Об определении специализированной организации для осуществления деятельности по сохранению и воспроизводству казахских пород собак Күшін жойған
Басқа 0
Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған мамандандырылған ұйымды айқындау туралы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 33-2-бабының 1-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған мамандандырылған ұйымды ретінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» Өндірістік бірлестігі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны айқындалсын.
Тармақ 2
2. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін вице-министрге жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен кейін қолданысқа енгізілсін және ресми жариялануға жатады.