Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении «Отдел физической культуры и спорта акимата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области» Қолданыста
Басқа 0
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы қоса беріліп отырған Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) жоғарыда көрсетілген Ережені заңдарда белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан әкімдігінің
2023 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 219 қаулысымен бекітілген
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағында дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Бөлімде ведомстволар жоқ.
Тармақ 3
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады
Тармақ 4
4. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Егер бөлімге «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, бюджет және қаржы заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Бөлімнің орналасқан жері: индекс 150400, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылы, Абылай хан көшесі, 11В.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер бөлімге Қазақстан Республикасының заңдарымен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі
Тарау 2. 2 тарау. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның дене шынықтыру және спорт бөлімінің міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері
2 тарау. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның дене шынықтыру және спорт бөлімінің міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Бөлімнің міндеттері:
Тармақша 1
1) Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда дене шынықтыру мен спортты дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
Тармақша 2
2) халықтың денсаулығын нығайту, бұқаралық және кәсіптік спортты танымал ету және балаларды, жасөспірімдер мен жастарды дене шынықтырумен және спортпен тұрақты айналысуға баулу үшін жағдайлар жасау.
Тармақша 3
3) ауданда спорттық қызметті бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) облыстық спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысу;
Тармақша 5
5) аудандық жарыстар мен турнирлер өткізу;
Тармақша 6
6) өз құзыреті шегінде аудандық спорттық және басқа да іс-шаралар жеңімпаздарын, спорт ұйымдары қызметкерлерін атақтар беру, дипломдармен, жүлделермен, грамоталармен, бағалы сыйлықтармен марапаттау туралы мәселелерді белгіленген тәртіппен шешу, жаттықтырушы-оқытушылар құрамына санат беру туралы өтініш жасау;
Тармақша 7
7) аудандық дене шынықтыру және спорт жоспарын әзірлеу және іске асыру.
Тармақ 14
14. Құқықтары мен міндеттері:
құқықтары:
Тармақша 1
1) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан сұрау салуға;
Тармақша 2
2) аудан әкімі шешімдерінің және әкімдік қаулыларының жобаларын, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеуге қатысуға;
Тармақша 3
3) дене шынықтыру және спорт мамандарымен конференциялар, семинарлар, оқытудың және тәжірибе алмасудың басқа да нысандарын ұйымдастыруға;
міндеттері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;
Тармақша 3
3) бөлімге жүктелген міндеттерді функцияларды орындау;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
Тармақша 5
5) мәдениет және спорт мекемелерінің желісін сақтау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) аудандық спорттық жарыстар мен жиындар өткізу.
Тармақ 15
15. Функциялар:
Тармақша 1
1) жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлері бойынша аудандық спорттық жарыстар өткізеді;
Тармақша 2
2) спорт түрлері бойынша аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың құрама командаларын даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарда өнер көрсетуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағында аудандық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
Тармақша 5
5) спортшыларға спорттық разрядтар береді, спортшыларды спорттық разрядтардан айырады: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы;
Тармақша 6
6) біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарынан айырады: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы екінші санатты біліктілік деңгейі, спорт төрешісі;
Тармақша 7
7) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтізбесін іске асырады;
Тармақша 8
8) Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және облыстың, астананың жергілікті атқарушы органына береді;
Тармақша 10
10) Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерін үйлестіреді;
Тармақша 11
11) ауылдық округ әкімдеріне, спорт саласындағы дене шынықтыру жаттықтырушы-оқытушыларына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
Тармақша 12
12) Бюджеттік кодекске сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларын орындайды, Бөлімнің қаржыландыру жоспарларының орындалуына мониторингті жүзеге асырады; қаржыландыру жоспарларының орындалуын талдау; Бөлімнің қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебін және есептілігін жүргізу; тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 13
13) өз құзыреті шегінде аудандық спорттық және басқа да іс-шаралардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дипломдармен, сыйлықтармен, грамоталармен, бағалы сыйлықтармен марапаттау мәселелерін белгіленген тәртіппен шешеді.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттігі.
3-тарау. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттігі.
Тармақ 16
16. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Бөлім басшысы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 18
18. Бөлім басшысының орынбасарлары жоқ.
Тармақ 19
19. Бөлім басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда сенімхатсыз Бөлімнің мүдделерін білдіреді;
Тармақша 2
2) дене шынықтыру мен спортты дамыту мәселелері бойынша өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына қызметке басшылық жасайды және дербес жауапты болады;
Тармақша 3
3) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, олардың орындалуын бақылауды ұйымдастырады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Бөлім қызметкерлерін тағайындайды және босатады.
Тармақша 5
5) бөлім қызметкерлерін көтермелеу шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 6
6) бөлім қызметкерлерінің өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындайды;
Тармақша 7
7) Бөлім атынан сенімхатсыз іс-әрекеттерді жүзеге асырады, Бөлім атынан басқа қызметкерлерге бөлім мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттер жасауға өкілеттік береді;
Тармақша 8
8) басшы тікелей бағыныстағы мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 9
9) ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктеріне мемлекеттік кепілдік туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді.
Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды оны алмастыратын адам Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырады.
Тарау 4. 4-тарау. Коммуналдық мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Коммуналдық мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 20
20. Мемлекеттік мүлік туралы заңнамада көзделген жағдайларда Бөлімнің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 21
21. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 22
22. Егер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгіленбесе, Бөлімнің өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Коммуналдық мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Коммуналдық мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 23
23. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.