О некоторых вопросах Министерства туризма и спорта Республики Казахстан Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 318 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде: «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне» деген бөлім алып тасталсын; мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігіне Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетіне 408. «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы 408-1. «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне 408-2. «Қазспортинвест» акционерлік қоғамы».
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетіне және Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін иелену және пайдалану құқықтарын берсін.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 6
6. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі туралы ереже
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы « » № қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі, туристік қызмет салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті.
Тармақ 3
3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Министрліктің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұған уәкілеттік берілсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, № 15 кіреберіс.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Министрліктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда одан алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, республикалық бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Министрліктің міндеттері мен өкілеттіктері
2-тарау. Министрліктің міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Міндеттері: мына салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыру:
Тармақша 1
1) дене шынықтыру және спорт;
Тармақша 2
2) ойын бизнесі;
Тармақша 3
3) лотереялар және лотерея қызметі;
Тармақша 4
4) туристік қызмет, туризм және туристік индустрия.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: өз құзыреті шегінде орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілер қабылдау; мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты және материалды сұрату және алу; Министрлік жанынан консультативтік-кеңесші органдар құру; сотқа жүгіну; ведомстволарға өз өкілеттіктері мен функцияларының бір бөлігін беру; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) міндеттілігі: Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау; Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімде жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қабылдау және қарау; Министрлікке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету; өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау; Министрліктің теңгеріміңдегі мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету; Министрлікке бөлінген бюджет қаражатын толық, уақтылы және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі, туристiк қызмет, туризм және туристік индустрия салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
Тармақша 2
2) спорт және дене шынықтыру саласындағы мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
Тармақша 3
3) дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі, туристік қызмет салаларындағы нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;
Тармақша 4
4) Министрлік реттейтін салаларда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылауды жүргізеді;
Тармақша 5
5) Министрлік реттейтін салаларда кадрларға қажеттілікті айқындайды;
Тармақша 6
6) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша Министрлік реттейтін салалардағы ұйымдардың басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 7
7) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Министрлік жетекшілік ететін салаларда заттай нормаларды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 8
8) Министрлік реттейтін салаларда Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық заңнамасына сәйкес заңнамада белгіленген жағдайларда және тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасайды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және әкімшілік жазалар қолданады;
Тармақша 9
9) мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша мемлекеттiк органның даму жоспарын бекiтедi;
Тармақша 9-1
9-1) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша зерттеулердің және консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 9-2
9-2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 9-3
9-3) мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірістің бөлігін бюджетке толық және уақтылы аударуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 9-4
9-4) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 40-бабында белгіленген мониторинг нәтижелерін жариялауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 10
10) техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшемдердің тізбесін бекітеді;
Тармақша 11
11) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 12
12) саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, кәсіптік одақтармен және өзге де ұйымдармен Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 12-1
12-1) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімде петицияларды қарайды;
Тармақша 12-2
12-2) цифрлық трансформациялауды жүргізеді;
Тармақша 13
13) Министрліктің кадр саясатында гендерлік теңдік қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 14
14) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 15
15) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін бекітеді;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою туралы ұсыныстарды дайындауды және стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізуді жүзеге асырады;
Тармақша 18
18) стандарттау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеуді жүзеге асырады;
Тармақша 19
19) стандарттау жөніндегі құжаттар мен ұлттық стандарттау жоспарының жобаларын қарайды;
Тармақша 20
20) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру бойынша ұсыныстар дайындайды;
Тармақша 21
21) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысады;
Тармақша 22
22) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
Тармақша 23
23) уәкілетті органмен келісу бойынша әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды, сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемелерін бекітеді;
Тармақша 24
24) арыз иелері көтеретін жүйелі проблемаларға талдау жүргізеді және оларды анықтайды;
Тармақша 25
25) ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізу үшін статистикалық нысандарды және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша бекітеді;
Тармақша 26
26) көтермелеудің салалық жүйесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 27
27) жеңімпаздарына дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат етілетін халықаралық, республикалық спорттық жарыстардың тізбесін қалыптастырады және бекітеді;
Тармақша 28
28) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, дене шынықтыру мен спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат береді;
Тармақша 28-1
28-1) мүдделі ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып, дене шынықтыру және спорт саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуді және орналастыруды бекітеді;
Тармақша 29
29) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың дене шынықтыру және спорт жөніндегі басқару органының бірінші басшысын лауазымға тағайындауды және лауазымынан босатуды келіседі;
Тармақша 30
30) дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 30-1
