Об утверждении Положения республиканского государственного учреждения «Комитет по делам гражданского общества Министерства культуры и информации Республики Казахстан» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық нысанда қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Мыналардың:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 31 бұйрығының;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 31 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 265-НҚ бұйрығының күші жойылсын.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 383-НҚ бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру, волонтерлік қызмет, қоғамдық кеңестер қызметі, қайырымдылық, медиация және ішкі саяси тұрақтылық салаларында басшылықты жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілдегі өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері бар.
Тармақ 4
4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.
Тармақ 5
5. Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 6
6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының немесе оның міндетін атқаратын адамның бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Комитеттің штат санының құрылымы мен лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Комитетің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, № 15 кіреберіс.
Тармақ 9
9. Комитеттің толық атауы – «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады. Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тармақ 13
13. Комитет:
Тармақша 1
1) Ведомствоаралық үйлестіру басқармасы;
Тармақша 2
2) Қоғамдық кеңестер қызметінің мәселелері басқармасы;
Тармақша 3
3) Азаматтық бастамаларды қолдау басқармасы;
Тармақша 4
4) Азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл басқармасы;
Тармақша 5
5) Қоғамдық - саяси жұмыс басқармасы;
Тармақша 6
6) Қайырымдылық және волонтерлік мәселелері басқармасынан тұрады.
Тарау 2. 2-тарау. Комитеттің міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері
2-тарау. Комитеттің міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері
Тармақ 14
14. Міндеттері:
Тармақша 1
1) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, ішкі саяси тұрақтылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру, волонтерлік қызмет, қоғамдық кеңестердің қызметі, қайырымдылық, медиация аясында дамытуға жәрдемдесу және үйлестіру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
Тармақша 2
2) Комитеттің құзыретіне жататын қызмет салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) Комитетке жүктелген өзге де міндеттер.
Тармақ 15
15. Комитеттің функциялары:
Тармақша 1
1) жалпы функциялар: стратегиялық: мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ету; Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу; реттеушілік: адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекітуге тікелей құзыреті болған кезде ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді Комитеттің құзыреті шегінде әзірлеу және келісу; іске асыру: Комитеттің құзыреті шегінде заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету; Комитеттің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін өткізу; Комитеттің құзыреті шегінде заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; Комитеттің құзыреті шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу, іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету; бағыттарды қалыптастыруға және мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүргізуге қатысу және Комитеттің құзыреті шеңберінде оператордың мемлекеттік гранттарды іске асыру нәтижелері туралы есебін қарау; Комитеттің құзыреті шеңберінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға, іске асырылуын мониторингілеуге және нәтижелерін бағалауға қатысу; cтратегиялық әріптестерді конкурстық іріктеуді жүргізуге және олармен шарттар жасасуға, сондай-ақ жасалған шарттарға және Комитеттің құзыреті мәселелері бойынша стратегиялық әріптестікті іске асыруға мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес стратегиялық әріптестердің міндеттемелерді орындауын бағалауды жүзеге асыруға қатысу; Комитет құзыреті шеңберінде мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы бағдарламалар мен жобаларды, іс-шараларды іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру; тиісті салаларда келісімдер, меморандумдар мен шарттар әзірлеу; Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру, консультативтік, әдістемелік жұмысты жүзеге асыруды қамтамасыз ету; Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау; жеке қолданылатын құқықтық актілердің (орындалуы құқықтық актілерде көзделген іс-шаралардың) және Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және мемлекеттік органның басшы лауазымды адамдарының қызметтік сипаттағы өзге де құжаттардан туындайтын тапсырмаларының орындалуына ішкі бақылау жүргізу; Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот процестеріне қатысу және тиісті материалдарды дайындау; Комитет реттейтін салаларда жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және әдістемелік қолдауды жүзеге асыру; Ресми сайтта, әлеуметтік желілердегі парақшаларда жарияланымдар жасау және жариялау, Комитеттің аккаунттарын жүргізу және пайдаланушыларға кері байланыс беру; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; Комитеттің құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және өзектендіру; Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық, анықтамалық материалдарды дайындау, сараптамалық-талдамалық қызметті ұйымдастыру; Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша республикалық, халықаралық және өзге де іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; Министрліктің даму жоспарын, Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын, Азаматтық форумның ұсынымдарын іске асыру жөніндегі жоспарды, сондай-ақ Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер жөніндегі комитеттің кешенді жоспарын әзірлеуге және орындауға қатысу; Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша коммерциялық емес ұйымдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау; мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша Комитет реттейтін салалардағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды әзірлеу; Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерінде, сондай-ақ Министрлік басшылығының тапсырмаларында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру. Осы тармақтың 1) тармақшада көзделген функциялар ортақ болып табылады және оларды Азаматтық қоғам істері комитетінің барлық басқармалары өз құзыреттері шегінде іске асырады.
