Об утверждении Положения республиканского государственного учреждения «Комитет гражданской авиации Министерства транспорта Республики Казахстан» Қолданыста
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналардың:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
Тармақша 2
2) алып тасталды – ҚР Көлік министрінің м.а. 09.04.2024 № 128 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия инфрақұрылымдық даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрық бекітілгеннен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
бұйрығына
1-қосымша
«Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) реттеуші, іске асырушылық және бақылау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын ведомствосы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 4
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 5
5. Комитет заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 6
6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Комитет құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Комитеттiң орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты.
Тармақ 9
9. Комитеттiң толық атауы:
мемлекеттік тілде – «Қазақстан Республикасы Көлік министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi» республикалық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде - республиканское государственное учреждение «Комитет гражданской авиации Министерства транспорта Республики Казахстан».
Тармақ 10
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Комитет кәсіпкерлік субъектілерімен Комитет функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.
Егер Комитет заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Комитеттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
2-тарау. Комитеттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметін мемлекеттік реттеу және мемлекеттік бақылау және қадағалау;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін оны пайдаланушылардың қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ету, адамдардың өмірі немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, мемлекет мүдделеріне қауіп төндірмей ұшуды орындау;
Тармақша 4
4) әуе кеңістігін пайдалану және ұшуды орындаумен байланысты қызметті жүзеге асырудың жалпы қағидаттарын белгілеу;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының экономика және азаматтардың авиациялық қызметтерге қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.
Тармақ 14
14. Құқықтары мен міндеттері:
құқықтары:
Тармақша 1
1) азаматтық авиация ұйымдарының лауазымды адамдарынан және пайдаланушылардан ақпаратты, құжаттарды, сондай-ақ оларды ұсыну мерзімдерін белгілей отырып, өз функцияларын орындау үшін қажетті түсіндірмелер мен материалдарды сұратуға;
Тармақша 2
2) әуе кеңістігін пайдалану, әуе қозғалысы мен азаматтық және эксперименттік авиация қызметін ұйымдастыру мәселелерін реттейтін жаңа және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 3
3) азаматтық авиацияны дамыту, оларды іске асырудың ұйымдастыру және қаржылық механизмдері, азаматтық авиация саласының дамуына инвестициялар тарту үшін жағдайлар мен басымдықтарды қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 4
4) Комитеттің және оның аумақтық органының ұшуға рұқсаты бар азаматтық және эксперименттік авиация саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды адамдары қызметтік міндеттерін орындаған кезде әуе кемесінің кабинасында, мұндай рұқсаты жоқ адамдар - бос орын болған кезде әуе кемесінің пайдаланушыларымен келісім бойынша әуе кемесінің жолаушылар салонында болуға;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды асыруға құқылы.
Міндеттеріне:
Тармақша 1
1) Комитетке жүктелген міндеттер мен функциялардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасын, құқықтары мен заңда қорғалатын жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін сақтау;
Тармақша 3
3) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беру;
Тармақша 4
4) өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде ол туралы Министрліктің құрылымдық бөлімшелері және мемлекеттік органдар ресми сұрау салған жағдайда қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсыну;
Тармақша 5
5) Комитеттің теңгерімінде тұрған мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу;
Тармақша 7
7) белгіленген мерзімде Министрлікке бухгалтерлік және қаржылық есептілікті жасау және ұсыну;
Тармақша 8
8) Комитетке бөлінген бюджеттік қаражаттың толық, уақтылы және тиімді пайдалануын қамтамасыз ету;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу кіреді.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) ведомствоның құзыреті шегінде реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру және Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысу;
Тармақша 2
2) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
Тармақша 3
3) өз құзыретi шегiнде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) шет мемлекеттердің авиациялық биліктерімен және мамандандырылған халықаралық ұйымдармен, оның ішінде ынтымақтастық, азаматтық авиацияға қатысты ақпаратпен және тәжірибемен алмасу туралы екіжақты келісімдер жасасу арқылы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, сондай-ақ халықаралық азаматтық авиация ұйымдарында Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету;
Тармақша 5
5) жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) өз құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шараларды жоспарлау және өткiзу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiне басшылық ету;
Тармақша 7
7) өз құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіпте Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 82-бабының 3-тармағында көзделген, әзірленетін құжаттардың жобаларына қатысты реттеушілік әсерге талдау жүргізу;
Тармақша 9
9) жүргізілген реттеушілік әсерді талдаудың нәтижесін Министрліктің ресми интернет-ресурсында орналастыру;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 132-бабының 2-тармағына сәйкес тексерілетін субъектілер қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін мәніне бақылауды және тексеруді жүзеге асыру;
Тармақша 11
11) әуе кеңiстiгiн пайдалану мен азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу;
Тармақша 13
13) мемлекеттік бақылау және қадағалау тиімділігінің мониторингін жүргізу;
Тармақша 14
14) мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізуді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік акциялар пакетіне (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) иелік ету және пайдалану құқығын, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану мен азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласында басшылық ету жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 16
16) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелерді орындау;
Тармақша 18
18) соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап-арыздар беру;
Тармақша 19
19) әуе көлігін пайдалануға қатысты тасымалдаушының жолаушылар алдындағы тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауаптылығынан мiндеттi сақтандыру шартын жасауын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 20
20) Қазақстан Республикасына (Қазақстан Республикасынан) тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды жоспарлайтын шетелдік тасымалдаушыларды аккредиттеуді және аккредиттеу туралы куәлікті беруді, сондай-ақ ондай куәлікті беруден бас тартуды жүзеге асыру;
Тармақша 21
21) халықаралық әуе тасымалдарын жүзеге асыруын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 22
22) халықаралық рейстердi қамтамасыз етуге рұқсат етiлмеген әуежайлардан (әуежайларға) халықаралық ұшуды орындайтын азаматтық әуе кемелерiн қабылдауға, ұшуға шығаруға және оларға қызмет көрсетуге уақытша рұқсаттарды беру;
Тармақша 22-1
22-1) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 17 қарашадағы № 325-НҚ, Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2025 жылғы 20 қарашадағы № 391, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 20 қарашадағы № 717, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 20 қарашадағы № 494 және Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 20 қарашадағы № 586/НҚ бұйрықтарымен бекітілген ««Тауарлардың жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» пилоттық жобаны іске асыру туралы» Бірлескен бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына жекелеген тауарлар түрлерін экспорттауға және (немесе) импорттауға рұқсат беру;
Тармақша 23
23) «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелерін ескере отырып, азаматтық әуе кемелерiнiң халықаралық тұрақты емес (бiр жолғы) ұшуларды орындауына рұқсаттар беру;
Тармақша 24
24) iшкi әуе трассалары, жергiлiктi әуе желiлерi, ұшу маршруттары бойынша және әуе трассаларынан тыс халықаралық ұшуды орындауды келiсу;
Тармақша 25
25) Қазақстан Республикасының авиакомпаниялары арасында тұрақты әуе тасымалдарын жүзеге асыру үшін халықаралық және субсидияланатын (облыс ішіндегілерді қоспағанда) авиамаршруттарға куәлiктер беру;
Тармақша 26
26) шетел пайдаланушының Қазақстан Республикасының әуеайлақтарында қонумен халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауына рұқсат беру;
Тармақша 27
27) Қазақстан Республикасының халықаралық авиамаршруттарындағы шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты рейстерінің кестелерін бекіту;
Тармақша 28
28) Қазақстан Республикасы аумағы арқылы қонбай шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты рейстерінің кестесін бекіту;
Тармақша 29
29) шет мемлекеттердiң әскери құралымдарын, қару-жарағын және әскери техникасын, сондай-ақ қосарлы мақсатта пайдаланылатын өнiмдердi тасымалдау үшiн азаматтық әуе кемесiн пайдаланушының халықаралық ұшуын келiсу және өз құзыреті шегінде осы ұшуды сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын органмен келісу;
Тармақша 30
30) авиакомпанияға тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат беру туралы шешім қабылдау, рұқсат беруден бас тарту, бұрын берілген рұқсатты тоқтата тұру немесе қайтарып алу;
Тармақша 31
31) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын және (немесе) халықаралық стандарттарды сақтауына мемлекеттiк реттеуді, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 32
32) «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аэронавигация және әуежайлар салаларындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 33
33) Қазақстан Республикасының Үкіметіне табиғи монополиялар салаларының жай-күйі туралы, бекітілген тарифтік сметалардың орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы жыл сайынғы есепті дайындау және ұсыну үшін табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға аэронавигация және әуежайлар салалары бойынша ақпарат енгізу;
Тармақша 34