30-1) дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды даярлауды, қайта даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды және аттестаттауды жүзеге асырады;
Тармақша 31
31) Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 32
32) Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығына президенттік тестілерді өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 33
33) оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шаралар кезеңінде спортшыларды, оның ішінде барлық санаттағы әскери қызметшілер мен құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тамақтандыру және фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтерінің әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 33-1
33-1) әскери-қолданбалы және қызметтік-қолданбалы, техникалық және басқа да спорт түрлерін дамытуға басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының қорғаныс саласындағы уәкілетті органымен, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарымен келісу бойынша әскери-қолданбалы және қызметтік-қолданбалы, техникалық және басқа да спорт түрлерінің тізбесін бекітеді;
Тармақша 34
Тармақша 35
35) халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеу мөлшерін бекітеді;
Тармақша 36
36) дене шынықтыру және спорт сабақтарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 37
37) спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 38
38) кәсіптік стандарттарға сәйкес аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға және спорт төрешілеріне аттестаттау жүргізу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 39
39) спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, төсбелгілер беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 40
40) жарыстар түрлерінің, оқу-жаттығу жиындарының тізбесін бекітеді және олардың сыныптамасын айқындайды;
Тармақша 41
41) спорттық іс-шараларды өткізу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 42
42) спортшының бiр дене шынықтыру-спорт ұйымынан басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына ауысу қағидаларын бекiтедi;
Тармақша 43
43) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорттық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекітеді;
Тармақша 44
44) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорттық іс-шараларды өткізу кезінде, спортшылардың денеге аса күш түсіруінен, ауруларынан және жарақаттануларынан кейін қалпына келтіру іс-шаралары кезеңінде спортшылар мен жаттықтырушыларды медициналық қамтамасыз ету және оларға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекітеді;
Тармақша 45
Тармақша 46
46) спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 47
47) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық және штаттық ұлттық командаларының, Қазақстан Республикасы командаларының және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана командаларының құрамдарын қалыптастыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 48
48) спорт резерві және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымдарына қабылдау үшін спорттың түрлері бойынша спортшылардың жас шамасын, сондай-ақ спорттың түрлері бойынша спорттық жарыстарға қатысу үшін ең төменгі жас шамасын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
Тармақша 49
49) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 50
50) спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 51
51) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 52
52) оқу-жаттығу процесі, спорттық резервін және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау, допингке қарсы қызмет, ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық және фармакологиялық қамтамасыз ету жүзеге асырылатын ұйымдар және спортшыларды медициналық көмекпен қамтамасыз ететін ұйымдар үшін үлгілік штаттарды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 53
53) спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 54
54) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын спорттық іс-шараларға, оның ішінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін оқу-жаттығу жиындарына бөлінетін ақшаны жұмсау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 55
55) спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандар мен дене шынықтыру-спорт ұйымдарына «Үздік» номинациясында атақтар беру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 56
56) спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекітеді;
Тармақша 57
57) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары қызметінің қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 58
58) олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері, спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын бекітеді және олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінің оқу бағдарламаларын келіседі;
Тармақша 58-1
58-1) еңбек жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 58-2
58-2) мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 58-3
58-3) республикалық мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізеді;
Тармақша 58-4
58-4) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждеріне және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарына оқуға қабылдау қағидаларын бекітеді;
Тармақша 58-5
58-5) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мамандандырылған спорт сыныптарының жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 59
Тармақша 60
60) олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері, спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары үшін спорт түрлері бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекітеді және олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінің оқу жоспарларын келіседі;
Тармақша 61
61) спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстардың жем-азығы нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 62
62) жоғары дәрежелі спортшылармен, жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын жаттықтырушылармен және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандармен спорттық қызмет туралы шарттар бойынша ақша төлемінің өлшемшарттары мен мөлшерін бекітеді;
Тармақша 63
63) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мүгедектігі бар спортшыларға сыныптау жүргізу тәртібі мен шарттарын бекітеді;
Тармақша 64
64) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорт саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі туралы қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 65
65) спорттың басым түрлерінің республикалық тізбесін және өңірлер бөлінісінде спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін, сондай-ақ оларды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 65-1
65-1) жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізбесін және оларды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру тәртібін айқындайды;
Тармақша 66
Тармақша 67
67) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдар өткізетін спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері үшін жүлделер құнының мөлшерін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 68
68) өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 69
69) Қазақстан Республикасының спорттық әдебін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 70
70) балалар-жасөспірімдер спорт мектептері желісінің ең төмен мемлекеттік нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 71
71) дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшаны бөлу жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 72
72) Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 73
73) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірыңғай операторды айқындайды;
Тармақша 74
74) балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 75
75) балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 76
76) мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 77
77) балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларының рейтингін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 78
78) спортшыны тіркеу туралы куәлікті беру және ауыстыру, спорт федерацияларының спортшыны тіркеу туралы мәліметтерді ұсыну тәртібін, сондай-ақ спортшыны тіркеу туралы куәліктің нысанын бекітеді;
Тармақша 79
79) мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін белгілейді;
Тармақша 80
80) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командаларын Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарына және басқа да халықаралық жарыстарға даярлау жөніндегі ұйымдастыру комитеттерінің құрамдарын бекітеді;
Тармақша 81
81) аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды өткiзедi;
Тармақша 82
82) ұлттық спорт түрлері бойынша аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларымен бірлесіп, халықаралық және республикалық жарыстар өткізуді, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командаларын халықаралық спорттық жарыстарға даярлауды және олардың қатысуын ұйымдастырады;
Тармақша 82-1
82-1) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық және штаттық ұлттық командаларының мүшелерін халықаралық спорттық жарыстарға даярлауды және олардың қатысуын ұйымдастырады және жүзеге асырады;
Тармақша 82-2
82-2) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелерiн халықаралық спорттық жарыстарға даярлауды және олардың қатысуын ұйымдастырады және жүзеге асырады;
Тармақша 83
83) дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми зерттеулердi, олардың нәтижелерiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дене шынықтыру және спорт практикасына енгiзудi ұйымдастырады және үйлестiредi;
Тармақша 84
84) спортта допингке қарсы іс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 84-1
84-1) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-2-бабы 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында және 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген шараларды қабылдайды;
Тармақша 85
85) спортшылар мен жаттықтырушыларға: «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» спорттық атақтарын береді, спортшылар мен жаттықтырушыларды осындай спорттық атақтарынан айырады;
Тармақша 86
86) бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарынан айырады;
Тармақша 87
87) ұлттық спорт федерацияларын аккредиттеудi жүзеге асырады;
Тармақша 88
88) халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу және оны қайтару қағидаларын бекітеді;
Тармақша 89
89) спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидаларын бекітеді, олардың мөлшерін белгілейді;
Тармақша 90
90) спорт түрлері бойынша кешенді нысаналы бағдарламаларды және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының спортшыларын даярлаудың жеке жоспарларын бекітеді;
Тармақша 91
91) спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін спорт түрлері бойынша бағдарламаларды бекітеді;
Тармақша 92
92) аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларының ұсынуымен спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық және штаттық ұлттық командаларының құрамдарын жыл сайын бекітеді;
Тармақша 93
93) аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларының ұсынуымен спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының бас жаттықтырушыларын және спорт түрлері бойынша мемлекеттік жаттықтырушыларды лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 94
94) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда спорттық жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеуді жүзеге асырады;
Тармақша 95
95) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелерін халықаралық спорттық жарыстарға даярлау және оған қатысу кезінде сақтандыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 96
96) аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай республикалық күнтізбесін бекітеді және оның іске асырылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 97
Тармақша 98
98) «Үздік спорт журналисі» атағын беру қағидаларын масс-медиа саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді;
Тармақша 99
99) халықаралық және республикалық спорттық жарыстардың ережелерін (регламенттерін) бекітеді;
Тармақша 100
100) спорттық іс-шаралардың шығыстар құрылымын бекітеді;
Тармақша 101
Тармақша 102
102) халықтың әртүрлі топтарының жас шамасын, кәсіптік және әлеуметтік ерекшеліктерін ескере отырып, дене шынықтыру мен спортты насихаттауды жүзеге асырады;
Тармақша 103
103) мүгедектігі бар адамдарға арналған дене шынықтыру-спорт ұйымдарындағы оқу-жаттығу процесінің спорт түрлері бойынша даярлық кезеңдерінің мазмұнын, бағдарламасын бекітеді;
Тармақша 104
104) мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, республикалық спорт жарыстарын өткізуді ұйымдастырады;
Тармақша 105
105) дене шынықтыру-спорт ұйымдарымен бірлесе отырып, мүгедектігі бар адамдар арасындағы спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командаларын даярлауды және олардың халықаралық спорттық жарыстарға, оның ішінде Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындарға және Дүниежүзілік арнаулы олимпиадалық ойындарға қатысуын ұйымдастырады;
Тармақша 105-1
105-1) спорт түрі (түрлері) бойынша спорттық даярлықтың ұлттық стандарттарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 106
106) Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығына президенттік тестілерді орындау жөніндегі жұмысқа басшылық жасауды және оны бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 107
107) Қазақстан Республикасының штаттық ұлттық командаларының сандық құрамын бекітеді;
Тармақша 108
108) дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау қағидаларын бекітеді;
Тармақша 108-1
108-1) спорттың ойналатын түрлері бойынша кәсіби спорт клубтарын күтіп-ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының лимиттерін бекітеді;
Тармақша 108-2
108-2) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай қамтылым төлемдерінің мөлшерін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 109
109) қару айналымын бақылау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спортпен шұғылдану кезінде және оқу мақсатында қаруды қолдану қағидаларын бекітеді;
Тармақша 110
110) кешенді спорттық іс-шараларға қатысатын спортшылар санының Қазақстан Республикасы cпорттық делегациясының өзге де мүшелерінің сандық құрамына оңтайлы арақатынасын айқындау жөніндегі нормативтерді бекітеді;
Тармақша 110-1
110-1) спорт аттарын тіркеу, есептен шығару және пайдалану қағидаларын бекітеді;
Тармақша 110-2
110-2) спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын республикалық спорт объектілерін, дене шынықтыру-спорт ұйымдарын салуды және реконструкциялауды ұйымдастырады;
Тармақша 110-3
110-3) дене шынықтыру және спорт саласындағы нысаналы индикаторлардың тізбесін бекітеді;
Тармақша 110-4
110-4) дене шынықтыру және спорт саласындағы нысаналы индикаторлардың көрсеткіштерін жыл сайын жергілікті атқарушы органдардың назарына жеткізеді;
Тармақша 110-5
110-5) аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларына спорт түрлері бойынша спортшылардың әрбір жас тобы үшін оқу-жаттығу процесінің әдістемелік құралдарын келіседі;
Тармақша 110-6
110-6) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командалары немесе ведомстволық бағынысты ұйымдар жанындағы кешенді ғылыми топтардың, уақытша ғылыми ұжымдардың қызметін үйлестіреді.
