Об утверждении правил оплаты услуг независимых экспертов медико-социальной экспертизы и тарифы на услуги независимых экспертов медико-социальной экспертизы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын және медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары көрсететін қызметтерге тарифтерді бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 156 бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының қызметтеріне ақы төлеу қағидалары және медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары көрсететін қызметтердің тарифтері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әдістеме және медициналық-әлеуметтік сараптаманы жетілдіру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 0. Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының қызметтеріне ақы төлеу қағидалары және медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары көрсететін қызметтердің тарифтері
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 411 бұйрығына қосымша Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының қызметтеріне ақы төлеу қағидалары және медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары көрсететін қызметтердің тарифтері
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының қызметтеріне ақы төлеу қағидалары және медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары көрсететін қызметтердің тарифтері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 156-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының қызметтеріне ақы төлеу тәртібін және медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары көрсететін қызметтерге тарифтерді айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы іске асыру және бақылау функцияларын өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын ведомствосы;
Тармақша 2
2) медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшысы (бұдан әрі – МӘС тәуелсіз сарапшысы) – уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын талаптарға сәйкес келетін және медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының тізілімінде тұратын жеке тұлға;
Тармақша 3
3) «Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «МОДБ» ААЖ) – мүгедектікті белгілеу, еңбекке қабілеттіліктен айырылу, абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу бойынша бизнес-процестерді автоматтандыруға, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінде куәландырудан өткен адамдар бойынша деректерді сақтау мен өңдеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
Тармақша 4
4) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Тарау 2. 2 тарау. Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының қызметтеріне ақы төлеу тәртібі және тарифтері
2 тарау. Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының қызметтеріне ақы төлеу тәртібі және тарифтері
Тармақ 3
3. МӘС тәуелсіз сарапшысы ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша МӘС тәуелсіз сарапшысы жұмысының нәтижелерін бағалау кестесінің деректерін және қызметінің бағасын қалыптастыруды ескере отырып, «МОДБ» ААЖ-де «Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 8265 болып тіркелген) бекітілген Р-1 нысаны бойынша орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін (бұдан әрі – Орындалған жұмыстардың актісі) қалыптастырады. Орындалған жұмыстардың актісі МӘС тәуелсіз сарапшысының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылғаннан кейін Комитетке түседі.
Тармақ 4
4. Комитет орындалған жұмыстардың актісін алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде:
Тармақша 1
1) оның дұрыс толтырылуын және анықтылығын тексереді;
Тармақша 2
2) бұрыс және анық емес толтырылған жағдайда «МОДБ» ААЖ-да ескертулерді көрсете отырып, МӘС тәуелсіз сарапшысына қайта қарау үшін қайтарады. МӘС тәуелсіз сарапшысы орындалған жұмыстардың актісіне ескертулерді алған күннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде оны пысықтайды, ЭЦҚ арқылы қояды және орындалған жұмыстардың актісі осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес Комитетке қарау үшін қайта жолдайды.
Тармақша 3
3) дұрыс және анық толтырылған жағдайда орындалған жұмыстардың актісіне қол қояды және МӘС тәуелсіз сарапшысы қызметтеріне ақысын төлеу үшін уәкілетті мемлекеттік органға жолдайды. Қызметтерге ақы төлеуді уәкілетті мемлекеттік орган МӘС тәуелсіз сарапшысының есептік шотына аудару арқылы жүзеге асырады және мына формула бойынша есептеледі: МӘС тәуелсіз сарапшысы қызметтерінің құны = (В* К1), мұндағы К1 – айына көрсетілген қызметтер саны; В – осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес МӘС тәуелсіз сарапшысы қызметінің бағасын қалыптастыру кестесі бойынша жүзеге асырылатын МӘС тәуелсіз сарапшысы жұмысының нәтижелерін бағалауды ескере отырып, қызмет бірлігінің бағасы.
Тармақ 5
5. МӘС тәуелсіз сарапшысының бір қызметі үшін тариф (Тариф) мына формула бойынша есептеледі: Тариф = (ЛЖ / 20 жұмыс күні / 8 сағат жұмыс), мұнда: ЛЖ – «Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын барлық органдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы қпү № 646 қаулысына сәйкес С-О-5 санаты бойынша жоғары лауазымдық жалақы.
Тармақ 6
6. Куәландырылатын адамның/оның заңды өкілінің шағымдану оң шешілген немесе шығарылған сараптамалық қорытындының негізділігін бақылау нәтижесі кезінде көрсетілген қызметтер үшін тәуелсіз сарапшыға төленген сомаларды сараптамалық қорытынды өзгерген күннен бастап жарты жылда бір рет мынадай формула бойынша қайта есептеу жүргізіледі. А – осы Қағидалардың 8-тармағының 2-5) тармақшаларында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін қорытындылардың саны; К5 – есепті кезеңде көрсетілген қызметтер саны; К6 – куәландырылған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың саны (алғашқы куәландыру кезінде); К7 – ЖЕА дәрежесі белгіленген қайта куәландырылған адамдардың саны; К8 – ОЖБ әзірленген мүгедектігі бар адамдардың саны; С – К көрсеткіштерінің саны 1-ге тең немесе одан көп.
Тармақ 7
7. Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі), «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Басқа 1. МӘС тәуелсіз сарапшысы қызметінің бағасын қалыптастыру кестесі ___________________________________________________________ (МӘС тәуелсіз сарапшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) 20___ жылғы ______ (ай, жыл)
Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының қызметтеріне ақы төлеу қағидаларына және медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары көрсететін қызметтер тарифіне қосымша Нысан МӘС тәуелсіз сарапшысы қызметінің бағасын қалыптастыру кестесі ___________________________________________________________ (МӘС тәуелсіз сарапшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) 20___ жылғы ______ (ай, жыл) № Ағымдағы жылға МӘС тәуелсіз сарапшысының бір қызметінің тарифі (теңге) Ай сайынғы/жылдық бағалаудың мәні (%) МӘС тәуелсіз сарапшысы жұмысының нәтижелерін бағалауды ескере отырып, қызмет бірлігінің бағасы (теңге) (2 баған*3 баған)/100 1 2 3 4 1 Орындаушы/Өнім беруші ТАӘ (бар болған жағдайда) ________________ ______ж.____.____. Банк деректемелері: ____________________________ Банктің атауы ____________________________ Банктік шот нөмірі ____________________________ БСК ____________________________ ЖСК /IBAN ____________________________ Шот түрі: ағымдағы