Тармақша 2
2) Ведомствоаралық үйлестіру басқармасы: стратегиялық: Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, сондай-ақ Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды, оның ішінде халықаралық шарттарды әзірлеу және жасау; реттеушілік: Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын қалыптастыру қағидаларын әзірлеу; іске асыру: коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; үкіметтік емес ұйымдардың қызметі саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру; үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын қалыптастыру, жүргізуді және дамуын қамтамасыз ету; Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына енгізу үшін ұсынылатын мәліметтерді тексеруді жүзеге асыру; Біріккен Ұлттар Ұйымының №16 (Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар) орнықты даму мақсаттарын іске асыру жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету; Комитеттің халықаралық ынтымақтастық саласындағы жұмысын үйлестіру; Комитет құзыреті шеңберінде халықаралық ұйымдармен, халықаралық үкіметтік емес және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау; Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, сондай-ақ Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды, оның ішінде халықаралық шарттарды әзірлеу және жасау; орталық мемлекеттік және жергілікті органдарға мониторинг, есептілік беру, ФАТФ және өзге де халықаралық ұйымдардың ұсынымдарын орындау мәселелері бойынша халықаралық үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөнінде ұсынымдар жіберу; Комитет құзыреті шеңберінде азаматтық қоғамды дамыту мәселелеріне қатысты халықаралық ұйымдардың ұсынымдарын орындауды үйлестіру; Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға осындай ақпаратты ұсына отырып, терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін анықтау мәніне коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне талдау және мониторинг жүргізу; коммерциялық емес ұйымдар үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу; тәуекелдерге секторлық бағалау жүргізу және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнаманы сақтау мәселесі бойынша мемлекеттік органдармен және коммерциялық емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру.
Тармақша 3
3) Қоғамдық кеңестер қызметінің мәселелері басқарма: стратегиялық: қоғамдық кеңестер қызметінің мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету; реттеушілік: Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені әзірлеу; қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу; іске асыру: қоғамдық кеңестердің қызметін реттейтін заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; қоғамдық бақылау саласын реттейтін заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; Министрлік жанындағы қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру; Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша республикалық және жергілікті деңгейлерде құрылған қоғамдық кеңестермен өзара іс-қимыл жасау; республикалық және жергілікті деңгейлерде қоғамдық кеңестердің қызметін үйлестіруді және әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыру; кейіннен Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну үшін Қазақстан Республикасындағы қоғамдық кеңестердің қызметі туралы ұлттық баяндаманы дайындауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының Үкіметіне кемінде үш жылда бір рет енгізу; қоғамдық кеңестердің құрамын қалыптастыру бойынша, сондай-ақ жергілікті деңгейде сандық құрам бойынша ұсынымдар әзірлеу; Қоғамдық кеңестердің үйлестіру орталығы алаңының жұмысын үйлестіру; қоғамдық кеңестер қызметі саласындағы әкімшілік деректерді қабылдау және өңдеу; Басқарма реттейтін салаларда мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторды үйлестіруді және әдістемелік қолдауды жүзеге асыру; қоғамдық бақылау жүргізу мәселелері бойынша қоғамдық бақылау субъектілерімен өзара іс-қимыл жасау; ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру.
Тармақша 4
4) Азаматтық бастамаларды қолдау басқармасы: стратегиялық: мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету; реттеушілік: мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, ұсыну, мониторингілеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларын әзірлеу; стратегиялық әріптестікті іске асыруға мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу; мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингілеу, нәтижелерін бағалау қағидаларын әзірлеу; мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарттарын әзірлеу; үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақылар беру қағидаларын әзірлеу; үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператордың өз қызметінің нәтижелері туралы есебінің нысанын әзірлеу; іске асыру: мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру саласындағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; мемлекеттік органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылуын мониторингілеу және нәтижелерін бағалау, мемлекеттік гранттар беру және стратегиялық әріптестікті іске асыруға мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру; мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру; орталық және жергілікті деңгейлерде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, оның іске асырылуын мониторингілеуді және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік қолдау көрсету; мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік қолдау көрсету; Қазақстан Республикасында Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын ақпарат беру; өзінің интернет-ресурсында мемлекеттік органдар қалыптастыратын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптарын орналастыру; Комитеттің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылуын мониторингілеу және нәтижелерін бағалау бойынша қызметін үйлестіру; Министрліктің интернет-ресурсында Комитеттің жетекшілік ететін салалары шеңберінде іске асырылатын мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалау бойынша жоспарланатын тақырыптар мен ақпаратты орналастыру; Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің ұсынымдары негізінде Комитеттің құзыреті шегіндегі бағыттар мен қаржыландыру көлемдері бойынша мемлекеттік гранттарды қалыптастыру; Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстарына сәйкес үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттар бағыттарының тізбесін дайындау; Комитеттің үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласында операторға мемлекеттік гранттар беру жөніндегі қызметін үйлестіру; мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, ұсыну, мониторингілеу және тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес азаматтық қоғам өкілдерін тарта отырып, Комитеттің мемлекеттік гранттардың тиімділігіне бағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметін үйлестіру; үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператордың өз қызметінің нәтижелері туралы есебін қарау; үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақылар беруді жүзеге асыру; үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақылар беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізу; Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстарына сәйкес стратегиялық әріптестікті іске асыруға мемлекеттік тапсырыс бағыттарын қалыптастыру; Комитеттің стратегиялық серіктестерді конкурстық іріктеуді өткізу және олармен шарттар жасасу, сондай-ақ стратегиялық серіктестердің жасалған шарттарға сәйкес және стратегиялық серіктестікті іске асыруға мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес міндеттемелерді орындауын бағалау бойынша қызметін үйлестіру; орталық мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс шеңберінде мемлекеттік гранттар бағыттарының тізбесін, әлеуметтік жобалардың жоспарланатын тақырыптарын Үйлестіру кеңесінің қарауына жіберу; Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және гранттық қаржыландыру шеңберінде әлеуметтік жобалардың тақырыптарын қалыптастыру үшін үкіметтік емес ұйымдардан және ұйымдардың азаматтарынан ұсыныстар жинауды ұйымдастыру; ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру; республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу.
Тармақша 5
5) Азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл басқармасы: іске асыру: үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру; Қазақстанның азаматтық форумын өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; өңірлік азаматтық форумдар өткізу жөніндегі жұмысты үйлестіру; Азаматтық форумның ұсынымдарын іске асыру жөніндегі жоспарды қалыптастыру және орындалуын мониторингілеу; Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын қалыптастыру және орындалуын мониторингілеу; уәкілетті органның жанынан үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесін құру, ережені, құрамды және жұмыс жоспарын әзірлеу және бекіту; уәкілетті орган жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің қызметін ұйымдастыру; үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесі мүшелері ұсынымдарының орындалуын мониторингілеу және талдау; орталық мемлекеттік органдарға мемлекеттік гранттардың бағыттары бойынша, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс шеңберіндегі әлеуметтік жобалардың жоспарланатын тақырыптары бойынша Үйлестіру кеңесінің ұсынымдарын олардың құзыретіне сәйкес жолдау; мемлекеттік органдарда үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестердің қызметін үйлестіру және мониторинг жасау; мәдениет және ақпарат бағыттары бойынша мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерін қолдау саласындағы үйлестіру кеңесі жанындағы жұмыс топтарының қызметін ұйымдастыру; мемлекеттік органдарда үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіру және мониторинг жасау; үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының мониторингі мен талдауы; Комитет құзыреті шеңберінде ақпараттық-талдау қызметін үйлестіру; Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ұлттық құрылтай қызметін ұйымдастыру; Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ұлттық құрылтай қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыруды үйлестіру; Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ұлттық құрылтай қабылдаған ұсынымдар мен ұсыныстардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру; Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ұлттық құрылтайдың қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру; азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жасау жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
Тармақша 6
6) Қоғамдық-саяси жұмыс басқармасы: стратегиялық: Комитеттің құзыреті шегінде ішкі саяси тұрақтылық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету; медиация саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету; реттеушілік: қоғамдық медиаторды сайлау қағидаларын әзірлеу; қоғамдық медиаторлар тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу; медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқудан өту қағидаларын әзірлеу; медиация мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу; медиаторлар ұйымдарының тізілімін жүргізу; медиатордың қызметін кәсіби негізде жүзеге асыратын отставкадағы судьялардың тізілімін жүргізу; іске асыру: медиаторлар ұйымдарының қызметін үйлестіру; бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгілерінің нысандарын әзірлеу және бекіту; медиация институтын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің қызметін ұйымдастыру; медиация жүйесінің жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету; медиаторлар ұйымдары, медиацияны қолданудың тетіктері, негіздері мен шарттары туралы халықты хабардар етуді қамтамасыз ету; Басқарманың құзыреті шегінде медиацияны дамытуға жәрдемдесу және үйлестіру; қоғамдық пікір мен саяси процестерді зерделеу.
