 5
5) тұрмыстық материалдық жағдайын тексеру актісі;
Тармақша 6
6) тұрғылықты жерінен анықтама;
Тармақша 7
7) әлеуметтік карта (тұрғылықты жері бойынша учаскелік комиссия құрған);
Тармақша 8
8) өтініш беруші көмекке зәру екендігін дәлелдейтін басқа құжаттар (медициналық мекеменің емделу, операция бағасы, протез салу және т.б. туралы қорытындысы).
Тармақ 10
10. Комиссия материалдық көмек туралы немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдауға құқылы.
Тармақ 3
Тарау 3. 3. 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеуге байланысты Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне материалдық көмек көрсету тәртібі
3. 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеуге байланысты Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне материалдық көмек көрсету тәртібі
Тармақ 11
11. 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеуге байланысты материалдық көмек мыналарға көрсетіледі:
Тармақша 1
1) 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
Тармақша 2
2) "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы айбынды еңбегі үшін" медалімен наградталған тұлғаларға;
Тармақша 3
3) соғыста қайтыс болған қатысушының қайтадан некеге тұрмаған жесірлеріне.
Тармақ 4
Тарау 4. 4. Қарттар мен мүгедектер күніне материалдық көмек көрсету тәртібі
4. Қарттар мен мүгедектер күніне материалдық көмек көрсету тәртібі
Тармақ 12
12. Мүгедектер күні (10 қазан) мен Халықаралық қарттар күнін (1 қазан) мерекелеуге байланысты әлеуметтік төлем түріндегі материалдық көмек келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:
Тармақша 1
1) ауданның жалғызбасты зейнеткерлеріне;
Тармақша 2
2) ауданның жалғызбасты мүгедектеріне;
Тармақша 3
3) 90 жасқа келген және одан үлкен қарт адамдарға.
Тармақ 13
13. "Мүгедектер күніне" үш мүгедекке кезекке және медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясының қорытындысына сәйкес мүгедектер арбасын алу.
Тармақ 14
14. Төлем тізімін қалыптастыру кенттік және ауылдық округтер әкімдерінің бекітілген тізімдері бойынша жүргізіледі.
Тармақ 5
Тарау 5. 5. Мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларына және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуші отбасыларына материалдық көмекті көрсету тәртібі
5. Мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларына және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуші отбасыларына материалдық көмекті көрсету тәртібі
Тармақ 15
15. "Балаларды қорғау күнін" және Жаңа жылдық шыршаны мерекелеуге байланысты материалдық көмек әлеуметтік төлем түрінде мүмкіндігі шектеулі балалары отбасыларына көрсетіледі.
Тармақ 16
16. "Білім күнін" және Жаңа жылдық шыршаны мерекелеуге байланысты материалдық көмек әлеуметтік төлем түрінде ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуші отбасыларына көрсетіледі.
Тармақ 17
17. Төлем тізімін қалыптастыру кенттік және ауылдық округтер әкімдерінің бекітілген тізімдері бойынша жүргізіледі.
Тармақ 6
Тарау 6. 6. Әлеуметтік төлемдер көлемдері
6. Әлеуметтік төлемдер көлемдері
Тармақ 18
18. Әлеуметтік төлемдер келесі көлемдерде тағайындалады:
Тармақша 1
1) өтініштер бойынша бір жолғы материалдық көмек 1000 (мың) теңгеден 10 000 (он мың) теңгеге дейін;
Тармақша 2
2) мүмкіндіктері шектеулі балалары бар отбасыларына 18 жасқа дейінгі әр мүгедек балаға 3000 (үш мың) теңгеге дейін;
Тармақша 3
3) ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуші отбасыларына - әр балаға 2000 (екі мың) теңге;
Тармақша 4
4) әлеуметтік төлем көлемі - әрқайсысына 90-100 жастағылар үшін 1000 (бір мың) теңгеге, 100 және одан жоғарыларға 5000 (бес мың) мың теңгеге дейін;
Тармақша 5
5) жалғызбасты зейнеткерлерге - әрқайсысына 2000 (екі мың) теңгеге дейін;
Тармақша 6
6) ауданның жалғызбасты мүгедектеріне - әрқайсысына 2000 (екі мың) теңгеге дейін;
Тармақша 7
7) 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне - әрқайсысына 10000 (он мың) теңгеге дейін;
Тармақша 8
8) "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы айбынды еңбегі үшін" медалімен наградталған тұлғаларға - әрқайсысына 5000 (бес мың) теңгеге дейін;
Тармақша 9
9) соғыста қайтыс болған қатысушының қайтадан некеге тұрмаған жесірлеріне - әрқайсысына 3000 (үш мың) теңгеге дейін.
Тармақ 7
Тарау 7. 7. Өнемді қолданылуына бақылау жасау
7. Өнемді қолданылуына бақылау жасау
Тармақ 19
19. Жеке санаттағы азаматтарға жергілікті бюджет қаражаттарынан бөлінген әлеуметтік төлемдердің үнемді қолданылуына бақылауды ауданның қаржы бөлімі жүзеге асырады. Глубокое аудандық еңбек, жұмыспен қамту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы
Басқа 73. Жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдерді бөлу жөніндегі КОМИССИЯ ҚҰРАМЫ
Глубокое ауданы әкімиятының 2004 жылғы 12 қаңтардағы N 523 қаулысына N 2 қосымша Жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдерді бөлу жөніндегі КОМИССИЯ ҚҰРАМЫ Пекур Мария Яковлевна Глубокое ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрайымы Пономарева Маргарита Николаевна Глубокое еңбек, жұмыспен қамту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы, комиссия төрайымының орынбасары Неуструева Наталья Юрьевна еңбек, жұмыспен қамту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау басқармасының ардагерлермен жұмыс жөніндегі бөлімнің жетекші маманы, комиссия хатшысы Комиссия мүшелері: Брагинец Александр Петрович аудандық мәслихат хатшысы (келісім бойынша) Карибаев Кажемир Сакошевұлы Глубокое аудандық қаржы бөлімінің басшысы (келісім бойынша) Асильбаева Фарида Ильтаевқызы ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бастығы Кузьмина Татьяна Никитична әкімнің құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Глубокое аудандық еңбек, жұмыспен қамту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы