Об утверждении Положения республиканского государственного учреждения «Комитет культуры Министерства культуры и информации Республики Казахстан» Қолданыста
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық нысанда қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Мынадай бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 14 мамырдағы № 143 бұйрығы;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022 жылғы 25 тамыздағы № 246 бұйрығының 1-тармағының 2) тармақшасы;
Тармақша 3
3) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 14 мамырдағы № 143 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2023 жылғы 12 мамырдағы № 126 бұйрығы.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық Ережедегі 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 14-тармақтың 129) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрінің
2023 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 385-НҚ бұйрығымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану және кинематография салаларында ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) ведомствосы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ тілінде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 4
4. Комитет азаматтық құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 5
5. Комитет егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекет атынан азаматтық құқықтық қатынастардың тарапы ретінде қатынасуына құқығы бар.
Тармақ 6
6. Комитет заңнамада белгіленген тәртіппен өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша Төрағаның немесе оны алмастыратын тұлғаның бұйрықтарымен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 15 кіреберіс.
Тармақ 9
9. Комитеттің толық атауы: «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтайшы құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынастар жасауға тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда одан алынған кіріс мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
2-тарау. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 2
2) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография салаларында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) Комитетке жүктелген өзге де міндеттер.
Тармақ 14
14. Функциялары:
Тармақша 1
1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография салаларында нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;
Тармақша 2
2) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография салаларындағы нормативтік құқықтық актілерге заңнамада белгіленген тәртіппен құқықтық мониторинг жүргізу;
Тармақша 3
3) мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды іске асыру бойынша қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-насихаттық іс-шараларын жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) заңнамада белгіленген жағдайларда және тәртіпте әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды әзірлеу, сондай ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және әкімшілік жаза қолдану;
Тармақша 7
7) Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография салаларындағы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 9
9) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
Тармақша 10
10) мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізу;
Тармақша 11
11) шығармашылық қызметтің әртүрлі салаларындағы ұлттық (республикалық) және халықаралық конкурстар мен фестивальдерді, сыйлықтар мен жүлделерді тағайындау;
Тармақша 12
12) республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 13
13) талантты жастар мен перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздеуге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыру;
Тармақша 14
14) көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;
Тармақша 16
16) мемлекеттік музейлерде қор сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогін жүргізу қағидаларын және музей дерекқорын жүргізу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 18
18) театр, музыка және концерт қызметі, цирк өнері, музей ісі және археология, бейнелеу өнері, сәулет және дизайн жөнінде салалық көркемдік кеңестер құру және олар туралы ережелерді бекіту;
Тармақша 19
19) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптама комиссиясы туралы үлгілік ережені әзірлеу;
Тармақша 20
20) республикалық мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізу;
Тармақша 21
21) Мемлекеттік фильмдер тізілімін жүргізу;
Тармақша 22
22) фильмдерге прокаттау куәлігін беру және оның қолданысын тоқтата тұру, сондай-ақ оларды сот тәртібімен кері қайтарып алу;
Тармақша 23
23) ұлттық фильм куәлігін беру;
Тармақша 24
24) республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшыларының, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары басшыларының мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Академиялық» мәртебе беру туралы ұсыныстарын қарау және Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Академиялық» мәртебе беру туралы ұсыныстар енгізу;
Тармақша 25
25) театр, музыка өнерін, кинематографияны, музей ісін дамыту жөніндегі республикалық маңызы бар мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдау және үйлестіру, кітапханаларды қоспағанда мәдениет саласындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ету;
Тармақша 26
26) музыка және театр өнері саласында репертуарлық саясатты үйлестіру;
Тармақша 27
27) өз құзыреті шегінде кітапханаларды қоспағанда республиканың (ауылдық, кенттік, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық) мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіру, меншік нысанына қарамастан шығармашылық одақтармен және басқа да ұйымдармен мәдениет мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
Тармақша 28
28) мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем және шығармашылық ұжымдарға «Академиялық» мәртебе берудің тәртібі мен шарттарын әзірлеу;
Тармақша 29
29) мемлекеттік театрлар мен концерттік ойын-сауық ұйымдарының сахналық қойылым құралдарын есепке алу, беру және есептен шығару жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;
Тармақша 30
30) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 31
31) мәдениет саласындағы жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
Тармақша 32
32) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәдениет және өнер қайраткерлеріне Қазақстан Республикасының құрметті атақтары мен мемлекеттік наградаларын беру, шығармашылық ұжымдарды наградтау туралы ұсыныстар енгізу;
Тармақша 33
33) барлық санаттағы мәдениет қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыру;
Тармақша 34
34) мәдениет пен өнерді дамытуға, тарихи-мәдени мұраны қорғауға және кинематографияға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асырудың мониторингі мен оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 35
35) фильмді ұлттық деп тану және ұлттық фильм куәлігін беру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 36
36) ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды шығару бойынша мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін оларды іріктеу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 37
37) ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар шығаруды қаржыландыру қағидаларын және қаржыландыру көлемдерінің нормативтерін әзірлеу;
Тармақша 38
38) кинематография саласында субсидиялар төлеу қағидалары мен шарттарын әзірлеу;
Тармақша 39
39) прокаттау куәлігін беру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында прокаттауға арналған фильмдердің жас сыныптамасын жүзеге асыру;
Тармақша 40
40) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен фильмді ұлттық деп тану;
Тармақша 41
41) кинематография саласындағы ғылым мен білімді дамытуға, шығармашылық және техникалық кадрларды даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға жәрдемдесу;
Тармақша 42
42) кинематография саласындағы халықаралық байланыстарды дамыту, кинематографиялық ұйымдардың халықаралық комиссияларға, фестивальдарға, конференцияларға және басқа да іс-шараларға қатысуын ұйымдастыру;
Тармақша 43
43) Қазақстан Республикасының аумағында фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесін орнату және жүргізу арқылы Қазақстан Республикасының аумағында фильмдер прокатын жүйеге келтіру және есепке алуды қамтамасыз ету;
Тармақша 44
44) Қазақстан Республикасының аумағында фильмдер прокаттының мониторингін жүзеге асыру;
Тармақша 45
45) Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар шығаруда қаржыландыру көлемдерін белгілеу үшін санаттарға жатқызу өлшемшарттарын әзірлеу;
Тармақша 46
46) ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түсетін кірістерден Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына аударымдарды жасау қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 47
47) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мен бюджетке төленетін салықтар мен төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның келісімі бойынша фильмдерді шығару кезінде инвестор кинематографиялық ұйым орындайтын және көрсететін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлеу;
Тармақша 48
48) фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 49
49) мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 50
50) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның келісімі бойынша мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 51
51) материалдар мен олжаларды музей атауын көрсете отырып, республикалық немесе жергілікті маңызы бар мемлекеттік музейге беру туралы шешім қабылдау;
Тармақша 52
52) жеке және заңды тұлғалар мен тиісті мемлекеттік музейді қабылданған шешім және материалдар мен олжаларды қабылдау-тапсыру рәсімін жүзеге асыру қажеттігі туралы хабардар ету;
Тармақша 53
53) фильмге прокаттау куәлігін беру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 54
54) Қазақстан Республикасының аумағында мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау және пайдалану жөніндегі, сондай-ақ елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
Тармақша 55
55) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 56
56) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстардың орындалуын бағалау нормативтерін әзірлеу;
Тармақша 57
57) мемлекеттік меншік болып табылатын халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін, сондай-ақ республикалық меншік болып табылатын жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беруді келісу;
Тармақша 58
58) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін ауыстыру немесе өзгерту кезінде оларды тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 59
59) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ұлттық мәдени игілік объектілерін Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу туралы өтінішхаттарын қарау;
Тармақша 60
60) ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін және материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесін жүргізу;
Тармақша 61
61) ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін және материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 62
62) мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, жеке және заңды тұлғалардың ұсынысы бойынша Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтiк тiзiмiне және ЮНЕСКО-ның шұғыл қорғауын қажет ететiн материалдық емес мәдени мұра тiзiмiне Қазақстан халқының материалдық емес мәдени мұра элементтерін енгізу туралы өтінімдер жіберу;
Тармақша 63
63) тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумағын қозғайтын қала құрылысы жобаларын келісу;
Тармақша 64
64) тарих және мәдениет ескерткішінің орнын ауыстыруды және оны өзгертуді келісу;
Тармақша 65
65) «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2-тармағына сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 66
66) тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссия құру, оның ережесі және құрамын бекіту, әзірлеу;
Тармақша 67
67) тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймағын және қорғалатын табиғи ландшафт аймағын және оларды пайдалану режимін айқындау қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 68
68) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу қағидалары мен шарттарын әзірлеу;
Тармақша 69
69) монументтік өнер құрылыстарын орнату қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 70
70) мемориалдық тақталар орнату қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 71
71) Қазақстан Республикасының атынан халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне меншік иесінің өкілеттіктерін жүзеге асыру;
Тармақша 72
72) тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, мәртебе беру және одан айыру, орнын ауыстыру және өзгерту, жай-күйін мониторингтеу және санатын өзгерту қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 73
73) қорғау міндеттемелерін беру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 74
74) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті, археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мен шарттарын әзірлеу;
Тармақша 75
75) тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру және оларға қол жеткізу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 76
76) республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiшiн тарихи-мәдени сараптама қорытындысы және тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссияның ұсынымдары негізінде мәртебесінен айыру және оны Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен алып тастау;
Тармақша 77
77) тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 78
78) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің жай-күйін мониторингтеуді жүзеге асыру және олардың сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 79
79) тарихи-мәдени мұра объектісін және (немесе) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішін тарихи-мәдени сараптама қорытындысы және тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссияның ұсынымы негізінде республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері деп тану және оларды республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне қосу;
Тармақша 80
80) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін келісу;
Тармақша 81
81) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстардың, халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумақтарындағы шаруашылық және өзге де қызметті және оларды қорғау аймақтарының жобаларын келісу;
Тармақша 82
82) тарих және мәдениет ескерткіштерінің арасынан Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізімін қалыптастыру;
Тармақша 83
83) Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізімін ұсыну;
Тармақша 84
84) Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізімін қалыптастыру және ұсыну қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 85
85) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын әзірлеу;
Тармақша 86
86) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне қатысты қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының шекараларын айқындау;
Тармақша 87
87) «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне тарихи-мәдени сараптама қорытындысы және тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссияның ұсынымы негізінде шешім қабылдау, сондай-ақ жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішіне тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негізінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімін келісу;
Тармақша 88
88) мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстарын ескере отырып, тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстардың және археологиялық жұмыстардың жоспарларын қалыптастыру және бекіту, сондай-ақ бекітілген жоспарларға өзгерістер енгізу;
Тармақша 89
89) тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын, тауар шығарылған жерлердің атауларын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның сауалына сәйкес оларды тауар таңбасы ретінде тіркеу үшін Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениетінің игілігі болуы мүмкін белгіні келісу не келісуден бас тарту;
Тармақша 90
90) балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерге мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 91
91) балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 92
92) мемлекеттік шығармашылық тапсырысты жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін әзірлеу;
Тармақша 93
93) балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингін айқындау қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 94
94) мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу;
Тармақша 95
95) мемлекеттік мәдениет ұйымдарындағы билеттерді әзірлеу мен өткізу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 96
96) музыкалық туындыларды орындау кезінде фонограммалардың пайдаланылуы туралы көрерменге хабарлау қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 97
97) музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу қағидалары мен шарттарын және музей ісі саласындағы басқа да қатынастарды әзірлеу;
Тармақша 98
98) өңірлік көркемдік кеңестер туралы үлгілік ережені әзірлеу;
Тармақша 99
99) тарихи-мәдени сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 100
100) Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін әзірлеу;
Тармақша 101
101) мәдениет ұйымдары желісінің ең төменгі мемлекеттік нормативтерін және облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың, ауылдық деңгейлердегі мемлекеттік мәдениет ұйымдарының үлгілік штаттарын әзірлеу;
Тармақша 102
102) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарын әзірлеу;
Тармақша 103
103) фильмге прокаттау куәлігінің нысанын әзірлеу;
Тармақша 104
104) тарих және мәдениет ескерткішінің паспортын ресімдеу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 105
105) мәдениет ұйымдарының балет әртістеріне ай сайынғы арнайы ақшалай төлемдерді тағайындау қағидалары мен шарттарын әзірлеу;
Тармақша 106
106) балет әртістеріне төлемдерді тағайындау жөніндегі комиссия құру;
Тармақша 107
107) тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөнінде комиссия құру;
Тармақша 108
108) мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтар өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар әзірлеу;
Тармақша 109
109) мемлекеттiк меншiктегi тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының мөлшерлемелерін әзірлеу;
Тармақша 110
110) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 112 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10967 болып тіркелген) ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларының 5-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау үшін тұрақты жұмыс істейтін сараптамалық комиссия құру;
Тармақша 111
111) монументтік өнер құрылыстарын орнату жөніндегі комиссия құру;
Тармақша 112
112) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәдениет басқармасының басшысын лауазымға тағайындауды және лауазымнан босатуды келісу;
Тармақша 113
113) бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану мен кинематография салаларындағы заттай нормаларды әзірлеу;
Тармақша 114
114) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 115
115) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы жөнінде ақпарат беру;
Тармақша 116
116) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын тақырыптарын және іске асырылуы жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды интернет-ресурсқа орналастыруға дайындау;
Тармақша 117
117) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік қолдау көрсетуге қатысу;
Тармақша 118
118) өздерінің құзыреті шегінде үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор арқылы мемлекеттік гранттар береді және оператордың мемлекеттік гранттардың іске асырылу нәтижелері туралы есебін қарау;
Тармақша 119
119) мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес азаматтық қоғам өкілдерін тарта отырып, мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 120
120) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің ұсынымдары негізінде бағыттары мен қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік гранттарды қалыптастыру;
Тармақша 121
121) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы № 1139 қаулысымен бекітілген Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес стратегиялық әріптестерді конкурстық іріктеуді жүргізуге және олармен шарттар жасасуға қатысу;
Тармақша 122
122) стратегиялық әріптестердің жасалған шарттарға және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес міндеттемелерді орындауын бағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 123
123) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандарын әзірлеу;
Тармақша 124
124) жыл сайын 1 желтоқсанға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың нәтижелері туралы ақпарат ұсыну;
Тармақша 125
125) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы жəне шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шаралардың тақырыптық бағыттарын айқындау жөніндегі қағидаларды әзірлеу;
Тармақша 126
126) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы жəне шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шараларды өткізуді қаржыландыру қағидалары мен қаржыландыру нормативтерін әзірлеу;
Тармақша 127
127) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждау үшін іріктеу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 128
128) Ұлттық кинокомиссия туралы ережені жəне оның құрамын әзірлеу;
Тармақша 129
129) 01.01.2026 дейін қолданылды – осы бұйрықтың 5-тармағымен;
Тармақша 130
130) өз құзыреті шегінде мәдениетаралық және этносаралық диалогты қамтамасыз ету, қазақ халқының және этностық топтардың ұлттық мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне деген құрметті нығайту;
Тармақша 131
131) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін әзірлеу;
Тармақша 132
132) Қазақстан Республикасының халқы мәдениетінің дамуы үшін жағдайлар жасау;
Тармақша 133
133) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 134
134) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының мәдениет қызметкерлерін аттестаттау және мерзімінен бұрын аттестаттау қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 135
135) Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және ұстау тәртібін әзірлеу;
Тармақша 136
136) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Ұлттық» мәртебе беру туралы ұсыныстар енгізу;
Тармақша 137
137) жастарды мәдени ағартуды және олардың бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру;
Тармақша 138
138) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөнінде кеңес құру;
Тармақша 139
139) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес құру;
Тармақша 140
140) мәдениет мәселелері бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрамы бойынша ұсыныс енгізу және ол туралы ережені әзірлеу;
Тармақша 141
141) мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия беру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 142
142) Кинематография саласындағы мемлекеттік қолдау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамы бойынша ұсыныс енгізу;
Тармақша 143
143) Сараптама кеңесінің ережесін әзірлеу және құрамы бойынша ұсыныс енгізу;
Тармақша 144
144) Мемлекеттік фильмдер қоры тұрақты сақтауға берілетін шетелдіктер қатыспайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасын айқындау бойынша ұсыныс енгізу;
Тармақша 144-1
144-1) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі ұйымдар қызметінің қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 144-2
144-2) археологиялық жұмыстар жөніндегі бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйені жүргізу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 144-3
144-3) Қазақстан Республикасының аумағындағы археологиялық жұмыстар нәтижесінде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары тапқан барлық жеке-дара археологиялық олжаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейлеріне беру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 144-4
144-4) жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында археологиялық жұмыстардан тыс тапқан археологиялық олжаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейлеріне беру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 144-5
144-5) жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың ұлттық депозитарийімен Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың мемлекеттік қорының сақталуын, қорғалуын, ғылыми зерттелуін және пайдаланылуын қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 144-6
144-6) Қазақстан Республикасының аумағындағы археологиялық жұмыстар нәтижесінде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің жеке немесе заңды тұлғалары тапқан барлық жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдарды Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың ұлттық депозитарийіне сақтауға беру және Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың мемлекеттік қорына қосу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 145
145) Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Құқықтары мен міндеттері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте өз құзыреті шегінде құқықтық актілерді қабылдау;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты және материалдарды сұрату және алу;
Тармақша 4
4) Комитет жанынан консультативтік-кеңесші органдарды құру;
Тармақша 5
5) Комитеттің құзыреті шегінде конкурстарды, фестивальдерді, конференцияларды, семинарларды және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 6
6) мәдениет саласын дамытуға үлес қосқан тұлғаларды мемлекеттік наградаларға ұсыну туралы ұсыныстар енгізу;
Тармақша 7
7) Министрлік пен оның ведомстволары өткізетін комиссиялардың, кеңестердің және басқа да консультативтік-кеңесші органдардың отырыстары мен іс-шараларынға қатысу;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, сондай-ақ Министрліктің актілеріне сәйкес Комитетке жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. Комитет басшысының мәртебесі мен өкілеттіктері
3-тарау. Комитет басшысының мәртебесі мен өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Комитетке басшылықты Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болып табылатын Комитет төрағасы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Комитет төрағасын Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 18
18. Төрағаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Министрліктің Аппарат басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Комитет төрағасының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) Министрліктің Аппарат басшысына Комитеттің штат саны бойынша ұсыныстар береді;
Тармақша 2
2) өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені, құрылымдық бөлімшелердің лауазымдық қызмет нұсқаулығын бекітеді;
Тармақша 3
3) заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет қызметкерлерін (Комитет төрағасының орынбасарларын қоспағанда) лауазымға тағайындайды және босатады;
Тармақша 4
4) Министрліктің Аппарат басшысына Комитет төрағасының орынбасарларын тағайындау мен қызметтен босату туралы, сондай-ақ оларды ынталандыру және тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсынымдар енгізеді;
Тармақша 5
5) іссапар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақылар төлеу және сыйлықақы беру, сондай-ақ Комитет қызметкерлерін (төрағаның орынбасарларын қоспағанда) тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;
Тармақша 6
6) Министрліктің келісімі бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын тағайындайды;
Тармақша 7
7) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды, Комитет қызметкерлері орындауға міндетті нұсқаулар береді;
Тармақша 8
8) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан әрекет етеді;
Тармақша 9
9) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға дербес жауапты болады;
Тармақша 10
10) Мәдениет саласының дамуына үлес қосқан тұлғаларды алғыс хаттар мен Құрмет грамоталармен марапаттау мәселелерін шешеді;
Тармақша 11
11) өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдайды.
Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тарау 4. 4-тарау. Комитеттің мүлкі
4-тарау. Комитеттің мүлкі
Тармақ 20
20. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүліктің, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) пен Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 21
21. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 22
22. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Комитет өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 23
23. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.