Об утверждении Положения о Координационно-Методическом Совете по правовой работе и юридическому всеобучу Күшін жойған
Басқа 0
Құқықтық жұмыс және жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі Әдістемелік - Үйлестіру Кеңесі туралы Ережені бекіту жөнінде
«Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 маусымдағы № 2347 Қаулысына және Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі № 949 Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
Құқықтық жұмыс және жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі Әдістемелік - Үйлестіру Кеңесі туралы коса берілген Ереже бекітілсін.
Басқа 2. Құқықтық жұмыс және жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі Әдістемелік - Үйлестіру Кеңесі туралы Ереже
«Құқықтық жұмыс және жалпыға бірдей
құқықтық оқу жөніндегі Әдістемелік -
Үйлестіру Кеңесі туралы Ережені бекіту жөнінде» аудан әкімдігінің
2004 жылғы 21 қаңтардағы
№ 24 қаулысымен
Бекітілді
Құқықтық жұмыс және жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі Әдістемелік - Үйлестіру Кеңесі туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 4
Бұл ереже құқықтық жұмыс және жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі Әдістемелік - Үйлестіру Кеңесі қызметінің міндеттерін, құзырын және ережесін бекітеді.
Тармақ 1
1. Құқықтық жұмыс және жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі Әдістемелік - Үйлестіру Кеңесі (әрі қарай Кеңес) мемлекеттік органдардың құқықтық оқуды насихаттау және тұрғындарды құқықты тәрбиелеу жөніндегі жұмыстарына әдістемелік жетекшілік жасау және жұмыстарын үйлестіру бойынша ұсыныстарды өңдеу, ұсыну мақсатында консультативті - кеңес беруші орган болып табылады.
Тарау 2. 2. Негізгі міндеттері мен қызметтері
2. Негізгі міндеттері мен қызметтері
Тармақ 2
2. Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға жету үшін Кеңеске төмендегі міндеттер жүктеледі:
құқықты насихаттауға, азаматтарға жалпыға бірдей құқықтық оқуға заңгерлерді, құқық қорғау және басқа органдардың іскерлі қызметкерлерін қатыстыру жолымен жұмыстың кең көлемде жайылуына келгенше көмектеседі;
құқықты насихаттау, азаматтарды құқықты тәрбиелеу және жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі мемлекеттік органдардың жұмыстарын үйлестіру;
құқықтық тәрбиелеудің және жалпыға бірдей құқықтық оқу берудің кәсіби деңгейін көтеру;
құқықтық насихаттау, құқықтық тәрбиелеу және жалпыға бірдей құқықтық оқу бұқаралық ақпарат құралдары арқылы пайдаланып кең көлемде ұйымдастырылсын;
оқу орындарында құқық негізінен сабақ беруді жақсарту;
құқықты насихаттаушы лекторларға әдістемелік көмек көрсету;
құқықтық тәрбиелеу, құқықты насихаттау және жалпыға бірдей құқықтық оқу бойынша жұмыстың оң тәжірибесі таратылсын.
Тармақ 3
3. Құқықтық жұмыс және жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі Әдістемелік - Үйлестіру Кеңесі өзіне жүктелген міндеттерді орындай отырып мына қызметтерді де атқарады:
мемлекеттік органдардың бірлескен жалпыға бірдей құқықтық оқу жоспарын өңдейді;
құқықтық жұмыстар мен жалпыға бірдей құқықтық оқуды жақсарту бойынша әдістемелік нұсқауларды өңдейді және береді;
құқықтық жұмыстар мен жалпыға бірдей құқықтық оқудың оң тәжірибесін қорытындылайды және таратады.
басылымда құқықты насихаттау жағдайын зерделейді және газет редакциясының келісімі бойынша құқық тақырыбына жариялымдарды өңдейді.
тікелей кеңестің немесе мемлекеттік органдардың тұрғындарды құқықтық тәрбиелеуді жақсартуға бағытталған даярлығын жүзеге асырады (білімді насихаттау айлығы, он күндігі, конкурстар);
құқықтық оқу және құқықтық тәрбиелеуді тарату жөнінде олардың ведомствалары саласында жүргізген шаралары туралы Кеңес мүшелерінің ақпараттарын, басқа да мемлекеттік органдардың құқықтық тәрбиені іске асырушылардың құқық туралы түсіндірме жұмыстары жөніндегі ақпараттарын тыңдайды.
Кеңес міндеттерінен өрбитін құқық тақырыбындағы лекция тезистерін әзірлеуге, оларды лецензиялауға және басқа шараларды жүргізу үшін құқық органдарының қызметшілерін (басқа мемлекеттік органдарының) тартады;
оған жүктелген міндеттерді Кеңес құқықтық білім мектептері арқылы тікелей Кеңес күшімен қажетті шаралар жүргізіп жүзеге асырады.
Тарау 3. 3. Кеңес жұмысын ұйымдастыру
3. Кеңес жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 4
4. Кеңестің отырысы жартысынан кем емес құрамын қатыстыра отырып қажетінше тоқсанына бір рет жүргізеді. Кеңес отырыстарында өз қызметінің негізгі мәселелерін қарайды, мекеме жетекшілерінің құқық жұмысы, жалпыға бірдей құқықтық оқудың жағдайы туралы, заң кеңесшілерінің біліктілігін арттыру жөніндегі хабарламаларын тыңдайды, жұмыс жоспарын бекітеді, Кеңес мүшелерінің арасындағы міндеттерді бөледі, құқық жұмыстарын және құқықтық оқуды жақсарту жөнінде әдістемелік ұсыныстар және нұсқаулар береді.
Тармақ 5
5. Кеңесті басқару ішкі саясат мәселелеріне жетекшілік жасайтын, осы консультативті-кеңес органының төрағасы болып табылатын аудан әкімінің орынбасарына жүктеледі. Кеңес төрағасы уақытша болмаған жағдайда оның міндеттерін Кеңес төрағасының орынбасары орындайды.
Тармақ 6
6. Кеңестін құрамы және дербес құрамы аудан әкімінің ұсынысымен аудандық мәслихатта бекітеді.
Тармақ 7
7. Кеңес төрағасы Кеңестің жұмысын ұйымдастырады және осы Ережемен Кеңестің отырыстарына жетекшілік жасайды, отырыста қаралатын бір топ мәселені анықтайды, Кеңес мүшелеріне және хатшысына тапсырма береді, Кеңес ұсыныстарының тәртіптерін жете даярлап бекітеді және ұсыныстарының жүзеге асуына шаралар қолданады, Кеңеске оның ұсынысы бойынша қабылдаған шешімдері туралы ақпарат жасайды.
Тармақ 8
8. Кеңес хатшысы Әдістемелік - Үйлестіру Кеңесінің мәжілістеріне құжаттарды даярлайды, Кеңес жұмысының жоспарын орындауға бақылау жасайды және Кеңес шешімін жүзеге асырады, отырыс хаттамасын жүргізеді.
Тармақ 9
9. Кеңес мүшелері құқық насихаттарын жетілдіру жөнінде шараларды әзірлейді және сәйкес ұсыныстарды талқылауға және шараларды жүзеге асыруға қатысады.
Тармақ 10
10. Кеңес жұмысы Кеңес отырыстарында бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүргізіледі. Жоспарда, ережедегідей, Кеңес отырыстарында қаралатын сұрақтар туындайды, оны даярлауға жауаптыларды, сонымен қатар әдістемелік және үйлестіру мазмұнындағы шараларды анықтайды.
Тармақ 11
11. Кеңес отырысында хаттама жүргізіледі, онда талқыланған мәселелер жазылады. Хаттамаға төраға және Кеңестің хатшысы қолын қояды.
Тармақ 12
12. Кеңес мүшелерінен және мүдделі ұйымдардың өкілдерінен жұмыс тобын немесе секциясын құрады.
Тармақ 13
13. Кеңес отырыстарына қатысу үшін Кеңес мүшелері емес құқык мамандары және басқа да білім саласының мамандары шақырыла алады.