Об утверждении Положения о комитете по работе с молодежью Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.01.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жастармен жұмыс жөніндегі комитет туралы Ережесін бекіту жөнінде «Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 28 тамыздағы № 73 Өкімін, «Аудандар әкімі жанындағы жастармен жұмыс жөніндегі комитет туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2003 жылғы 24 қарашадағы № 209 Қаулысын жүзеге асыру мақсатымен аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
Жастармен жұмыс жөніндегі комитет туралы қоса берілген Ереже бекітілсін.
Басқа 2. Жастармен жұмыс жөніндегі комитет туралы ЕРЕЖЕ
«Жастармен жұмыс жөніндегі комитет туралы Ережесін бекіту жөнінде» 2004 жылғы 21 қаңтардағы № 23 Қаулысымен БЕКІТІЛГЕН Жастармен жұмыс жөніндегі комитет туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Комитеттің мақсаты мемлекеттік жастар саясатын қамтамасыз ету, өмірдің түрлі саласындағы жастар басшылығын жүзеге асыру, жастар кәсіпкерлігін әлеуметтік қорғауға, жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, жастардың қоғамдық және өндірістік белсенділігін дамыту үшін құрылады.
Тармақ 1.2
1.2. Комитет өзінің қоғамдық бастамаларында қызметін іске асыратын, консультативті - кеңесші және жұмысшы орган болып табылады.
Тармақ 1.3
1.3. Комитет өз қызметін: Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасына, мемлекеттік жастар саясаты ортасында нормативтік актілерге сәйкес, облыс әкімі шешімдерін, жастармен жұмыс жөніндегі облыстық және аудандық комитеттің, сонымен қатар осы Ережені басшылыққа алады; комитет секторының жетекшілері өз жұмысына демократиялық, жариялылық көзқарастарымен жауапты; мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен тығыз байланысты жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Комитеттің функциясы
2. Комитеттің функциясы
Тармақ 2.1
2.1. «Жастар» кешенді бағдарламасы жұмысының орындалуын үйлестіруші болады.
Тармақ 2.2
2.2. Аудандағы «Жастар» кешенді бағдарлама шаралары бөлігінің атқарушысы болып табылады.
Тармақ 2.3
2.3. Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес өз қызметтерін жүзеге асыратын барлық балалар және жастар ұйымдары мен ынтымақтық қатынаста болады және балалар мен жастарға қатысты мәселелерді шешуге қатысады.
Тармақ 2.4
2.4. Кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі мемлекеттік органдармен қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жұмыс жүргізеді.
Тармақ 2.5
2.5. Жастарды жұмыспен қамтуды, жастардың мамандықтар алуларын қамтамасыз етуге жәрдемдеседі.
Тармақ 2.6
2.6. Өздігімен және мәдениет, білім және де басқа ұйымдармен бірлесіп, сондай-ақ дербес түрде жастардың мәдени, өндірістік, білім беру, шығармашылық орталықтарын, шеберханалар ұйымдастырады. Аудан жастары үшін фестивальдар, сайыстар, байқаулар, көрмелер және басқа да бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырады.
Тармақ 2.7
2.7. Ауданның әлеуметтік -экономикалық даму жоспарында жастар тарауын әзірлеуге қатысады.
Тарау 3. 3. Комитеттің өкілеттілігі
3. Комитеттің өкілеттілігі
Тармақ 3.1
3.1. Комитет жастар саясатының мәселелері жөніндегі әкімдіктің қаулыларының және аудан әкімі шешімдерінің орындалуына жәрдем сайды.
Тармақ 3.2
3.2. Жүктелген функцияларын орындау үшін Комитет мыналарға құқылы: өздерінің жұмыс жоспарын бекітуге; жастар ұйымдарының дамуына жәрдемдесуге; жастармен жұмыстың басымдылық бағыттарын әзірлеуге және қалыптастыруға;
Тарау 4. 4. Комитет құрылымы және қызметін ұйымдастыру
4. Комитет құрылымы және қызметін ұйымдастыру
Тармақ 19
Комитеттің құрылымына комитет төрағасы және аудан әкімімен келісе отырып комитет торағасымен таңдалып алынатын алты сектор жетекшілері енеді. Комитет секторының жетекшісі 20 жастан кіші емес, Республика азаматы болып табылатын, жастар саясаты саласында өзін-өзі корсете білген тұлға болып табылады. Комитет жұмысы айына 1 реттен кем емес, мәжіліс түрінде өткізіледі. Комитетпен мәжілістерде қабылданған ұсынымдар, оның барысында аудан әкімімен берілген тапсырмалар, аудан әкімімен бекітілген хаттамамен (хаттамалық тапсырмалармен) рәсімделеді. Комитет өткізетін шараларды қаржыландыру көзі тартылғандар мен демеушілік қаражаттары болып табылады.