Тармақша 110-9
110-9) мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 110-10
110-10) мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 110-11
110-11) мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 110-12
110-12) дене шынықтыру мен спорттың цифрлық платформасын қалыптастыру мен жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
Тармақша 117
117) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақша 117
«117) турагенттік қызметтің, гид, экскурсия жүргізуші және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтердің нысандарын бекітеді;
Тармақша 111
111) туристерді орналастыру орындарын жіктеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 112
112) туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 113
113) туристік қызмет көрсетуге үлгілік шартты бекітеді;
Тармақша 114
114) туризм саласындағы мамандарды кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды айқындайды;
Тармақша 115
115) туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
Тармақша 116
116) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жергілікті өкілді органдар бекітетін туристерді тасымалдау жөніндегі туристік қызметтер көрсету қағидаларын қоспағанда, туристік қызметтер көрсету қағидаларын бекітеді;
Тармақша 117
117) турагенттік қызметтің, Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид, экскурсовод және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтердің нысандарын бекітеді;
Тармақша 118
118) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 119
119) басым туристік аумақтарды қалыптастыру, олардың жұмыс істеу және оларды басқару қағидаларын бекітеді;
Тармақша 120
Тармақша 121
121) Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билет құнын субсидиялау қағидаларын, сондай-ақ туристік өнімге қойылатын талаптарды бекітеді;
Тармақша 122
Тармақша 123
123) әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығынын субсидиялаудың қағидалары мен мөлшерін, субсидиялауға қойылатын талаптарды бекітеді;
Тармақша 124
124) танытым орталықтары мен туристерді орналастыру орындарын салу және реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығынының бір бөлігін өтеудің қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ оларға қойылатын талаптарды бекітеді;
Тармақша 125
125) кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника сатып алуға жұмсалған шығынының бір бөлігін өтеудің қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника сатып алуға жұмсалатын шығынының бір бөлігі өтелуге тиіс осындай жабдықтар мен техникалар тізбесін бекітеді;
Тармақша 126
126) кәсіпкерлік субъектілерінің туристік ресурстардағы және оларға апаратын жолдардағы санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға жұмсалған шығынының бір бөлігін субсидиялаудың қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға жұмсалатын шығын субсидиялануға тиіс осындай тораптарға қойылатын талаптарды бекітеді;
Тармақша 127
127) кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салуға жұмсалған шығынының бір бөлігін өтеудің қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ осындай объектілердің тізбесін және оларға қойылатын талаптарды бекітеді;
Тармақша 128
128) туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сыйымдылығы сегiзден астам отыратын орын болатын автомобиль көлік құралдарын сатып алуға жұмсалған шығынының бір бөлігін өтеудің қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ көлік құралдарын сатып алуға жұмсалатын шығынының бір бөлігі өтелуге тиіс осындай көлік құралдарына қойылатын талаптарды бекітеді;
Тармақша 129
129) салалық, субъектілік және объектілік қағидаттар бойынша Қазақстан Республикасындағы туризм бағыттарының сыныптауышын қалыптастырады және бекітеді;
Тармақша 130
130) ұлттық туристік брендтер тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 131
131) туристік салаға инвестициялар тарту жөніндегі бірыңғай саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
Тармақша 132
132) туристік қызмет саласындағы салааралық және өңіраралық үйлестіруді, туристік қызметті жүзеге асыратын отандық, шетелдік және халықаралық туристік, қоғамдық және басқа да ұйымдармен және адамдармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады;
Тармақша 133
Тармақша 134
134) туристік қызмет саласындағы халықаралық шарттарды әзірлейді, жасайды және орындайды, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және халықаралық іс-шараларда мемлекеттің туризм саласындағы мүдделерін білдіреді, олардың жұмысына қатысады;
Тармақша 135
135) стандарттау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, туристік қызмет аясындағы стандарттау саласындағы қызметті реттейді;
Тармақша 136
136) Қазақстан және оның туристік мүмкіндіктері туралы ақпаратты халықаралық туристік нарықта және мемлекет ішінде, оның ішінде туристік қызмет саласындағы республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер өткізу арқылы таратады;
Тармақша 137
137) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес турагенттік қызметтің, гид, экскурсия жүргізуші және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама берген адамдардың мемлекеттік электрондық тізілімдерін жүргізеді;
Тармақша 138
138) туризм инфрақұрылымын салу және жетілдіру жөніндегі қызметті үйлестіреді;
Тармақша 139
139) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарына күтіп-ұсталуы кезіндегі шығындардың бір бөлігі өтелетін санитариялық-гигиеналық тораптар тізбесін келіседі;
Тармақша 140
140) туристік саланы дамыту бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады;
Тармақша 141
Тармақша 142
Тармақша 143
143) туристік қызметті жүзеге асыратын адамдарды және туристердi уақытша болатын елдегi (жердегi) ықтимал қауiп туралы хабардар етедi;
Тармақша 144
144) мүдделi министрлiктермен және басқа да атқарушы органдармен бiрлесiп, туристердiң қорғалуы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
Тармақша 145
145) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі субъектілерінің міндеттемелерді орындауын қамтамасыз етеді;
Тармақша 146
146) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындауға арналған конкурсты өткізу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 147
147) өткізілген конкурс негізінде Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындайды;
Тармақша 148
148) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын, шығу туризмі саласындағы қызметті жүзеге асыратын туроператорлар мен туроператорлар-әуе кемесімен жалданушылар үшін банктік кепілдікпен қамтамасыз етуге жататын ақша сомасын, Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісі үшін арнайы ашылған банктік шотқа аударылуға тиіс ақша сомасын бекітеді;
