Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности имеющих право на повышенные на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки Күшін жойған
Басқа 0
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде
жұмыс істейтін жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді алуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, Сарқан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді алуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Сарқан аудандық
мәслихатының төрағасы Разбеков М. М.
_______________
«_» ___________ жыл
Басқа 4
2023 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 340 қаулысына қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде
жұмыс істейтін жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді алуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
1) әлеуметтік қызметкер;
2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;
3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман.
2. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1) директор;
2) библиограф;
3) кітапханашы;
4) хореограф;
5) әдіскер;
6) ауыл клубының меңгерушісі;
7) мәдени ұйымдастырушы;
8) музыкалық жетекші;
9) көркемдік жетекші.