34) Аэронавигация және әуежайлар саласындағы табиғи монополия субъектілерінің мемлекеттік тіркелімін қалыптастыру және жүргізу;
Тармақша 35
35) тарифтерді қалыптастыру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 36
36) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 37
37) реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын әзірлеу;
Тармақша 38
38) өтінімді қарауға қабылдау не оны қабылдаудан бас тарту;
Тармақша 39
39) бұқаралық ақпарат құралдарында өткізілетін күні мен орны туралы хабарландыруды жариялай отырып, жария тыңдаулар өткізу;
Тармақша 40
40) «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда тарифті бекіту және оның қолданылу мерзімі өткенге дейін бекітілген тарифті өзгерту;
Тармақша 41
41) қуаты аз табиғи монополия субъектісінің тарифін индекстеу деңгейін айқындау;
Тармақша 42
42) бекітілген тарифтік сметаны бекіту және оған өзгеріс енгізу;
Тармақша 43
43) табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламасын бекіту және оған өзгеріс енгізу;
Тармақша 44
44) уақытша өтемдік тарифті бекіту;
Тармақша 45
45) табиғи монополия субъектісінің жекелеген іс-әрекеттер жасауына келісім беру, сондай-ақ табиғи монополия субъектісінен «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асыру туралы хабарлама қабылдау;
Тармақша 46
46) реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 47
47) табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштерін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 48
48) табиғи монополия субъектісіне Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасының бұзылуын жою туралы нұсқама енгізу;
Тармақша 49
49) табиғи монополиялар субъектілерінің бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуы, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептеріне талдау жүргізу;
Тармақша 50
50) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының, оның ішінде концессиялық жобаның, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасының, оның ішінде концессия шартының конкурстық құжаттамасын келісу, оларға тарифті қалыптастыру бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
Тармақша 51
51) жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының, оның ішінде концессия шартының негізінде тарифті айқындау;
Тармақша 52
52) уақытша төмендету коэффициентін бекіту;
Тармақша 53
53) табиғи монополия саласын тарифтік реттеу әдісін айқындау;
Тармақша 54
54) реттеліп көрсетілетін қызметтер тізбесін бекіту;
Тармақша 55
55) тарифтері тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісін қолдана отырып бекітілетін табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесін бекіту;
Тармақша 56
56) Тарифтік саясат жөніндегі кеңес туралы ережені әзірлеу және оның құрамын қалыптастыру;
Тармақша 57
57) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер мен тарифтік сметаларды бекіту кезінде шығындары ескерілетін сатып алуды бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 58
58) бағаларды мемлекеттік реттеуді және баға белгілеу тәртібінің және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің әуежайларға қызмет көрсету саласындағы міндеттерінің сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 59
59) қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінің бағаларына мониторингті жүзеге асыру;
Тармақша 60
60) қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілері өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) шекті бағаларды келісу;
Тармақша 61
61) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілері өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) шекті бағаларды төмендету;
Тармақша 62
62) қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінің алдағы уақытта тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың көтерілуі туралы хабарламаларын қарау кезінде жария тыңдау өткізу;
Тармақша 63
63) қоғамдық маңызы бар нарық субъектісіне орындау үшін міндетті Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген міндеттемелерін орындау туралы нұсқамалар енгізу;
Тармақша 64
64) қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі нұсқаманы орындамаған жағдайда, қоғамдық маңызы бар нарық субъектісін нұсқамада көрсетілген әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу туралы сотқа талап қою;
Тармақша 65
65) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау және қарау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жаза қолдану;
Тармақша 66
66) азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзуды тоқтату жөнінде шаралар қабылдау;
Тармақша 67
67) азаматтық және эксперименттік авиацияның әуе кеңістігін пайдалану қағидаларын бұзушылықтарын есепке алуды жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен әуе кеңістігін пайдалану қағидаларын бұзудың барлық жағдайлары бойынша өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
Тармақша 68
68) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуларды жүргізу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 68-1
68-1) кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;
Тармақша 68-2
68-2) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектілендіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жіберу;
Тармақша 68-3
68-3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастыру;
Тармақша 68-4
68-4) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізу;
Тармақша 68-5
68-5) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы үлгілік ереженің негізінде кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлеу;
