О введении временного запрета на вывоз дизельного топлива Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.02.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Дизель отынын әкетуге уақытша тыйым салуды енгiзу туралы Ел экономикасының мұқтаждары үшiн дизель отынының қажеттi қорын жасау мақсатында және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуiрдегі Кеден кодексі 8-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағынан тұрмыстық пештік отыннан басқа, дизель отынын (ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН - 2710 19 410 0 - 2710 19 490 0) 2004 жылғы 1 наурыздан бастап 1 маусымға дейiн әкетуге тыйым салынсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттiгi осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажеттi шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі белгіленген тәртiппен Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетiн осы қаулының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан дизель отынын әкетуге Қазақстан Республикасының тыйым салуды енгізетіні туралы хабардар етсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары С.М. Мыңбаевқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшіне енедi.