Тармақша 149
149) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі үшін арнайы ашылған банктік шотқа аударылуға тиісті ақша сомасынан ұсталатын комиссиялық алым мөлшерін бекітеді;
Тармақша 150
150) шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 151
151) туризм жөнiнде кеңес құрады;
Тармақша 152
152) туристік қызмет саласындағы мемлекеттік ғылыми қамтамасыз ету жүйесін құрады;
Тармақша 152-1
152-1) гидтердің, экскурсия жүргізушілердің және туризм нұсқаушыларының қызметі қағидаларын бекітеді;
Тармақша 152-2
152-2) туристік ақпарат орталықтары қызметінің тәртібі мен шарттарын бекітеді;
Тармақша 152-3
152-3) танытым орталығы қызметінің тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ оның қызметіне қойылатын талаптарды бекітеді;
Тармақша 153
Тармақша 154
154) ойын бизнесін ұйымдастырушының «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 155
155) ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысанын, ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 156
156) ақпаратты жүйелі түрде жинауды және интернет-ресурстардың мазмұнын интернет-казино, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар белгілерінің болуы-болмауы тұрғысынан талдауды жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 157
157) Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жоспардан тыс тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, сондай-ақ бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады;
Тармақша 158
Тармақша 159
159) ойын бизнесін ұйымдастырушылардың Қазақстан Республикасының ойын бизнесі, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 160
160) Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
Тармақша 161
161) лицензиардың электрондық тізілімін жүргізеді;
Тармақша 162
162) тотализаторлар мен букмекерлік кеңселер кассаларының тізілімін жүргізеді;
Тармақша 162-1
162-1) қызметі Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болып табылатын шетелдік ойын бизнесін ұйымдастырушылардың тізбесін жүргізеді және оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады;
Тармақша 162-2
162-2) бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуі және бірыңғай есепке алу жүйесінде қамтылған ақпаратты өзге тұлғаларға беру қағидаларын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 162-3
162-3) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаны айқындау қағидаларын және оған қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 162-4
Тармақша 162-5
162-5) бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғамен ынтымақтастық мерзімін, оны ұзарту немесе тоқтату шарттарын айқындайды;
Тармақша 162-6
162-6) бекітілген қағидаларға және біліктілік талаптарына сәйкес бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаны айқындайды;
Тармақша 162-7
162-7) құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудың қауіп-қатерлері мен зияны туралы ескертудің мәтінін, эскиздерін бекітеді;
Тармақша 162-8
162-8) ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің үлгілік қағидаларын бекітеді;
Тармақша 162-9
162-9) құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдардың тізіміне енгізу туралы өтініш беру, сондай-ақ құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдардың тізімін жүргізу тәртібін айқындайды; 16-10) бірыңғай есепке алу жүйесіне, бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаға, сондай-ақ ол төлем ұйымының қызметтерін көрсету үшін тартатын заңды тұлғаға құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалардың тізіміне үздіксіз қол жеткізуді қамтамасыз етеді; 162-11) жергілікті атқарушы органдарына казиноны, ойын автоматтары залдарын, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларын) орналастыруға арналған аумақтардың шекараларын өзгертуге келісім береді;
Тармақша 163
163) лотереялар өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 163-1
163-1) лотерея операторын айқындау қағидаларын бекітеді;
Тармақша 163-2
163-2) лотереяны өткізу, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу шарттарын келіседі не оларды келісуден бас тартады;
Тармақша 164
164) лотерея операторын және оған лотерея өткізу құқығын беру мерзімін айқындайды;
Тармақша 165
165) Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 166
166) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 167
167) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөнінде кеңес құрады;
Тармақша 168
168) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы жөнінде ақпарат береді;
Тармақша 169
169) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын тақырыптарын және іске асырылуы жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды өзінің интернет-ресурсында орналастырады;
Тармақша 170
170) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік қолдау көрсетеді;
Тармақша 171
171) өз құзыреті шегінде үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор арқылы мемлекеттік гранттар береді және оператордың мемлекеттік гранттардың іске асырылу нәтижелері туралы есебін қарайды;
Тармақша 172
172) мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес азаматтық қоғам өкілдерін тарта отырып, мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 173
173) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің ұсынымдары негізінде бағыттары мен қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік гранттарды қалыптастырады;
Тармақша 174
174) стратегиялық әріптестерді конкурстық іріктеуді жүргізеді және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес олармен шарттар жасасады;
Тармақша 175
175) стратегиялық әріптестердің жасалған шарттарға және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес міндеттемелерді орындауын бағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 176
176) жыл сайын 1 желтоқсанға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың нәтижелері туралы ақпарат ұсынады;
Тармақша 177
177) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша ортақ пайдаланылатын мүлікті пайдалану қағидаларын бекітеді;
Тармақша 178
178) арнайы құқық субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілейді;
Тармақша 179
179) жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға және спорт төрешілеріне арналған кәсіптік стандарттарды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 180
180) кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 181
181) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектілендіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдайды және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жібереді;
Тармақша 182
182) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастырады;