Тармақша 7
7) Қайырымдылық және волонтерлік мәселелері басқармасы: стратегиялық: қайырымдылық және волонтерлік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; реттеушілік: волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі қағидалар әзірлеу; «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын тағайындау қағидаларын әзірлеу; қайырымдылық саласындағы құрметті атақты тағайындау қағидаларын әзірлеу; білім және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның келісімімен нысаналы капитал қорының үлгілік жарғысын әзірлеу; волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу; іске асыру: қайырымдылық саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу; волонтерлік қызмет саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу; волонтерлік қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; волонтерлік қызмет саласындағы заңнаманың орындалуына мониторинг жүргізу; волонтерлік қызметті дамыту саласында мемлекеттік органдардың қызметін әдістемелік қолауды үйлестіру және ұйымдастыру; Қазақстан Республикасында волонтерлік қызмет туралы ақпаратты жинауды және қорытындылауды жүзеге асыру; волонтерлік ұйымдар мен волонтерлерді волонтерлік бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға және волонтерлік акцияларды өткізуге қатысуға тарту тәртібі бойынша ұсынымдар әзірлеу; волонтерлік қызметті ұйымдастыру бөлігінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру; волонтерлік қызмет саласында жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау; қайырымдылық саласындағы заңнаманың орындалуына мониторингті жүзеге асыру; қайырымдылық және өзге де ұйымдармен қайырымдылық саласын жетілдіру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау; қайырымдылық саласында жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау; Комитеттің құзыреті шегінде қайырымдылықты дамытуға және үйлестіруге қолдау көрсету; волонтерлік қызмет саласында Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету; қайырымдылық саласындағы құрметті атақты тағайындау; «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын тағайындау; өзінің интернет-ресурсында волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін орналастыру.
Тарау 3. 3-тарау. Комитет қызметін ұйымдастыру
3-тарау. Комитет қызметін ұйымдастыру
Тармақ 17
17. Комитетке басшылықты Комитетке жүктелген міндерттердің орындалуы және өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болатын Комитеттің төрағасы жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Төрағаны Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
Тармақ 19
19. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Министрліктің аппарат басшысы министрдің келісімі бойынша лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын орынбасарлары болады.
Тармақ 20
20. Комитет төрағасы:
Тармақша 1
1) өз орынбасарларының және Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
Тармақша 2
2) Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;
Тармақша 3
3) Комитет төрағасының орынбасарларын қоспағанда, Комитет қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 4
4) іссапар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілікті арттыру, ынталандыру, үстемақылар төлеу және сыйлықақы беру, сондай-ақ Комитет төрағасының орынбасарларын қоспағанда, Комитет қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, Комитет және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерінің орындауы міндетті нұсқаулар береді;
Тармақша 6
6) Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметтеріне жетекшілік етеді, Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген шекте салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комитеттің мүддесін білдіреді;
Тармақша 8
8) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шараларға дербес жауапты болады;
Тармақша 9
9) азаматтық қоғамды дамытуға үлес қосқан адамдарды алғыс хаттармен және құрмет грамоталарымен көтермелеу жөніндегі мәселелерді шешеді;
Тармақша 10
10) өз құзыреті шеңберінде басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдайды.
Тармақ 21
21. Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Тармақ 22
22. Комитет төрағасының орынбасарлары:
Тармақша 1
1) өз өкілеттіктері шегінде Комитеттің қызметін үйлестіреді;
Тармақша 2
2) Комитет төрағасы белгілеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 23
23. Комитеттің консультациялық - кеңесші органы болып табылатын алқасы болуы мүмкін. Алқаның сандық және жеке құрамын Комитеттің төрағасы бекітеді.
Тармақ 24
24. Комитет қызметін ұйымдастыру бойынша –өзге де мәселелер Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен, Министрліктің және Комитеттің бұйрықтарымен реттеледі.
Тарау 4. 4-тарау. Комитеттің мүлкі
4-тарау. Комитеттің мүлкі
Тармақ 25
25. Комитеттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады. Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 26
26. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 27
27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен айыруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 28
28. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.