О создании Совета по связям с религиозными объединениями при акимате Егиндыкольского района Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.01.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Егіндікөл ауданы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес құру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республика Үкіметінің 2000 жылғы 6 мамырдағы № 683, Ақмола облысының 2003 жылғы 11 тамыздағы № а-8/212 «Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес құру туралы» Қаулыларына сәйкес Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес құрылсын.
Тармақ 2
2. Аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің дербес құрамы аудандық мәслихат сессиясының бекітуіне ұсынылсын (қосымша 1).
Тармақ 3
3. Аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес туралы Ереже бекітілсін (қосымша 2).
Тармақ 4
4. Аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес қызметін қамтамасыз ететін жұмысшы орган болып Егіндікөл аудан аппаратының ішкі саясат бөлімі белгіленсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы Ақмола облысының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 6. Егіндікөл ауданы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктемен байланыс бойынша Кеңес құрамы
Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2004 жылғы қаңтардағы «Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес құру туралы» № а-1/5 қаулысына 1 қосымша Егіндікөл ауданы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктемен байланыс бойынша Кеңес құрамы
Тармақ 1
1. Жуматова З.К. - аудан әкімінің орынбасары, Кеңес төрайымы
Тармақ 2
2. Менешева Б.Н. - аудан әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, Кеңес төрайымының орынбасары
Тармақ 3
3. Даулетбеков М.К. - аудан әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы, Кеңес хатшысы Кеңес мүшелері:
Тармақ 4
4. Қайранбеков Р.А. - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Тармақ 5
5. Гурбанова С.М. - «Шұғыла-Целинная нива» газетінің бас редакторы (келісім бойынша)
Тармақ 6
6. Кузнецов С. - Егіндікөл ауылындағы «Пресветая Богородица Покровы Приходының» басшысы (келісім бойынша)
Тармақ 7
7. Байгожин Ж.Ж. - Егіндікөл ауылындағы «Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының» мешіт имамы (келісім бойынша)
Басқа 14. Егіндікөл ауданы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2004 жылғы қаңтардағы «Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес құру туралы» № а-1/5 қаулысына 2 қосымша Егіндікөл ауданы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес (әрі қарай Кеңес) - аудан әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңестік орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конститутциясын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, және басқа да нормативтік - құқықтық актілер мен осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Кеңес өз жұмысын аудандық қоғамдық бірлестіктермен бірлесе отырып жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Кеңес шешімдері ұсыныстық сипатқа ие болады.
Тарау 2. 2. Кеңестің мақсаттары, міндеттері және атқаратын жұмыстары
2. Кеңестің мақсаттары, міндеттері және атқаратын жұмыстары
Тармақ 5
5. Кеңестің мақсаты аудандағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша тұрғындардың дінге сену еркіндігін, рухани келісімді нығайтуды және конфессияаралық қатынастарын ету жөніндегі ұсыныстар дайындау.
Тармақ 6
6. Кеңестің негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) ауданда діннің даму жағдайын қорытындылау, сараптау және жан-жақты дәйекті түрде зерттеу;
Тармақша 2
2) ауданда дінге сену еркіндігі туралы заңдардың сақталуы және діннің даму жағдайы туралы Ақмола облысының Ішкі саясат департаментіне ақпарат беріп отыру;
Тармақша 3
3) ауданда тіркелген діни бірлестіктер туралы ақпараттық банк деректерін құрастыру;
Тармақша 4
4) діни бірлестіктер арасындағы өзара келісім мен сыйластықты нығайту және оларға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес консультативтік көмек көрсетіп отыру;
Тармақ 7
7. Кеңестер өздеріне жүктелген міндеттерге және заңда белгіленген тәртіптерге сәйкес төмендегі жұмыстарды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) аудан аумағында құрылған діни бірлестіктер жұмыстарын зерттеп, олар туралы деректерінің банкін құрастырады;
Тармақша 2
2) ақпараттық -үгіт іс-шараларын жүргізеді;
Тармақша 3
3) азаматтардың дінге сену еркіндігі құқықтарын қамтамасыз ету бойынша аудандағы мемлекеттік саясат мәселері бойынша консультативтік жұмыстар жүргізеді;
Тармақша 4
4) басқа аудандардың осындай ұйымдармен байланыстар орнатып оларды қолдап отырады;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдары бойынша өзіне жүктелген басқа да жұмыстармен айналысады.
Тарау 3. 3. Кеңес жұмыстарын ұйымдастыру және жұмыс тәртібі
3. Кеңес жұмыстарын ұйымдастыру және жұмыс тәртібі
Тармақ 8
8. Кеңесті аудан әкімі орынбасарларының бірі басқарады.
Тармақ 9
9. Кеңес мәжілістері үш айда бір реттен кем өткізілмейді. Кеңестің кезектен тыс мәжілісі оның төрағасы өз еркімен немесе Кеңес мүшелерінің жалпы санының үштен бірінің талабы бойынша шақырылады.
Тармақ 10
10. Кеңес мәжілісі оған кеңес мүшелерінің екіден бірі қатысқан жағдайда ғана заңды деп саналады. Кеңес шешімі жиналысқа қатысқан Кеңес мүшелерінің көп дауысымен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші роль атқарды.
Тармақ 11
11. Мәселелерді қарастырып, мәжілісті дайындау және Кеңес жұмысына сараптама жасау үшін жұмыс тобы құрылады, оны Кеңес мүшелерінің бірі басқарады.
Тармақ 12
12. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін заңда бөлгіленген тәртіп бойынша төмендегі құқықтары ие болады;
Тармақша 1
1) Кеңестің міндеттеріне жататын мәселелер бойынша аудандық басқармалар мен ведомстволардың, діни ұйымдардың ақпараттарын қолдану;
Тармақша 2
2) Кеңес міндеттеріне қатысты меселелер бойынша нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;
Тармақша 4
4) Кеңес міндеттеріне қатысты мәселелер бойынша түсініктер беру;
Тармақша 5
5) заңдарға сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асыру;
Тарау 4. 4. Кеңестің жұмыстарын қамтамасыз ету
4. Кеңестің жұмыстарын қамтамасыз ету
Тармақ 13
13. Кеңестің құрамын аудандық мәслихат бекітеді.
Тармақ 14
14. Кеңестің жұмысын оның төрағасы басқарды.Төраға болмаған жағдайда оның міндеттері төрағаның орынбасарына жүктеледі.
Тармақ 15
15. Кеңес мүшелері қоғамдық жұмысты тегін атқарады.
Тармақ 16
16. Кеңестің ұйымдастыру - аналитикалық, жұмыстарын Кеңес хатшысы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Кеңес хатшысы өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін заңда белгіленген тәртіптер бойынша:
Тармақша 1
1) ұйымдастыру, ақпараттық сараптау, әдістемелік және басқа да жұмыстарды қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Кеңес қарауына жұмыс тәртібі бойынша Кеңес мәжілісінде қабылданған және оның төрағасымен бекітілген жұмыстарды ұсынып отырады;
Тармақша 3
3) Кеңес мәжілісінің күн тәртібі құрастырады;
Тармақша 4
4) Кеңес мәжілісінің жұмысын дайындайды, Кеңес мүшелерінің бірлесіп жұмыс істеуін ұйымдастырады, іс қағаздарын жүргізеді;
Тармақша 5
5) басқа да міндеттерді жүзеге асырады.
Тарау 5. 5. Кеңестің жұмысын тоқтату тәртібі
5. Кеңестің жұмысын тоқтату тәртібі
Тармақ 18
18. Кеңестің өз жұмысын аудан әкімдігінің қаулысымен тоқтатады.