Тармақша 183
183) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 184
184) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 184-1
184-1) реттелетін қызмет салаларындағы ұйымдардың еңбек жөніндегі үлгілік нормалары мен нормативтерін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен онымен келісу бойынша бекітеді;
Тармақша 184-2
184-2) реттелетін қызмет салаларындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекітеді;
Тармақша 184-3
184-3) реттелетін қызмет салаларындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 185
185) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға атау беру, оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және оларға жеке адамдардың есімдерін беру туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 185-1
185-1) адам саудасының алдын алу жөніндегі шараларды қабылдайды;
Тармақша 185-2
185-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы қауіп-қатерлерді бағалауға және оларды барынша азайту бойынша ұсыныстар енгізуге қатысады;
Тармақша 185-3
185-3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен адам саудасы құрбандарына көмек көрсету және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін оларды қайта бағыттауға қатысады;
Тармақша 185-4
185-4) ішкі істер органдарын өздеріне белгілі болған дайындалып жатқан не жасалған адам саудасына байланысты қылмыс фактілері туралы хабардар етеді;
Тармақша 185-5
185-5) жұртшылықты адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы қызметтің нәтижелері туралы хабардар етеді;
Тармақша 185-6
185-6) өз құзыреті шегінде басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп адам саудасының алдын алу жөніндегі іс-шараларға қатысады;
Тармақша 185-7
185-7) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкiлеттi органға жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру көлемдерi жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
Тармақша 185-8
185-8) реттелетін қызмет салаларындағы ұйымдардың жұмылдыру дайындығын жоспарлайды, ұйымдастырады және оған басшылық етеді, Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру қағидаларында белгіленген тәртіппен жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдардың жұмылдыру әзірлігін бағалауды жүргізеді;
Тармақша 185-9
185-9) ұйымдармен жұмылдыру тапсырыстарын орындауға арналған шарттар жасасады, жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдар банкрот болған, қайта ұйымдастырылған, таратылған, олардың жұмыс бейіні өзгертілген кезде белгіленген жұмылдыру тапсырыстарын алып тастау және басқаға беру туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 185-10
185-10) әскери міндеттілерді бекітіп қою бойынша жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді;
Тармақша 185-11
185-11) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласында Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi;
Тармақша 185-12
185-12) жұмылдыру жоспарларын әзірлейді, жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді;
Тармақша 185-13
185-13) Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып, жұмылдыру жоспарларын орындауға дайындық жөнiндегi шараларды жүргiзедi;
Тармақша 185-14
185-14) жұмылдыру тапсырыстарын белгілеу үшін ұйымдардың өндірістік, қаржылық, қоймалық мүмкіндіктері туралы ақпаратты жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға береді;
Тармақша 185-15
185-15) Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып, ұйымдарды соғыс жағдайы режимiне көшiру жөнiндегi шаралар кешенiн жүргiзудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
Тармақша 185-16
185-16) реттелетін қызмет салаларындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 185-17
185-17) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың мүдделеріне сай міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы экономикасының іркіліссіз жұмыс істеуін және халқының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін реттелетін қызмет салаларындағы арнайы құралымдарды ұйымдастырады және олардың қызметін қамтамасыз етеді;
Тармақша 185-18
185-18) көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысады және шаралар қабылдайды;
Тармақша 185-19
185-19) құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтайды және өз құзыреті шегінде оларды жою жөнінде шаралар қабылдайды;
Тармақша 185-20
185-20) өзге де мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, құқық қорғау органдарында есепте тұрған жастарды қоса алғанда, құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тарту жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
Тармақша 185-21
185-21) 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 12.06.2026 № 495 қаулысымен;
Тармақша 185-22
185-22) 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 12.06.2026 № 495 қаулысымен;
Тармақша 185-23
185-23) 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 12.06.2026 № 495 қаулысымен;
Тармақша 185-24
185-24) 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 12.06.2026 № 495 қаулысымен;
Тармақша 185-25
185-25) 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 12.06.2026 № 495 қаулысымен;
Тармақша 185-26
185-26) 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 12.06.2026 № 495 қаулысымен;
Тармақша 185-27
185-27) 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 12.06.2026 № 495 қаулысымен;
Тармақша 185-28
185-28) 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 12.06.2026 № 495 қаулысымен;
Тармақша 185-29
185-29) 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 12.06.2026 № 495 қаулысымен;
Тармақша 185-30
185-30) 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 12.06.2026 № 495 қаулысымен;
Тармақша 185-31
185-31) 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 12.06.2026 № 495 қаулысымен;
Тармақша 185-32
185-32) 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 12.06.2026 № 495 қаулысымен;
Тармақша 185-33
185-33) нормативтерді, нормативтік техникалық құжаттар мен қағидаларды әзірлейді, бекітеді және (немесе) келіседі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік салалық есепке алуды жүргізеді және осы деректерді азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынады;
Тармақша 185-34
185-34) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 185-35
185-35) ведомстволық бағынысты ұйымдарда азаматтық қорғаныс мүлкінің запастарын құрады және олардың сақталуын, жаңартылуын және оларды қолдануға әзірлікте ұстап тұруын ішкі бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 186
186) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Министрліктің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Министрліктің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Министрлікке басшылық жасауды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Министрліктің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
Тармақ 18
18. Министрліктің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымдарға тағайындалатын және лауазымдарынан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Министрліктің бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Министрлік қызметіне басшылық жасауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) заңнамаға сәйкес еңбек қатынастары мәселелері өз құзыретіне жатқызылған Министрлік қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
Тармақша 3
3) бұйрықтарға қол қояды;
Тармақша 4
4) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;
Тармақша 5
5) Министрліктің құрылымын және оның құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етеді. Министрліктің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Бірінші басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.
Тармақ 21
21. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын аппарат басшысы басқарады.
Тарау 4. 4-тарау. Министрліктің мүлкі
4-тарау. Министрліктің мүлкі
Тармақ 22
22. Министрліктің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Министрліктің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірісті қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады.
Тармақ 23
23. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 24
24. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Министрлік өзіне бекітілген мүлікті және өзіне қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсілмен оған билік етуге құқылы емес.
Тарау 5. 5-тарау. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 25. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
25. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Республикалық спорт колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 2
2. «Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 3
3. «Спортты дамыту дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 4
4. «Спортшылардың допингке қарсы зертханасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 5
5. «Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 6
6. «Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 7
7. «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 8
8. «Алматы» Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 9
9. «Астана» олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 10
10. «Алатау» қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 11
11. «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 12
12. «Допингке қарсы ұлттық орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 13
13. «Олимп» спорттық-сауықтыру орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 14
14. «Қазспортинвест» акционерлік қоғамы.
Тармақ 15. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі
15. «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі
Тармақ 1
1. «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 2
2. «Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
Тармақ 4. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
4. «Алматы қаласының «Шаңырақ» шағын ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
Тармақ 2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
2. «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі «Құмар ойындар мониторингі және талдау орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. _______________________________
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалатын республикалық заңды тұлғалардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы « » № қаулысына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалатын республикалық заңды тұлғалардың тізбесі
Тармақ 1
1. Республикалық мемлекеттік мекемелер
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 3
Тармақша 4
4) «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Алматы қаласының «Шаңырақ» шағын ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 2
2. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Республикалық спорт колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
Тармақша 3
3) «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
Тармақша 4
4) «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортшылардың допингке қарсы зертханасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
Тармақша 5
5) «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
Тармақша 6
6) «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
Тармақша 7
7) «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
Тармақша 8
8) «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Алматы» Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
Тармақша 9
9) «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Астана» олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
Тармақша 10
10) «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Алатау» қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
Тармақша 11
11) «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
Тармақша 12
12) «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Допингке қарсы ұлттық орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
Тармақша 13
13) «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Олимп» спорттық-сауықтыру орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалы мемлекеттік кәсіпорны;
Тармақша 14
14) «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. _______________________________
Басқа 2. Акциялардың мемлекеттік пакеттерін иелік ету және пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетіне берілетін заңды тұлғалардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы « » № қаулысына 2-қосымша Акциялардың мемлекеттік пакеттерін иелік ету және пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетіне берілетін заңды тұлғалардың тізбесі Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне
Тармақ 1
1. «Қазспортинвест» акционерлік қоғамы. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетіне
Тармақ 1
1. «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
Тармақ 2
2. «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы. _____________________________
Басқа 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы « » № қаулысына 3-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысы.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Достық үйі – Этносаралық қатынастар орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесін тарату және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1081 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.