Тармақша 68-6
68-6) азаматтық авиация саласында салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және (немесе) өзектілендіру;
Тармақша 68-7
68-7) азаматтық авиация саласында кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектілендіру;
Тармақша 69
69) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде, «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде және Қазақстан Республикасы Министрінің бұйрықтарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның төрағасының мәртебесі мен өкілеттіктері
3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның төрағасының мәртебесі мен өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Комитетті басқаруды Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты төраға жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 18
18. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Комитет төрағасының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) өзінің орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының және қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
Тармақша 2
2) өз құзыреті шегінде бұйрықтарды шығарады;
Тармақша 3
3) еңбек қатынастарының мәселесі жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Комитеттің және оның аумақтық органының қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 4
4) іссапарлар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау) біліктілікті арттыру, көтермелеу, үстемақылар төлеу және сыйақылар беру, сондай-ақ жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Комитеттің және оның аумақтық органының қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;
Тармақша 5
5) Комитеттің атынан қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда өкілдік етеді;
Тармақша 6
6) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 7
7) Комитеттің заң қызметіне жетекшілік етеді;
Тармақша 8
8) Комитеттің қызметкерлеріне мемлекеттік құпияларға рұқсат беруді жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің туындауына себеп болатын іс-қимылдар белгіленген жағдайда бұл туралы Министрліктің басшылығын хабардар етеді;
Тармақша 10
10) Комитет қызметкерлері мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді;
Тармақша 11
11) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;
Тармақша 12
12) республикалық бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына және мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
Тармақша 13
13) оның құзыретіне кіретін басқа мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Комитет төрағасы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тармақ 20
20. Комитет төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тарау 4. 4-тарау. Комитеттің мүлкі
4-тарау. Комитеттің мүлкі
Тармақ 21
21. Комитет заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Комитет, өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24. «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация
комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы аумақтық
органдардың тізбесі
24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация
комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы аумақтық
органдардың тізбесі
«Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация
комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесi
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
Тармақша 2
2) «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» акционерлік қоғамы.
Басқа 2. «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің
Өңіраралық ұшу қауіпсіздігі инспекциясы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің ережесі
бұйрығына
2-қосымша
«Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің
Өңіраралық ұшу қауіпсіздігі инспекциясы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің ережесі
Басқа 3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің және
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің
міндетін атқарушының күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
бұйрығына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің және
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің
міндетін атқарушының күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті» және «Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Өңіраралық ұшу қауіпсіздігі инспекциясы» мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 70 бұйрығы.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті» және «Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Өңіраралық ұшу қауіпсіздігі инспекциясы» мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 70 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 27 қарашадағы № 882 бұйрығы.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті» және «Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Өңіраралық ұшу қауіпсіздігі инспекциясы» мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 70 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 3 қарашадағы № 586 бұйрығы.
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 183 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 3-тармағы.
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті» және «Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Өңіраралық ұшу қауіпсіздігі инспекциясы» мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 70 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 701 бұйрығы.