Тармақ 4.1
4.1. Комитет төрағасы Аудан әкімінің жастармен жұмыс жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Комитет төрағасы болып табылады. Штаттан тыс кеңесші аудан әкімі мен жастар ұйымдары, қозғалыстары, бірлестіктері, мемлекеттік өкімет органдары арасында ұдайы байланысты қамтамасыз ететін, жастар мәселесін шешуге бейімделген, уәкілді тұлға болып табылады. Әкімнің штаттан тыс қойылған Жастармен жұмыс жөніндегі кеңесшісі лауазымына тағайындау және босату аудан әкімінің әкімі бойынша жүзеге асырылады. Комитет төрағасының құқығы және міңдеттері: Бекітілген заңдылықтардың тәртібінде, өз құзырының шегінде мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты сұрау және алу. Жастардың жұмысы жөніндегі мәселелер қаралатын әкімдіктің, аппараттың отырыстарына және басқа да кеңестерге қатысу. Ауданда жастар саясатының аймақтық бағдарламасын орындау жөнінде ұсыныстар жасау. Комитет жалпы басшылықты жүзеге асырады. Оған жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапкершілік ұстайды. Комитет секторы жетекшілері арасындағы міндеттерін бөледі. Комитеттің жұмыс жоспарын әзірлеп, оның орындалуын бақылайды. Мемлекеттік жастар саясаты мәселесі жоніндегі семинарлар, мәжілістерді өткізуді ұйымдастырады. Комитеттің жұмыс мәнері мен әдістерін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайды. Аудан әкімін, оның орынбасарын, аудан әкімі аппаратының жастармен жұмыс жөніндегі жетекшісін ақпараттандырады. Барлық жастар бірлестігі, қозғалысы, аудан ұйымдары, олардың жетекшілері мен белсенділері арасында байланыс жасап, олардың деректері жайлы банк қалыптастырады. Жастардың әр түрлі дәрежелі жұмыстары бойынша, бос уақытты ұйымдастыру, жұмыспен қамту ұсыныстарын дайындайды және жастардың басқа да проблемаларын шешеді.
Тармақ 4.2
4.2. Бос уақытты мәдениетті өткізу мәселесінің қызметі бойынша сектор Аудан жастарының бос уақытын мәдени ұйымдастыру кызметімен айналысады. Аудандық көңілді тапқырлар клубы жарысын өткізуге жәрдем көрсетеді. Бос уақытты ұйымдастырудың жаңа нысандарын ендіреді. Ауданның жетекші кәсіптік ұжымдарын қолдауын қамтиды, ұлттық салт-дәстүрлерді зерттейді және насихаттайды. Ұлттық жастар өнерпаздық ұжымын құруға жағдай жасайды. Концерттік қызметтерді ұйымдастыруға комектеседі, театрлар, жастар ұжымы қатарынан көркем өнерпаздар гастрольдерін откізуге жәрдемдеседі.
Тармақ 4.3
4.3. Жастарды отан сүйгіштікке тәрбиелеу мәселелері бойынша сектор Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттайды. Аудан халқын отан сүйгіштікке тәрбиелеу жүйесін дамытуға жәрдемдеседі. Әр түрлі дін тұтынушылар мен ұлттардың, бірлігі мен достығын нығайтып, оны қолдайды. Жамбыл ауданының тарихи құндылықтары негізінде, аудан азаматтарының отан сүйгіштік сезімін және санасын қалыптастыа отырып, өз ауданын, қаласын, облысын және жалпы өз елін мақтанышқа тұту сезімін сақтап, әрі дамытады. Аудан халқына салауатты өмір салтын өндіруді ұйымдастырады. Аймақтық отан сүйгіштік бағдарламасын жүзеге асырады.
Тармақ 4.4
4.4. Студент, оқушы жастармен және қоғамдық жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі сектор Аудан оқу мекемелерінде мектептік жастар ұйымдарының жұмыстарын үйлестіреді.
Тармақ 4.5
4.5. Аудан жастары арасында еңбекке орналастыру және кәсіптік даіиыту іиәселелрі бойынша сектор Жастардың еңбек отрядын ұйымдастырады. Жастарды тарта отырып, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелерін жүзеге асыруға жәрдемдеседі. Аудан жастарын жұмысқа орналастыру жағдайын талдайды, осы мәселе бойынша мемлекеттік шаралар мен шешімдердің тиімділігіне болжам жасайды және бағалайды. Кәсіби шеберлік жарысын өткізуге жәрдемдеседі.
Тармақ 4.6
4.6. Әлеуметтік мәселелер бойынша сектор Аудан халықтары үшін әлеуметтік қызмет жасауды және жастарға арналған облыстық бейімдеу орталығымен ынтымақтылығына жәрдемдеседі.
Тармақ 4.7
4.7. Заңгерлік мәселелері бойынша сектор Комитетте іс жүргізу мемлекеттік және орыс тілінде жүргізіледі. Аудандық «Ауыл арайы-Сельская новь» газетін ақпараттандырады. Жастардың экономикалық, әлеуметтік, саясаттық және мәдени өмірінің шынайы ережелерінің мәселелері бойынша ақпараттық негізін қалыптастыруға жағдай жасайды. Аудан жастарына заңгерлік көмек көрсетеді.