Тармақ 3
3. «Astana Ballet» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 1112 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістердің 4-тармағы.
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1439 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1440 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы.
Тармақ 6
6. «Қазақ ұлттық хореография академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 126 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулардың 4-тармағы.
Тармақ 7
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 9 маусымдағы № 425 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы.
Тармақ 8
8. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің республикалық мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 585 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.
Тармақ 9
9. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Республикалық кітап мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1117 қаулысының 5-тармағының 2) тармақшасы.
Тармақ 10
10. «Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 27 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістердің 2-тармағы.
Тармақ 11
11. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 тамыздағы № 455 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы.
Тармақ 12
12. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Астана» ұлттық сурет галереясы» республикалық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 10 қарашадағы № 690 қаулысының 4-тармағының 2) тармақшасы.
Тармақ 13
13. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 805 қаулысы.
Тармақ 14
14. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 ақпандағы № 85 қаулысының 2-тармағы.
Тармақ 15
15. «Қазақстан халқының рухани даму қоры» акционерлік қоғамын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жылғы 24 ақпандағы № 90 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістердің 3-тармағы.
Тармақ 16
16. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір республикалық мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 321 қаулысының 4-тармағының 2) тармақшасы.
Тармақ 17
17. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 8 маусымдағы № 350 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 23-тармағы.
Тармақ 18
18. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 532 қаулысы.
Тармақ 19
19. «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 644 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулардың 4-тармағы.
Тармақ 20
20. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Бейбітшілік және келісім музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 наурыздағы № 150 қаулысының 5-тармағы.
Тармақ 21
21. «Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Атырау облысы мұражай қорығы «Хан Ордалы – Сарайшық» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын коммуналдық меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 сәуірдегі № 162 қаулысының 6-тармағы.
Тармақ 22
22. «Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 шілдедегі № 444 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.
Тармақ 23
23. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қазандағы № 640 қаулысы.
Тармақ 24
24. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 26 қазандағы № 690 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы.
Тармақ 25
25. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 925 қаулысы.
Тармақ 26
26. «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 113 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулардың 3-тармағы.
Тармақ 27
27. «Кейбір республикалық мемлекеттік мекемелерді, республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 131 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 10-тармағы.
Тармақ 28
28. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 228 қаулысы.
Тармақ 29
29. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 маусымдағы № 396 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы.
Тармақ 30
30. «Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 415 қаулысының 4-тармағы.
Тармақ 31
31. «Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 555 қаулысының 3-тармағының 2) тармақшасы.
Тармақ 32
32. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Бейбітшілік және келісім музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 994 қаулысының 4-тармағының 1) тармақшасы.
Тармақ 33
33. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 355 қаулысы.
Тармақ 34
34. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан мәдениетінің ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 403 қаулысының 5-тармағы.
Тармақ 35
35. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 қазандағы № 717 қаулысы.
Тармақ 36
36. «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын коммуналдық меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 810 қаулысының 6-тармағы.
Тармақ 37
37. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 39 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы.
Тармақ 38
38. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 11 ақпандағы № 56 қаулысы.
Тармақ 39
39. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 145 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 20-тармағы.
Тармақ 40
40. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 195 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы.
Тармақ 41
41. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақ ұлттық хореография академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 сәуірдегі № 227 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 4-тармағы.
Тармақ 42
42. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 279 қаулысының 4-тармағы.
Тармақ 43
43. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 280 қаулысы.
Тармақ 44
44. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2021 жылғы 14 тамыздағы № 559 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы.
Тармақ 45
45. «Республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Республикалық ономастика комиссиясы туралы» 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 368 және «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері» туралы 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қыркүйектегі № 624 қаулысының 4-тармағының 2) тармақшасы.
Тармақ 46
46. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 тамыздағы № 593 қаулысы.
Тармақ 47
47. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына толықтыру енгізу және «Спорттағы ұлттық команда туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1994 жылғы 2 наурыздағы № 85-ө өкімінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 723 қаулысы.
Тармақ 48
48. «Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 қазандағы № 820 қаулысының 4-тармағы.
Тармақ 49
49. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 қазандағы № 834 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы.
Тармақ 50
50. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 975 қаулысы.
Тармақ 51
51. «Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 1065 қаулысының 5-тармағы.
Тармақ 52
52. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 219 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы.
Тармақ 53
53. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 224 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.
Тармақ 54
54. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 307 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы.
Тармақ 55
55. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері» туралы 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 және «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы» 2023 жылғы 16 наурыздағы № 224 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 7 тамыздағы № 651 қаулысының 1-тармағы.
Тармақ 56
56. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 762 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы.
Тармақ 57
57. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 764 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы. _________________________________