Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев по Сарканскому району Күшін жойған
Басқа 0
Сарқан ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік
жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу мөлшерлемелерін бекіту туралы" 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізілімінде № 184104 тіркелген) сәйкес, Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Сарқан ауданы бойынша туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері 0,2 (нөл бүтін оннан екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.